Басқа үй жануарларымен танысу
Басқа үй жануарларымен танысу
Марғауды ересек мысықпен қалай таныстыруға болады?
Жақсы жаңалық бар: үлкен мысықтар өздері сияқты үлкен мысықтарға қарағанда кішкентай немесе жас марғауларды жылулықпен әрі қуана қабылдайды. Егер үй жануарыңыздың екеуі де ұрықсыздандырылған болса, танысу процесі сіз ойлағаннан да жеңіл өтеді (әрине, ветеринар дәрігердің ерте жастағы урықсыздандыруға қатысты ұсыныстарын ескеру қажет).
Жаңа үй жануарыңызды үйге әкелмес бұрын немесе марғауды үлкен мысықпен таныстырғаннан кейінгі алғашқы күндерде бұрынғы үй жануарыңыз жаңа асырандының иісіне үйренуі үшін жағдай жасаған жөн. Ол үшін олардың жастықтарын және басқа да ұйықтайтын заттарын шамамен бір аптаға ауыстырып тастаңыз. Бұрынғы мысығыңыз аздап ренжіген немесе ашуланған жағдайда, оны жігерлендіруге және тыныштандыруға тырысыңыз, осылайша жаңа иісті ол жағымды сезімдермен, мысалы дәмді азықпен байланыстырады.
Бір үлкен мысықты екіншісімен қалай таныстыруға болады?
Егер үйге өзіңіздің үйдегі үлпілдек досыңыз қатарлы үлкен мысық әкелсеңіз, олардың таныстығын және әрі қарайғы қарым- қатынасын қауіпсіз еті, достастыру үшін төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз:
- Алдымен екі мысықты бір-бірінен алыс ұстаңыз. Жаңа үй жануарыңызға алғашқы бірнеше күн өмір сүре алатын, жылы орын, азық, су және жеке дәретханадан ләззат алатын бөлек бөлме беріңіз.
- Жаңа үй жануары өзінің жеке бөлмесінде тұрып жатқанда, оны бұрынғы мысықтың иісімен таныстыра бастаңыз. Оған жұмсақ, ақырын сөйлеп, еркелете сипалап, қолыңыз бен киіміңізді жақсылап иіскелеуіне мүмкіндік беріңіз. Үйде, ең алдымен үй жануарлары тұратын бөлмелерде құрамында синтетикалық мысық феромондары бар бір-екі құты спрей немесе бүріккіш шашыратыңыз. Бұл үлпілдек достардың тыныштық пен еркіндікті сезінулеріне көмектеседі және оларға басқа мысықтың болуына тезірек үйренуге мүмкіндік береді.
- Үй жануарыңыздың екеуі де бөтен иіске үйреніп, өздерін сенімді әрі жайлы сезінгеннен кейін, бір-бірінің аумағын зерттеуге рұқсат ете аласыз. Бұл жағдайда тәуекелге бармағаныңыз жөн және оларды әлі де бөлек ұстаған абзал болады.
- Екі үй жануарының бір-бірінің аумағында үйренісіп, достасқанына көз жеткізгеннен кейін, оларды тікелей таныстыру процесін бастай аласыз. Мысықтардың біреуін жылжымалы торға немесе себетке салыңыз, ал екіншісінің бірнеше минут иіскелеуіне, жаңа көршіңіздің торы арқылы тексеруге шексіз мүмкіндік беріңіз. Бұл жағдайда торда отырған мысық толығымен қауіпсіз болады және ешқайда қашып құтыла алмайды. Үй жануарларының бір-бірін қуғаны сізге қажет емес қой, солай ма?! Мысықтар бір-біріне үйренбес бұрын, олардың өзара пысылдауынан, үрпиісетін және көз алмай қараған көзқарастарынан «ләззат алуға» әлі уақыт бар екеніне дайын болыңыз. Есіңізде болсын, бұл мысықтың қалыпты реакциясы және болашақта бәрі қалпына келеді, сондықтан алаңдамаңыз және кез келген ойланбаған әрекеттерді жасамаңыз. Алайда, сізге танысу біршама ерте немесе тым кеш болып көрінсе, ал үй жануарының бір-бірімен жанжалдасып, тырнағанын көрсеңіз, оларды біраз уақыт бір-бірінен оқшаулап, біршама уақыттан кейін таныстыруға тырысыңыз.
- Үй жануарларыңыз үйренісіп, бір-біріне дұрыс қарай бастағанша танысу процедурасын кем дегенде бірнеше рет қайталауыңыз керек, әр бөлмеде қайталау керек, торда отырған және еркіндікте жүрген мысықтардың орындарын ауыстыруды ұмытпаңыз.
- Мысықтарды бір-біріне жақындастыруға мәжбүрлемеңіз, керісінше, үй жануарларының әрқайсысы оңашада, тыныштықтан ләззат ала алатын көптеген әртүрлі бөлмелер мен бос орын бөліңіз.
Егер бәрі ойдағыдай болса, көп ұзамай мысықтарыңыз айырылмас достарға айналады, үнемі бірге ойнайды, бір-біріне күтім жасайды, бір-бірінің жүнін тазартады. Сізге қажет бір ғана нәрсе – шыдамдылық, өйткені мұндай өзара түсіністік пен тығыз, сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас орнату үшін уақыт қажет, екі үй жануарыңыз алғаш кездескен күннен-ақ мұндай жағдайдың орын алуы екіталай.
Егер үлпілдек достарыңыз бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда өздерін жайсыз сезінетіндерін ашық түрде көрсетсе, сонымен бірге жағдайдың жақсарғанын байқамасаңыз, оларды бір-бірінен оқшаулап, ветеринар дәрігерден кеңес алған дұрыс, ол өз кезегінде сізге кез келген жағдайда кәсіби және білікті көмек көрсете алатын мысықтардың мінез-құлқын түсінетін маман ұсынады.
Тәжірибе көрсеткендей, екі ересек мысық арасында достық қарым-қатынас орнатуға тырысқанда, олардың қожайындары «екі апта ережесіне» назар аударуы керек: егер осы уақыт өткеннен кейін барлық күш-жігеріңіз бен жоғарыда көрсетілген кеңестерге қарамастан, ісіңіз оңға баспаса, онда мысықтарыңыздың мінездері бір-бірімен үйлеспейді деген сөз. Бұл жағдайда жаңа үй жануары басқа отбасында бақытты болатын шығар деген мәселені қарастырған жөн. Жаңа үй жануарын басқа отбасыға беру туралы шешім қабылдасаңыз, екі мысық үшін де жақсы болар еді, сонда үлпілдек досыңыз өзін расында да, бақытты сезінетін еді және жаңа отбасының әрбір мүшесі оны қуана, сүйіспеншілікпен және жылулықпен қабылдайтын еді.
Мысық пен итті қалай таныстыруға болады
Бірбеткей, тез ашуланатын ықтимал ашушаң мысықты белсенді итпен таныстыру өте қиын болуы мүмкін және екі үй жануарының да жағдайын жақсарту үшін өте мұқият және абай болуыңыз керек. Сондықтан бәрі ойдағыдай және еш қиындықсыз болу үшін төмендегі пайдалы кеңестерді орындаңыз.
Жаңа мысықты немесе марғауды күшікпен таныстыру
Жаңа мысықты немесе марғауды бұрыннан бері өзіңізбен өмір сүріп келе жатқан күшікпен таныстыру кезінде назар аудару керек ең маңызды нәрсе — бұл ең алдымен қауіпсіздік, мәселе екі үй жануарының қауіпсіздігінде. Шамадан тыс белсенді, мазасыз күшік кішкентай марғауға оңай зақым келтіруі мүмкін, ал қорыққан мысық өз кезегінде, өзін ренжіткен жануарды өткір тырнақтарымен қатты тырнап алуы мүмкін. Сондықтан шыдамды болыңыз, үй жануарларының әрқайсысының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеріңіз, сонда жетістікке жетесіз, ал мысық пен күшік арасындағы өзара махаббат пен құрметке негізделген шынайы достық пайда болады.
Жаңа мысықтың немесе марғаудың үлкен итпен танысуы
Итіңіз мысықтар қоғамына баяғыдан бері үйреніп алған, тіпті, үйде жаңа марғаудың болуына назар аудармауы да мүмкін. Алайда тіпті, осындай жағдай орын алса да, үй жануарларын таныстыру процесіне байсалдылықпен қараған жөн.
- Жаңа мысықты итпен таныстыру кезіндегі басты міндетіңіз – екі үй жануарына да өздері өмір сүретін қоғамда өздерін тыныш және жайлы сезінуге көмектесу. Алдымен, үй жануарларыңыздың алғашқы кездесуінде қауіпсіздік үшін мысықты алып жүретін торға немесе себетке салып алыңыз, ал итті жетектеп жүрген жөн.
- Танысу кезінде иттің достасқысы келген іс-әрекетін марапаттауға тырысыңыз. Оқиға желісі қалай өрбісе де, толқып тұрғаныңызды көрсетпеңіз, тіпті, итіңіз тоқтамастан үрсе де, сабыр сақтаңыз.
- Мысықтың итпен танысу процесін түрлі бөлмелерде бірнеше рет қайталаңыз, үй жануарыңыздың екеуі де өздерін қауіпсіз сезінуі керектігін ұмытпаңыз.
- Екі үй жануарының да тыныш әрі жайбарақат сезінетініне сенімді болғаннан кейін, торды ашып, мысықты бостандыққа шығарып, оған толық еркіндік беріңіз, ал итті әлі де байлап ұстаңыз.
- Үй жануарларының бір-бірін жақынырақ қарасуына, бір-бірін зерттеулеріне рұқсат беріңіз. Өзіңіз сабырлы болуға тырысыңыз, өйткені үй жануарлары қожайындарының толқып тұрғанын сезеді. Есіңізде болсын, үй жануарларының тыныш, достық қарым-қатынасын әлі де марапаттай беріңіз. Және танысу рәсімін үйіңіздің мүмкіндігінше көп бөлмесінде көбірек қайталаңыз.
- Бір-бірімен керемет дос болып кеткенше енді танысып жатқан үй жануарларын мұқият бақылауды жалғастырыңыз. Үй жануарларыңыз бір-бірімен қақтығыспайды немесе бір-бірінің артынан қуып кетпейді дегенге сенімді болсаңыз, итті байлаудан жібере аласыз.
- Күтпеген жағдай туындаған кезде мысықтың шегіну жолдары бар екеніне, қажет болған жағдайда қауіпті немесе ыңғайсыздықты сезінгенде ит жете алмайтын жерге көтерілетін жердің бар екеніне көз жеткізіңіз.
- Егер үйіңізде бірнеше ит болса, жаңа мысықты әрқайсысымен жеке таныстырыңыз.
- Итіңіз мысықтың дәретханасына кездейсоқ баратын жолды таба алмайтындығына көз жеткізіңіз, әйтпесе ит азық талғамайтын жануар болғандықтан, оның ішіндегісін жеп қоюы мүмкін. Бұл жағымсыз, бірақ шынайы фактіні ұмытпаңыз!
- Мысықтар мен иттердің бір-бірінен бөлек азықтануын бақылаңыз, тек осындай жағдайда олар тамақтану кезінде өздерін жайлы сезінеді. Бұған үйдің әр бөлмесінде үй жануарларыңыздың тамақтануын ұйымдастыру арқылы немесе мысық үшін тыныш, ит бара алмайтын және бөтен біреулер келіп алады деп қорықпай тамақтана алатын арнайы биік платформаны пайдалану арқылы ыңғайлауға болады.
- Мысықтың қозғалмалы заттармен ойнауға арналған жеке, иттен бөлек кеңістігі бар екеніне көз жеткізіңіз, өйткені бір-бірін қуу, секіру және қудалау үй жануарыңыз үшін өте қызықты және оның толыққанды дамуы үшін маңызды. Есіңізде болсын, мысық қозғалмалы ойыншық екен деп иттің құйрығының артынан жүгірсе, бұның итке ұнамайтыны анық.
Әрине, жаңа мысықты үйіңізде тұрып жатқан итпен таныстыру кезінде ең алдымен ойландыратын маңызды мәселе екі үй жануардың да толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ұмытпаңыз. Алайда үй жануарыңыздың бірі әрдайым шамадан тыс ашуланшақ күйде болып, екіншісіне мінезін көрсетсе, ветеринар дәрігермен сөйлесіп, үй жануарларының мінез-құлқы бойынша білікті маманға жүгіну қажеттілігін талқылауыңыз керек.
Мысықтар мен иттер бір-бірімен тіл табыса алады, тіпті дос бола
алады, бірақ мысық басқа жануарлармен бір аумақта өмір сүре алмайды. Қояндар, теңіз шошқалары, шиншиллалар, алақоржын,құмтышқан және басқа да үлпілдек тіршілік иелері мысықтан мүмкіндігінше алысырақ болуы керек. Мұны естен шығармаңыз!