Иттерге арналған тағамды есептеу
Кормление и пищевые потребности взрослой собаки
Выбор сухого или влажного корма для собаки — это лишь вопрос личных предпочтений: как ваших, так и вашего питомца. Комбинация сухого и влажного кормов хороша для здоровья зубов собаки, а также может быть полезной, если вы решите изменить пищевой рацион вашего четвероногого друга: в этом случае собаке уже будут привычны оба вида корма. Подобно людям, собаки имеют свои собственные пищевые предпочтения, так что, вполне вероятно, вам придется перепробовать несколько видов корма, прежде чем найдете наилучший вариант для своего любимца.
Какой бы вид корма вы ни выбрали, помните: высококачественный продукт, предназначенный для взрослых собак, должен быть сбалансированным и в полной мере удовлетворять ключевым пищевым потребностям вашего питомца.
Если у вашей собаки есть какие-либо проблемы со здоровьем (например, повышенная чувствительность кожи или желудка), непременно посоветуйтесь с ветеринарным, врачом перед тем как выбрать тот или иной вид корма.
Если вы уже нашли корм, который идеально подходит вашей собаке, нет необходимости снова менять его по достижении вашим питомцем зрелого возраста. Смена рациона потребуется позже, когда животному исполнится примерно 6–7 лет, то есть он достигнет преклонного возраста. Узнайте больше о кормлении и пищевых потребностях пожилых собак.
И, конечно же, всегда следите за физическим состоянием и весом вашего питомца, так как резкая потеря или набор массы тела свидетельствуют о настоятельной необходимости кардинального изменения пищевого рациона.
Ересек иттерге арналған теңдестірілген азықтардың үлкен ассортименті бар, олардың қоректік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген. Сондықтан есіңізде болсын: итіңізді азықтандыруда мол таңдау бар
Үй жануарыңыздың рационын анықтаған кезде оның тұқымы, мөлшері, жасы, өмір сүру салты және жалпы денсаулық жағдайы өте маңызды.
- Ұсақ тұқымды иттердің метаболизмі жылдамдығымен ерекшеленеді, нәтижесінде олар энергияны тезірек жұмсайды. Үй жануарыңыздың физикалық жағдайына және оның белсенділік деңгейіне байланысты оған ірі тұқымды иттерге қарағанда екі есе көбірек калория қажет болуы мүмкін. Ұсақ иттерге арналған ең қоректік және теңдестірілген азық құрамында қосымша протеин бар, сонымен қатар төрт аяқты досыңыздың энергияға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін майлармен және көмірсулармен байытылған. Құрғақ азық жастықшалары әдетте, өте кішкентай, бұл ұсақ ит тұқымдарының кішкентай аузы мен асқазанына өте ыңғайлы.
- Ірі иттерде көбінесе, зат алмасу баяу жүрсе де, олардың тәбеті керемет. Ірі тұқымдар үшін арнайы әзірленген құрғақ азықтар, әдетте, үй жануарларын жай жұтып қана қоймай, оларды ұзақ және мұқият шайнауға итермелейтін үлкен жастықшалардан тұрады. Құрамындағы майдың азаюы және протеиндердің анағұрлым жоғары концентрациясы белгілі бір ингредиенттердің буындар мен өмірлік маңызды органдарына теріс әсерін азайта отырып, жануардың салмағын сәтті бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, ірі ит тұқымына арналған азықтың құрамындағы глюкозамин олардың организмінің шеміршек тінін жақсы қалпында ұстайды.
- Егер үй жануарыңыздың қозғалыс белсенділігі өте жоғары болса (мысалы, жұмыс істейтін ит), осындай өмір салтына сәйкес келетін арнайы азықты таңдауыңыз керек. Ол майлардың, ақуыздардың және дәрумендердің жоғарылығымен ерекшеленеді, мысалы, тағамнан энергияны босатуға көмектесетін В12 дәрумені. Өз кезегінде, Е дәрумені үй жануарыңыздың қарқынды жүктемесінен кейін шаршаған бұлшықеттерін тез және ауыртпалықсыз қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
- Әдетте, ветеринар дәрігерлер буаз иттердің организмін қосымша калориямен және басқа да маңызды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін күшіктерге сапалы азық беруге кеңес береді, бұл біздің төрт аяқты достарымызға буаз кезінде өте қажет. Буаз иттерді азықтандыру және олардың азықтық қажеттіліктері туралы толық ақпарат алыңыз..
- Онша белсенді емес өмір салтымен өмір сүретін иттерге майлылығы жоғары азық қажет емес, сондықтан арнайы жеңіл азық формуласы оларда артық салмақтың болмауына көмектеседі.
- Есіңізде болсын, кейбір иттер белгілі бір азықтық компоненттерге өте сезімтал. Сонымен қатар, кейде біздің төрт аяқты достарымыздың денсаулығы немесе асқорыту проблемалары болады. Мұндай жағдайларда тәжірибелі ветеринар дәрігер үй жануарыңыздың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін дұрыс азық таңдауға көмектеседі.
Әрине, есіңізде болсын: егер итіңізге қандай азықтың сәйкес келетініне сенімді болмасаңыз, тәжірибелі және білікті ветеринар дәрігермен кеңесіңіз!
Үй жануарыңызды азықтандырған кезде, сулы азықтың (банкідегі, қапталған немесе консервіленген) бөлме температурасында екеніне көз жеткізіңіз: мұндай жағдайда оның хош иісі аңқып тұрады әрі жеңіл қорытылады. Сондықтан төрт аяқты досыңызды тамақтандырудан шамамен бір сағат бұрын тоңазытқыштан азықты алуға тырысыңыз. Сонымен қатар азықты қысқатолқынды пешке жылдам қыздыруға болады, алайда мұқият болыңыз және ешқашан азықты шамадан тыс қыздырмаңыз, әйтпесе, сүйікті жануарыңыз күйіп қалуы мүмкін!
Сулы азық өзінің дәм сапасын тез жоғалтады, сондықтан оны ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз. Есіңізде болсын: жұмсақ азықтың ашық қаптамасын тоңазытқышта да 24 сағаттан артық сақтауға болмайды.
Өз кезегінде, құрғақ азық, күні бойы итаяқта қалса да, бұзылмайды. Сонымен қатар, ылғалдың түсуіне жол бермеу және азықтың бұл түрінің дәмі мен хош иісін сақтау үшін оны таза және құрғақ ортада сақтау керек, мысалы, герметикалық контейнерде.
Көптеген иттерге құрғақ азықтың қытырлағаны ұнайды, бірақ үй жануарыңыз анағұрлым жұмсақ азықты ұнатса немесе қандай да бір медициналық себептермен қатты азық жей алмаса, құрғақ түйіршіктерді төрт аяқты досыңызға берерден 30 минут бұрын аз мөлшердегі суға малып қоюыңызға болады. Құрғақ азықтың артықшылықтарының бірі – оның қытырлақ жастықшалары тіс қағынан арылуға көмектеседі, сондықтан құрғақ азыққа су қоссаңыз, үй жануарыңыздың тістерін қосымша тазартуға да көмектесесіз. Есіңізде болсын: тіске тұрақты күтім жасау – елеулі стоматологиялық аурулардың алдын алудың ең жақсы тәсілі!
Үй жануарыңызды тамақтандыратын тамаша орын таңдаңыз!
Итті тыныш және оқшау жерде, шу мен үйдегі қарбаластан алысырақ жерде тамақтандырыңыз. Қашанда ит азығын таза итаяққа салыңыз да, оны оңай жууға болатын беткі қабатқа, мысалы, кафель еденіне қойыңыз. Егер итаяқ тамақтану кезінде еденнің үстінде сырғып кетсе, арнайы резеңке төсенішті немесе арнайы сырғанамайтын жабыны бар итаяқты қолданыңыз.
Өз үлесімін тез жейтін төрт аяқты достарға көп мөлшерде азықты жұтуға жол бермейтін және итті баяу жеуге итермелейтін итаяқ көмектесе алады. Өз кезегінде, буындары ауыратын ұқыпсыз немесе қартайған үй жануарлары қандай да бір биіктікте тұрған итаяқтар жарайды, сонда ит азықтану кезінде еңкеймейді..
Егер бірнеше итіңіз болса, оларды бір уақытта тамақтандырыңыз, бірақ өзара жанжалға, ренішке және біреудің итаяғынан тамақ ұрлауға жол бермес үшін бөлек тамақтандырыңыз.
Тамақты дайындау және сақтау
Үй жануарыңызды азықтандырған кезде, сулы азықтың (банкідегі, қапталған немесе консервіленген) бөлме температурасында екеніне көз жеткізіңіз: мұндай жағдайда оның хош иісі аңқып тұрады әрі жеңіл қорытылады. Сондықтан төрт аяқты досыңызды тамақтандырудан шамамен бір сағат бұрын тоңазытқыштан азықты алуға тырысыңыз. Сонымен қатар азықты қысқатолқынды пешке жылдам қыздыруға болады, алайда мұқият болыңыз және ешқашан азықты шамадан тыс қыздырмаңыз, әйтпесе, сүйікті жануарыңыз күйіп қалуы мүмкін!
Сулы азық өзінің дәм сапасын тез жоғалтады, сондықтан оны ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз. Есіңізде болсын: жұмсақ азықтың ашық қаптамасын тоңазытқышта да 24 сағаттан артық сақтауға болмайды.
Өз кезегінде, құрғақ азық, күні бойы итаяқта қалса да, бұзылмайды. Сонымен қатар, ылғалдың түсуіне жол бермеу және азықтың бұл түрінің дәмі мен хош иісін сақтау үшін оны таза және құрғақ ортада сақтау керек, мысалы, герметикалық контейнерде.
Көптеген иттерге құрғақ азықтың қытырлағаны ұнайды, бірақ үй жануарыңыз анағұрлым жұмсақ азықты ұнатса немесе қандай да бір медициналық себептермен қатты азық жей алмаса, құрғақ түйіршіктерді төрт аяқты досыңызға берерден 30 минут бұрын аз мөлшердегі суға малып қоюыңызға болады. Құрғақ азықтың артықшылықтарының бірі – оның қытырлақ жастықшалары тіс қағынан арылуға көмектеседі, сондықтан құрғақ азыққа су қоссаңыз, үй жануарыңыздың тістерін қосымша тазартуға да көмектесесіз. Есіңізде болсын: тіске тұрақты күтім жасау – елеулі стоматологиялық аурулардың алдын алудың ең жақсы тәсілі!
Азықтану, физикалық жаттығу және гимнастика
Ешқашан итіңізбен тамақтанғаннан кейін бір сағат бұрын және кейін жаттығу жасамаңыз. Ірі тұқымды иттер гастрэктазияға, яғни іштің кебуі мен ішектің түйілуіне бейім болуы мүмкін, мұндайда жедел медициналық араласу қажет болады. Іштің кебуінен басқа, гастрэктазияның белгілері құсу және жалпы физикалық ыңғайсыздық болып табылады, оны жануардың мінез-құлқынан байқауға болады. Егер үй жануарыңыздан осы аурудың белгілі бір белгілері байқалса, дереу тәжірибелі ветеринармен хабарласуға тырысыңыз, ол төрт аяқты досыңызға қажет көмек көрсетеді.
Ит үшін тиімді азық мөлшері оның тұқымына, өмір салтына және организмінің жалпы жағдайына байланысты. Үй жануарыңызды тамақтандырған кезде, азық қалташасының артқы жағында жазылған тағамдық ұсыныстарды ұстануды ұмытпаңыз, бірақ олардың жалпы сипатта екенін ескеріңіз.
Әр ит организмінің өзіндік, жеке ерекшеліктері бар, сондықтан оның денсаулығын, жағдайын және керемет физикалық әл-ауқатын сақтау үшін қажет азық мөлшерімен тамақтандырған жақсы шешім болмақ.
Егер иттің пішіні жақсы болса, оның белін ұстаған кезде оны қолыңызбен оңай сезе аласыз (бірақ көре алмайсыз!), ол қалың май қабатының астында жасырынбауы керек. Егер итке жоғарыдан қарасаңыз, оның бел сызығы нақты анықталып, қабырғаларының артында айқын көрінуі керек. Сонымен қатар, серуендеу кезінде үй жануарыңыздың бүйірлерінде майлы қатпар белгілері болмауы керек.
Әрбір ит лайықты тәтті азық жеуге лайық, бірақ оны дәл осылай марапаттайтын болсаңыз, артық азықтанбау үшін оның негізгі рационының құрамынан қосымша калорияларды алып тастауды ұмытпаңыз. Үй жануарына қанша мөлшерде тәтті азық беру керек және оны қаншалықты жиі жасау керек екен өзіңіз таңдаған сыйлық түріне байланысты. Дұрыс рационның негізгі ережесі: галеталар, печенье және басқа да тәтті азық түрлері бір күн ішінде тұтынылатын азықтың жалпы мөлшерінің 15%-ынан аспауы керек (немесе ет негізді тәтті азықтар болса, 10%-дан аспауы керек).
Егер итіңіз дәрігер ұсынған диетада болса, онда оған әдеттегі тәтті азықтар беруді шектеп, басқа үй жануарларынан бөлек тамақтандыру керек, бірақ бұл олардың бірге уақыт өткізе алмайтындығын білдірмейді. Мұндай жағдайда әдеттегі күн сайынғы азықтың бір бөлігін жаттығу кезінде тәтті азық немесе марапат ретінде пайдалана аласыз.
Кейбір мамандандырылған тәтті азықтар (мысалы, тістерге арналған шайнайтын тәтті азықтар) әдетте, иттің салмағына сәйкес келетін әртүрлі мөлшерде ұсынылады. Үй жануарыңыздың күнделікті қажеттілігінің үштен бірін калориямен қамтамасыз етумен қатар, олар тамақ теңгерімін сақтау үшін барлық қажетті дәрумендермен және минералдармен байытылған.
Үй жануарларына арнайы тәтті азықтар бере отырып, негізгі рациондағыдай өнімнің қаптамасындағы нұсқаулар мен ұсыныстарды міндетті түрде орындаңыз. Егер итіңіз үшін тәтті азықтың қандай мөлшері оңтайлы екеніне күмәндансаңыз, тәжірибелі ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз
Енді итіңізді қалай тамақтандыру керектігін жақсы білесіз. Бірақ оған қандай азық бермеу керектігі туралы нақты түсінік болуы керек. Есіңізде болсын, иттер әрқашан иесінен ойында жүрген тәтті азығын қалай сұрау керектігін біледі, сондықтан үй жануарыңыздың денсаулығын ойласаңыз, олардың айласына көнбеңіз! Итті тамақ ішетін дастарқаннан тамақтандырмаңыз, бұл үй жануарыңыздың теңдестірілген рационына жаман әсер етуі мүмкін. Тәтті азықтармен тамақтандыру үй жануарларының күні бойы тұтынатын азығының жалпы мөлшерінің 10%-ынан аспайтынына көз жеткізіңіз.
Төменде итке ешқандай жағдайда берілмейтін өнімдердің тізімі берілген.
- Шикі ет. Бұл тамақтан улануға себеп болуы мүмкін, сондықтан үй жануарыңызға ет беріп, еркелеткіңіз келсе, оның құрамында дәмдеуіштер жоқ екеніне және бактерияларды өлтіруге мүмкіндік беретін қажетті термиялық өңдеуден өткеніне көз жеткізіңіз.
- Сүйектер. Жұмсақ тауық пен балық сүйектері төрт аяқты досыңыздың тістерін жарақаттап, ішектің бітелуіне әкелуі мүмкін. Бұл үлкен сүйектерге де қатысты. Иттерге үлкен сүйектер жиі берілсе де, оларды бөлген кезде ішектің бітелуіне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан мұндай тәжірибеден бас тартуға тырысыңыз.
- Шоколад.
- Пияз, жүзім және мейіз. Есіңізде болсын: бұл өнімдер иттерге өте улы болуы мүмкін
Ознакомьтесь с более полным списком веществ, которые могут нанести вред вашей собаке.
Төрт аяқты досыңыздың азықтық рационын өзгерту қажет болған жағдайлар орын алуы мүмкін, олар: ит қартайып, оған тиісті диета қажет; үй жануары буаз; медициналық себептерге байланысты оған арнайы емдік азық қажет. Есіңізде болсын: егер жануардың диетасын күрт өзгертсеңіз, бұл оның асқорыту жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан оны 7-10 күнге созып, бірқалыпты өзгерткен жөн.
- Үй жануарыңыздың бұрынғы азығына біртіндеп жаңа азық қосыңыз немесе жаңа және бұрынғы азықтарды бөлек беріңіз
- 7-10 күн ішінде жаңа азық мөлшерін біртіндеп көбейтіңіз және тамақтану рационы толық өзгергенше бұрынғының мөлшерін пропорционалды түрде азайтыңыз.
Егер сулы азықты құрғақ азыққа ауыстырсаңыз, үй жануарыңызға азықтың жаңа консистенциясына үйрену үшін біраз уақыт кетеді, сондықтан ит алдымен құрғақ азықты белсенді шайнап, тамақтануға көбірек уақыт жұмсап, көп мөлшерде су ішуі мүмкін.
Егер керісінше, итіңізді құрғақ азықтан сулы азыққа ауыстырсаңыз, үй жануарыңыз суды аз ішетініне дайын болыңыз және бастапқыда азықтың тәбет ашарлық қытырын аздап сағынады. Бірақ алаңдамаңыз, сулы итаяққа бірнеше құрғақ азық жастықшаларын қосуға болады. Сондай-ақ құрғақ азықтың стандартты бөлігі сулы азыққа қарағанда біршама аз екенін ұмытпаңыз, өйткені ол анағұрлым калориялы. Төрт аяқты досыңызды тамақтандыру кезінде осы жәйтті ескеріңіз!
Есіңізде болсын, ит бастапқыда жаңа азықтан, оның ішінде диетолог ұсынған азықтан бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда медициналық қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын білу үшін білікті ветеринар дәрігермен мүмкіндігінше тезірек хабарласуға тырысыңыз. Әрине, алаңдамаңыз, өйткені үй жануарыңызға сәйкес келетін балама азық түрі табылады!
Қазіргі уақытта PURINA® британдық нарықтың көшбасшысы болып табылады және ересек иттерге арналған құрғақ және жұмсақ азықтардың көптеген брендтерін шығарады, олардың әрқайсысы өнімдеріміздің сапасы, дәмі мен тағамдық құндылығы сияқты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми әзірлемелердің өнімі болып табылады. Әрбір қожайын үй жануарларына өмірінің барлық кезеңдерінде денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға қажет құрғақ немесе жұмсақ азықтың қолайлы түрін таба алады!
Иттерге арналған PURINA® азығы туралы толық ақпарат алыңыз