Микотоксиндер – бұл дәнді дақыл және басқа да көкөніс дақылдарында кездесетін табиғи тектес токсиндер. Микотоксиндердің бірнеше түрі бар, олардың организмге тигізетін әсері жануардың тұтынатын түрі мен мөлшеріне байланысты. Сол себепті Purina® жеткізушілермен тығыз ынтымақтаса отырып, азықтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шикізат пен дайын өнімді мұқият тексереді.
Микотоксиндер – әртүрлі тағамдарда, соның ішінде көкөністер мен жармаларда болатын көгерудің кейбір түрлері өндіретін токсиндер. Олар дәнді дақылдарды егістіктерде өсіру кезінде немесе астық қоймаларында сақтаған кезде дамиды. Бұл процесс ішінара температура мен ылғалдылық сияқты климаттық жағдайларға да байланысты. Іс жүзінде кейбір өсімдіктер мен ауылшаруашылық өнімдерінде табиғи микотоксиндердің алдын алу мүмкін емес.
Микотоксиндердің бірнеше түрі бар. Олардың организмге тигізетін әсері қолданылатын түріне және мөлшеріне, сондай-ақ оларды адамның немесе жануардың қолданатынына байланысты. Кейбір түрлері ауру тудыруы мүмкін. Басқалары, мысалы, пенициллин, ем ретінде медицинада қолданылады. Микотоксиндердің тұтынылған мөлшері белгілі бір шектен төмен болса адамдар мен жануарлар үшін қауіпті емес.
Барлық жағдайларда шикізат пен дайын өнім азықтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткізілім тізбегінің барлық кезеңдерінде мұқият тексеріледі.
Шикізат пен дайын өнімнің әрбір легі мұқият тексеруден өтеді. Бастапқыда қабылданатын шикізатта көгерудің бар-жоқтығы көзбен бақылау арқылы тексеріледі. Анықталған жағдайда басқа шикізатқа жұғу қаупін азайту үшін өнім бірден бракқа шығарылады. Көзбен бақылаудан сәтті өткен шикізат кейіннен барлық қажетті сынақтардан өтеді. Егер микотоксиндердің деңгейі рұқсат етілген шектен асып кетсе, шикізат жеткізушіге қайтарылады. Біздің сұранысымыз бойынша жеткізуші проблеманың қайта туындау қаупін азайту бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлейді.
Біз үй жануарларының денсаулығы үшін барынша қауіпсіз өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін осы шараларды қолданамыз.