Күшікті тәрбиелеу және жаттықтыру
Жаңа үйдегі бірінші күн
Күшігіңіз үйге келе салысымен үй жануарыңызды жаттықтыруға кіріскен жөн. Алдымен итіңізді жаңа лақап атына тезірек үйретуге тырысыңыз. Онымен ойнағанда немесе тамақтандырғанда күшікті атымен атаңыз, көп ұзамай, ол өзінің лақап атын танып, оған жауап бере бастайды. Үй жануарыңыз өз атын білуді үйренгеннен кейін, жаттықтырудың маңызды кезеңдеріне көше аласыз.
Келесі қадам – қарғыбау мен мойын жіпке үйрету болуы керек. Бастапқыда бұл құрылғылар оған ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ шыдамдылық танытуға тырысыңыз! Үй жануарыңыз үйге келе салысымен оған қарғыбау тағыңыз да, ұзын мойын жіп тағып, онымен серуендеуге шығыңыз. Егер күшікке барлық қажетті егулер әлі жасамаса, онымен тек аулаңыздың немесе бақшаның аумағында ғана жүріңіз. Есіңізде болсын, күшік бастапқыда қарғыбау мен мойын жіптің тағылуы салдарынан өте көңілсіз және жабырқаңқы болуы мүмкін. Егер ол мазасызданса, басқасын, анағұрлым жұмсағын, былғарыдан жасалғанын кигізуге болады, содан кейін бірлескен серуендеріңіз, сондай-ақ бүкіл жаттығу процесі тыныш және бірқалыпты өтеді.
Күшікті әлеуметтендіру
Күшіктің сәтті әлеуметтенуі оның моральдық және психологиялық саулығы үшін өте маңызды.
Жануарды әлеуметтендірудің ең жақсы тәсілдерінің бірі-оның күшіктерге арналған арнайы бірлескен ойындарға қатысуы. Әдетте, мұндай іс-шараларды ветеринарлық емханалар ұйымдастырады және барлық қажетті егулердің бірінші курсынан өткен иттерге арналған, бұл әдетте, жануарлар екі айға толғанда орын алады. Үй жануарыңыздың күшіктерге арналған осындай ойындарға қатыса алу мүмкіндігін ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз, дәрігер сізге сәйкес келетін іс-әрекетті айтады.
Мұндай іс-шараларда күшіктер бір-бірімен жақынырақ танысып, ойнай алады. Алайда сіз барғыңыз келетін күшіктердің бірлескен ойындарын тәжірибелі және білікті ветеринар дәрігерлер немесе кинологтар ұйымдастыратындығына алдын ала көз жеткізіңіз. Сонымен қатар күшік әлеуметтену процесін расында да, ұната ма және басқа, анағұрлым күшті және тұқымы ірі иттерден қорықпады ма, соны білген өте маңызды.
Есіңізде болсын: күшіктерге арналған бірлескен ойындар көбінесе, иттердің өміріндегі бір-бірімен алғашқы кездесуі болып табылады, онда үй жануарыңыз басқа күшіктермен ойнайды және қарым-қатынас жасайды, олардың мінез-құлқы өзінің ұяластарының әдеттегі мінез-құлқынан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Мұндай іс-шаралар күшіктерге маңызды әлеуметтік дағдыларды игеруге көмектеседі, мысалы, ым-ишара жәнә дене тілі. Сонымен қатар осы ойындар барысында үй жануарыңыз басқа иттермен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін және себепсізден-себепсіз тістемеу керектігін де түсінуі керек. Өз кезегінде, іс-шараға қатысатын жаттықтырушылармен және үйретушілермен өзара әрекеттесу күшікке адамдармен қарым-қатынаста өзін сенімді сезінуге көмектеседі.
Нұсқаушылар мен жаттықтырушылар итке достық мінез-құлық стилі мен әдептілікті үйретуге көмектеседі, мысалы, олар төрт аяқты досыңызға үйден шыққан кезде адамдарды итермеуге, сондай-ақ иттің ойыншығын немесе тамағын алуға тырысқан адамға ашуланбауға және үрмеуге үйретеді. Есіңізде болсын, үйрету, үнемі жаттығу және марапаттау, соның ішінде дәмді азықтар беру — бұл көңілді, сабырлы және жанжалсыз ит өсірудің кепілі!
Күшіктерді үйрету курстары
Үй жануарыңызға барлық қажетті егулер жасалғаннан кейін (12-16 ай аралығында) оны күшіктерге арналған бірлескен ойындардан жаттығу курстарына ауыстыра аласыз, бұл төрт аяқты досыңыздың дені сау болып дамуына айтарлықтай үлес қосады, сонымен қатар оған қуаныш пен рақат әкеледі.
Жаттығу курстарында сіз күшікке бірқатар негізгі командаларды үйрете аласыз, мысалы, «отыр!», «жат!», «тұр!» және «маған кел!», сондай-ақ " «әкел қолыңды!» және «кеть!». Сонымен қатар, бұл курстар төрт аяқты досыңыз үшін ғана емес, өзіңіз үшін де пайдалы және ақпаратқа толы болмақ, өйткені иттерді жаттықтыруда қолданылатын заманауи мотивациялық әдістерді түсініп, қолдануды үйренесіз.
Иттерді үйретудің жақсы курстары сауатты ұйымдастырылуы керек және үй жануарларын құрметтеуге, әртүрлі ынталандыруға негізделуі керек. Ең жақсы нұсқа – жануарларды 6 иттен тұратын бірнеше топқа бөлу, ал әр топтың өз жаттықтырушысы немесе көмекшісі болуы керек, бұл бір жағынан иттерді қызықтыруға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан олардың шамадан тыс шаршамауына көмектеседі.
Білікті жаттықтырушы сізге бірінші сабаққа қатысуға міндетті түрде рұқсат береді, осылайша сіз бұл курстардың сізге және үй жануарыңызға сәйкес келетіндігін түсінесіз. Есіңізде болсын, егер жаттығу бір уақытта тым көп иттер үшін жүргізілсе, егер нұсқаушы жануарларды жазалап, оларға (немесе тіпті, иелеріне) айқайласа, сондай-ақ жаттығу кезінде тұмылдырық-бұғалық қолданса, басқа жаттықтырушы іздеуіңіз керек.
Сізге күшік сатып алған ветеринар дәрігер мен ит асыраушы жақсы жаттықтырушыны табуға көмектеседі
Ең бастысы, есіңізде болсын: жаттықтыру сіз бен үй жануарыңыз арасындағы терең эмоционалды байланысты нығайтуға көмектеседі, сондықтан осы процестен ләззат алыңыз!