Ингредиенты
Перейти в раздел >
«Мөлшері көп», «мол», «байытылған» – бұл үй жануарларына арналған азықтардағы нақты бір ингредиенттің мөлшерін көрсететін терминдер, олар Ресейдің мемлекеттік стандарттарында көрсетілген.
Ингредиенттер саны келесі терминдерді қолдана отырып көрсетілген:
- «хошиістендірілген», «дәмі бар», «хош иісі бар» деген тіркестер өнімдегі Х ингредиентінің мөлшері 4%-дан аз дегенді білдіреді, мысалы, «тауық етінің дәмі бар»;
- «қосылған» деген сөз өнім құрамында Х ингредиенттің кем дегенде 4%-ы бар дегенді білдіреді, мысалы, «тауық еті қосылған»;
- «мөлшері көп», «мол», «байытылған» деген тіркестер өнімде Х ингредиентінің кемінде 14%-ы бар дегенді білдіреді, мысалы, «қозы етінің мөлшері көп»;
Мысал: егер қаптамада «тауық еті бар» деп көрсетілсе, құрамындағы тауық еті өнімнің кем дегенде 4%-ын құрайды дегенді білдіреді. Әдетте, ет және қосалқы өнімдердің пайыздық құрамы әлдеқайда жоғары. Нақты бұл жағдайда 4% тек тауық етіне қатысты, қалған бөлігі басқа шикізаттан тұруы мүмкін, мысалы: сиыр еті, қой еті немесе үйрек еті.