Мысығыңыз нағыз талғампаз, ол ең жақсы азық жеуге лайық. Мысықтарға арналған Gourmet® Гурме® азығы – бұл жай ғана дәмді азық емес, ең талғампаз мысықтардың гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, әр күнге арналған нағыз аспаздық азықтар. Еліктіретін хош иіс, дәмдердің қайталанбас гаммасы, бірегей текстуралар мен теңдестірілген азық – керемет азықтарды бағалаушылар үшін нағыз рақат. Бірде-бір мысық Гурмэ® ұсынған керемет азықтан бас тарта алмайды! Гурмэ® аспаздық сарапшылары үй жануарыңызға тек жоғары сапалы және таңдаулы ингредиенттерден жасалған түрлі дәмдер топтамасын ұсынады. Гурмэ®️ азығының әрбір үлесімі – үй жануарыңызға арналған күн сайынғы таңдаулы тағам!

Гурмэ® топтамасында 5 ғажайып желі бар:

  • Гурмэ® Голд
  • Гурмэ® А-ля-Карт
  • Гурмэ® Мон Петит
  • Гурмэ® Табиғи рецептілер

Гурмэ® Голд – бұл паштет, тұздыққа салынған тілімдер, террин (паштеттегі тілімдер), жұмсақ биточкалар, тұздықтан жасалған жеңіл салмасы бар паштет, суфле және басқа да салтанатты азықтар сияқты дәм мен текстуралардың алтын топтамасы, тіпті, ең талғампаз мысық та олардан бас тарта алмайды. Гурмэ – бұл әрқашан жоғары сапа, таңдаулы дәм және іріктелген ингредиенттер. Талғампаз мысығыңызға арналған күн сайынғы рақат. Гурмэ азықтарының барлық желісінде жасанды бояуыштар, консерванттар мен хошиістендіргіштер жоқ.

Гурмэ® А-ля-Карт – бас аспазшының керемет рецептері. Көкөністер қосылған шағын филенің жұмсақ бөліктері.

Гурмэ® Мон Петит – тура бір үлесімге (50гр) есептелген шағын жон еттің дәмді тілімдері. Бірде-бір тілімі кейінге қалмайды!

Гурмэ® Табиғи рецептілер – табиғаттан шабыт алған таңдаулы азықтар.

Гурмэ® таңдаулы мәзірі туралы толық ақпаратты www.gourmet-cat.ru сайтынан ала аласыз
Брендтерге оралу