> Вернуться ко всем вопросам
Ингредиенты
Үй жануарларына астық өнімдерінен дайындалған азық беруге бола ма? Олар несімен пайдалы?
Станислав
Ғылыми қауымдастықтармен байланыс жөніндегі бөлім басшысы, Purina®
Ингредиенты
Перейти в раздел >

Иттер қорек талғамайтын жануарлар қатарына жатады. Олар қажетті қоректік заттарды еттен немесе өсімдік тағамдарынан алады. Мысықтар – жыртқыш жануарлар. Олардың рационында міндетті түрде ет болуы керек. Иттерге де, мысықтарға да дәнді дақылдар күш-қуат көзі ретінде қажет, бірақ біз қолданатын арнайы өңделмеген дәнді дақылдарды олар өте нашар қорытады. Біз бұл ингредиенттерді үй жануарлары қолдана алатындай күйге келтіреміз.

Жүгері, бидай және арпа үй жануарларының күш-қуатын сақтайтын маңызды қоректік заттардың тамаша қайнар көзі болып табылады, ал тағамдық талшықтар асқорытуға жағымды әсер етеді, асқазан-ішек жолдарының моторикасына күш беріп, ішек микрофлорасын қалпында сақтайды.

Бәріміз мысықтарымыз бен иттеріміздің дені сау, көңілді және күш-қуатқа толы болғанын қалаймыз. Дәнді дақылдардың құрамында 75%-дан 85%-ға дейін көмірсу және 2%-дан аз қант бар. Күрделі көмірсулар қарапайымға қарағанда баяу қорытылады. Сондықтан үй жануарлары ұзақ уақытқа жететін күш-қуатты біртіндеп алады, ал қарапайым көмірсулар қысқа мерзімді күш-қуат көзі болып табылады. Дәнді дақылдардың құрамында ішекте пайдалы бактериялардың пайда болуына ықпал ететін және дефекация процесін реттейтін тағамдық талшықтар болады. Сонымен қатар, олардың құрамында алмастырылмайтын май қышқылдары, В тобының дәрумендері, антиоксиданттар, ақуыздар мен микроэлементтер бар, олар көру қабілетін жақсартады және иммунитеттің мықты болуын қамтамасыз етеді.

Үй иттері мен мысықтары көмірсулардан алған күш-қуатты жақсы жұмсайды. Кеңінен таралған пікірге қайшы, иттер мен мысықтарда дәнді дақылға/глютенге деген төзбеушілік сирек кездеседі.

Үй жануарыңыз дәнді дақылдардан пайда алып, олардың дәмінен рақаттансын.