Салмақты түсіруге арналған ит азықтары

Адамдар сияқты, иттер де бірнеше артық килограмм жинай алады, әсіресе олар есейіп, физикалық белсенділігі азайған кезде.  
Корма для собак для снижения веса
Корма для собак для снижения веса

Итіңізде артық салмақ бар ма?

Ветеринар дәрігеріңіз тұрақты тексеру кезінде итіңіздің артық салмағы бар-жоғын айта алады, бірақ үйде таразының көмегімен кішкентай итті өлшеу қиын емес. Алдымен өзіңізді өлшеңіз, содан кейін итіңізді қолыңызға алып өлшеніңіз, айырмашылығы иттің салмағы болмақ. Итіңіз үлкен болса, мұны жасау қиын болады, сондықтан ветеринар дәрігерге барғыңыз келуі мүмкін.

Дәлірек бағалау үшін  физикалық жағдайды бағалау әдісін қолданыңыз. Итіңіздің физикалық жағдайын тексеру тез, сонымен қатар үй жануарына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Салмақты түсіруге көмектесеміз

Иттің тамақтануын өзгертпес бұрын ветеринар дәрігермен кеңесіңіз: ол мінсіз салмаққа қалай жетуге болатындығын және оның қандай болуы керек екенін айта алады. Мысалы, лабрадордың мінсіз салмағы әрдайым той-терьердің мінсіз салмағынан өзгеше болады, сондықтан қандай мақсатқа ұмтылғаныңызды түсінуіңіз керек. Денсаулық үшін күресуді бастамас бұрын итіңіздің салмағын анықтап, оны мүмкін болатын аурулардың бар-жоқтығына және оның жалпы жағдайын тексеру өте маңызды, өйткені артық салмақ артық тамақтанудан туындамауы мүмкін.

Иттің салмағын түсіруге көмектесу үшін ойындар мен жаттығулар арқылы оның белсенділігін арттырып, «тұтынатын» энергия мөлшерін азайтыңыз. Әдетте, дастарқандағы тәтті азықтар мен тағамдар өте жоғары калориялы, сондықтан оларды алып тастаңыз және барлық отбасы мүшелерінің осылай істегеніне көз жеткізіңіз. Егер байқұс аш итке қатты жаныңыз ашыса да, берік болыңыз!

Егер бірнеше итіңіз болса, басқа иттердің азықтарының қалдықтарын жемеу үшін диетадағы итті бөлек тамақтандырыңыз. Күндізгі үлесімді көптеген кішкентай мөлшерлерге бөлуге тырысыңыз және итіңіз аш болып, тамақ сұрамас үшін оны жиі тамақтандырыңыз, қашанда не жейтінін қадағалаңыз. Ветеринар дәрігеріңіз күндізгі үлесімді кесуге немесе төмен калориялы азыққа ауысуға кеңес беруі мүмкін. Ветеринар дәрігермен кеңеспей, итті ашығуға және үлесімін азайтуға мәжбүрлемеңіз.

Ветеринар дәрігерімен кеңесіңіз

Егер итіңіз белсенділігі мен қысқартылған үлесіміне қарамастан салмағын жоғалтпаса, ветеринар дәрігермен тағы бір рет сөйлесіңіз, ол артық салмақтың медициналық себептері бар-жоғын анықтауы мүмкін. Сондай-ақ ол итіңіздің салмағын бақылауға көмектесетін және осы мәселе бойынша пайдалы кеңестерді тыңдауға болатын кез келген диеталық топтарды ұсына алады. Иттердегі сәтті салмақ жоғалту – бұл ұзақ және біртіндеп жүретін процесс, ал жетістіктің құпиясы – шыдамдылық.

Төмен калориялы азық

Сондай-ақ өзіңіздің артық салмағы бар итіңіз үшін арнайы әзірленген төмен калориялы азықты қарастыра аласыз. Бұл азықтың стандартты ит азықтарына қарағанда май мөлшері аз, бірақ рационы аз болса да, итіңіздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған барлық қажетті қоректік заттар бар. Егер қазір итіңізді арнайы медициналық тұрғыдан белгіленген азықпен немесе асқорытуы сезімтал ит азығымен тамақтандырсаңыз, азықтануды өзгертпес бұрын ветеринар дәрігермен сөйлесіңіз.  

Егер итіңіз пішінін қалпына келтірсе, салмақты тұрақтандыру үшін оған берілетін азық мөлшерін реттеңіз, сіз оның салмағын әлі де түсіргенін қаламайтыныңыз анық! Үй жануарыңыздың көңілді және сау болып жүруі үшін оның физикалық жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз.

Корма для собак для снижения веса
Будьте терпеливы

Шыдамды болыңыз

Итті диетаға отырғызбас бұрын ветеринар дәрігермен кеңескен жақсы, өйткені иттің салмағы оның денсаулығына өте тығыз байланысты. Ветеринар дәрігер үй жануарыңыз үшін салмақ жоғалтудың жеке режимін әзірлеуге көмектеседі, сонымен қатар прогресті қадағалап, дұрыс жолда сізге қолдау көрсете алады. Көптеген ветеринар дәрігерлерде арнайы азықтануды қамтитын жануарлардың салмақ түсіру бағдарламалары бар.

Иттердегі салмақтың түсуі біртіндеп орын алады, салмақты қаншалықты азайту қажет болғанына байланысты бірнеше айға созылуы мүмкін, кейбір жағдайларда бір жылға дейін созылады. Егер сіздің итіңіз тез салмақ жоғалтса, ол оны тез қалпына келтіреді, сондықтан шыдамды болыңыз.

Артық салмағы бар иттерге арналған Purina® брендтері

Бірнеше жетекші Purina® брендтері салмақ түсіру бағдарламаларында қолдану үшін әзірленген сапа, дәм және тамақтану тұрғысынан соңғы ғылыми жетістіктермен жасалған, төмен калориялы, артық салмағы бар иттерге арналған арнайы калориясы аз азықтарды ұсынады. Ол туралы көбірек ақпарат алу үшін кез келген брендті таңдаңыз.

123