> Вернуться ко всем вопросам
Ингредиенты
Өз ингредиенттеріңізді жеткізуге жауапкершілікпен қарайсыз ба?
Фил
Жабдықтау жөніндегі менеджер, Purina®
Ингредиенты
Перейти в раздел >

Азықтарды өндіруге арналған шикізат жеткізушілеріне қойылатын талаптар

Purina®-да жеткізушілеріміздің бізге жоғары сапалы шикізатты ұсынатындай және өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтындай ықпал етеміз.

Біз тек тексерілген жеткізушілермен ғана жұмыс істейміз. Бұл ингредиенттерді бізге келер жолдың барлық кезеңдерінде тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мердігерлермен үнемі өзара әрекеттесу бүкіл жеткізілім тізбегінің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Proforest және Sustainable Fisheries Partnership сияқты ұйымдармен жұмыс жасай отырып, бұл тәсілдің тиімді екенін көреміз.

Біздің міндеттемелеріміздің бірі – 2020 жылға қарай табиғи немесе жасанды жағдайда өсірілген теңіз өнімдерінен алынған ингредиенттердің 100%-ы шикізаттың қайнар көздерін таңдауға жауапкершілікпен қарау талаптарына толық сәйкес келетіндігін қамтамасыз ету.

Біздің команда жеткізушілермен үнемі кездесіп, олардың өндірістік алаңдарына барады. Бұл біздің жеткізушілеріміздің қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Жеткізу тізбегі күрделі өнімдердің сапасын бақылау үшін біз фермерлік шаруашылықтарды бағалау сияқты жаңа бастамаларды жүзеге асырамыз, бұл фермерлік шаруашылық кезеңінен бастап жауапты жеткізілімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Purina® үшін жеткізу сапасы өте маңызды. Адамдар бізге сенуі үшін өз өнімдерімізге шикізат жеткізудің ұзақ мерзімді стратегиясын жасадық.

Әрбір Purina® жеткізушісі адам құқықтары, қауіпсіздік, жұмыс орнындағы денсаулық сақтау және бизнес тұтастығы саласындағы ең төменгі талаптарды қатаң анықтайтын Жеткізуші кодексіне сәйкес келуі керек. Біздің жеткізушілеріміз заңнаманың экологиялық талаптарын сақтауы және өздерінің экологиялық көрсеткіштерін үнемі жақсартып отыруы тиіс.

Біз жеткізушілермен тек Жеткізуші кодексі арқылы ғана емес, сонымен қатар теңіз өнімдері, ет, құс еті және соя сияқты негізгі өнімдерге қатысты жауапты жеткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тығыз ынтымақтастық орнатуды қамтамасыз етуге тырысамыз. Оның қағидаттары әртүрлі бағыттарды қамтиды, мысалы: су ресурстарына әсер етуді азайту жөніндегі шараларды іске асыру, парниктік газдар шығарындыларын азайту, ауылдық аудандардың тұрақты дамуына жәрдемдесу, фермадан фабрикаға дейінгі жануарларды күтіп-бағуға қойылатын талаптарды сақтау.