Цели Purina в обществе

Біз адамдар мен үй жануарларының бірге өмір сүргені жақсы деген сенімдеміз. Үй жануарлары өмірімізді қызықты етеді, бізге серік болады, өз махаббаттарын сыйлайды, көңіл көтеруге және ойнауға мүмкіндік береді. Үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындар арасындағы көзге көрінбейтін байланыс адам өмірінің көптеген қырларына жағымды әсер ететінін білеміз. Сондықтан үй жануарларының адам өміріне және жалпы қоғамға әкелетін артықшылықтарын мүмкіндігінше көп адамдардың сезінгенін қалаймыз.

Қожайындар мен олардың үй жануарлары арасындағы осы өзара қарым-қатынастың күшін сезіне отырып, біз достарымыздың бақытты болашағына үлес қосуға тырысамыз. PURINA®-да қабылданатын шешімдер біздің компания ретінде үй жануарларының, олардың қожайындарының және жалпы қоғамның өмірін қалай жақсарта алатынымызды айқын түсінуге негізделеді.

Үй жануарларына күтім жасау саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде PURINA® ерекше мүмкіндікке ие және үй жануарларын күтіп ұстаудың артықшылықтарын ілгерілетуге жауап береді. Сондықтан да біз үй жануарларының, олардың иелерінің және бүкіл қоғамның денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосатын 10 міндеттеме жасадық. «Пурина қоғамда» бастамасы аясында біріктірілген бұл міндеттемелер үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы ретіндегі ұстанымымызды нығайтады, сонымен қатар «Нестле»-нің дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты саласындағы қызметін қолдайды. Purina® үшін тұрақты даму, ғылыми зерттеулер және үй жануарларының денсаулығы – үй жануарларына арналған азық өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде прогресіміздің қозғаушы күші болып табылатын негізгі мақсаттар.

Біздің тұтынушылар мен жұртшылық үшін маңызды мәселелерге жүргізген зерттеуіміз туралы толық ақпарат алыңыз.

Біздің міндеттемелеріміз туралы толық ақпарат алыңыз

«PURINA® қоғамда» бастамасы аясында біріктірілген бұл міндеттемелер үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы ретіндегі біздің ұстанымымызды нығайтады, сондай-ақ «Нестленің» дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты саласындағы іс-әрекетін қолдайды.