Пурина зерттеулерінің негізі
Purina® иттер мен мысықтардың жарақаттануына, ауыруларына немесе эвтаназиясына әкелетін қандай да бір инвазиялық зерттеулерге қатыспайды. Біз үй жануарларын жақсы көреміз және оларға деген қатыгездіктің кез келген түріне үзілді-кесілді қарсымыз. Біздің зерттеулеріміз үй жануарларына ұқыпты және адамгершілікпен қарауға негізделген.
Purina® иттер мен мысықтардың табиғи қалауын, азықтану қажеттілігін және олармен байланысты мінез-құлқын жақсы түсіну үшін үй жануарларына күтім жасау орталықтарын қолдайды. Бізде барлық үй жануарларына жеке-жеке көңіл бөлінеді. Біздің қызметкерлер оларға сүйіспеншілікпен қарайды. Үй жануарларымен күн сайынғы қарым-қатынас және өзара әрекеттесу – бұл үй жануарлары туралы білімді жақсартуға бағытталған бағдарламаларымыздың бір бөлігі. Мұндай бағдарламаларға жаттығулар мен топтық ойындар кіреді.
Purina® жүргізген немесе Purina® үшін жүргізілген зерттеулер бүкіл әлемдегі иттер мен мысықтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін білім береді. Біздің зерттеулеріміз үй жануарларына ұқыпты және адамгершілікпен қарауға негізделген.
Біз жарақаттануға, ауыруға, ит немесе мысық эвтаназиясына әкелетін ешқандай инвазивті зерттеулерге қатыспаймыз.
Біз өз өнімдерімізді қалай сынақтан өткіземіз?
Өнімнің құрамын талаптарымызға сәйкес әзірлегеннен кейін, сонымен қатар оның қажетті қоректік қасиеттерінің бар екенін тексергеннен кейін, өнімді үй жануарларына беру арқылы сынақтан өткіземіз. Бұл үй жануарларының тағамдық қажеттіліктерін жақсы түсінуге және оларға бұл тағамның ұнағанын білуге мүмкіндік береді. Содан кейін иттердегі екі негізгі параметрді және мысықтардағы үш параметрді талдаймыз:
- бірінші параметр – бұл нәжістің біркелкілігі, бұл өнімнің асқорыту қиындықтарын тудырмайтындығын көрсетеді;
- екінші параметр – сіңімділік. Өнімнің сіңімділігі – бұл организм ұстайтын қоректік заттардың мөлшері (тамақ пен нәжістегі қоректік заттардың мөлшері салыстырылады);
- үшінші және соңғы параметр – мысықтардың барлық құрғақ азығы үшін өлшейтін зәрдің рН деңгейі. Ол қуықта тастардың пайда болу ықтималдығын бағалау және олардың пайда болу қаупінің алдын алу үшін тексеріледі.
Осы сынақтардан басқа, біз тұтынушылардың үйлерінде өнімді үй жануарлары жақсы қабылдағанын білу үшін сынақтар жүргіземіз.