Тағам зиянкестерімен күресу шаралары
Барлық Purina фабрикалары тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бүкіл әлемге танылған FSSC 22000 стандарты бойынша сертификатталған. Осыған байланысты біздің зиянкестермен күресу жөніндегі күш-жігеріміз тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін белгіленген ережелерге толық сәйкес келеді. Зиянкестер біздің өнімдерімізге өте құмар болғандықтан (үй жануарларының азығы жәндіктерді өзіне тартады), біз бұл мәселеде мол сараптама жинадық және өнімдеріміздің бүлінуіне жол бермеу үшін қажет нәрсенің бәрін жасаймыз.
Зиянкестермен күрес саласындағы ең жоғары стандарттарды сақтаудан бөлек, зиянкес жәндіктердің өнімдерімізді бүлдіруіне жол бермес үшін бірқатар шаралар қабылдаймыз:
-
Қаптаманы таңдау. Біз тұтынушыларға біздің өнімді пайдаланудан, оның ішінде оны сақтау процесінде оң тәжірибе беруге тырысамыз. Сонымен қатар, жәндіктер қашанда кез келген қаптамаға ену жолдарын іздейді. Біздің қаптамамыз зиянкестердің бүлдіріп, ішіне кіруіне жол бермейтініне көз жеткізу мақсатында мамандарымыз өндіріске жіберілген, сондай-ақ жаңа қаптама түрлерін тексеруге арналған бірегей шаралар кешенін әзірледі, мұндағы мақсат – жәндіктердің қаптама ішіндегі азыққа қалай зиян келтіретіндігін бағалау.
-
Сыртқы сарапшылармен ынтымақтастық орнату. Нестле Пурина Петкер ішкі және сыртқы сарапшылармен бірге үй жануарларына арналған азықтың сенімді қаптамасын жасау мәселесінде маңызды рөл атқаруын жалғастырып келеді. Біздің болашақтағы мақсатымыз – үй жануарларының азықтарын зиянкестерден толық қорғауға кепілдік беру. Милан университетіндегі әріптестермен бірлесе отырып, біз жәндіктердің шабуылына бұрынғыдан да төзімді қаптама жасау мақсатында зерттеулер жүргіземіз. Сондай-ақ біз қаптаманың бүліну қаупін бақылау мен болжаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге ниеттіміз.
-
Ритейлерлермен жұмыс. Тұтынушылардан келіп түсетін шағымдардың 80%-дан астамы біздің бөлшек сауда дүкендеріндегі және олардың сауда орындарындағы тиімсіз жұмыс әдістерімен байланысты. Серіктестерімізге көмектесу үшін біз өз желілерінде әлеуетті арттыру үшін пайдалана алатын қарапайым нұсқаулық пен оқу материалдарын ұсынамыз. Атап айтқанда, біздің сату бөлімінің қызметкерлері бөлшек сауда дүкендерінің өкілдері арасында арнайы кітапшалар таратады. Сонымен қатар, жергілікті сауда командаларымен кездесе отырып, біз оларға зиянкестердің өнімді бүлдіруі біздің тұтынушыларымыздың өнімге деген көзқарасына қалай әсер ететіні туралы әрдайым хабарлап отырамыз.