Біз жеткізу тізбегімізде ауылшаруашылық жануарларының әл-ауқатын жақсартуға тырысамыз. Сонымен қатар біз азық өнімдерін өндіру үшін өсірілетін жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқаты арасындағы аса маңызды байланысты мойындаймыз. Біз ауылшаруашылығы жануарларының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты нақты стандарттар азық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей де, жанама да әсер ететініне сенімдіміз.
2012 жылы жануарлардың денсаулығын сақтау жөніндегі халықаралық ұйымның Farm Animal Welfare (Ауылшаруашылығы жануарларының әл-ауқаты) жобасына қосылдық, тиісті міндеттемелерді алдық және жоба аясында белсенді позицияны ұстануды жалғастырып келеміз.
Біз ауылшаруашылығы жануарларының әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатын ұстанамыз. Сондықтан жеткізушілермен тығыз қарым-қатынас жасаймыз және жануарлардан алынатын шикізат жолын қадағалаймыз. Сонымен қатар біздің мониторинг бағдарламамыз қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының әл-ауқаты қалай қамтамасыз етілетінін түсінуге көмектеседі. Біз жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауды және жақсартуды жалғастырамыз және «жануарларды бес нәрседен қорғау» қағидаттарына қайшы келетін тәжірибені жоямыз:
- аштық пен шөлден қорғау;
- қорқыныш пен күйзелістен қорғау;
- ыңғайсыздықтан қорғау;
- ауырсынудан, жарақаттанудан және аурудан қорғау;/li>
- табиғи мінез-құлық бостандығы.
Еуропада біз Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының (OIE) жаһандық азық өнімдерін жеткізу тізбегінде осы «жануарларды бес нәрседен қорғауды» жүзеге асыруды қолдау жөніндегі жұмысын қолдаймыз.
Сонымен қатар біз фермалардың жағдайын бағалау әдісін және олар қолданатын әдістерді, соның ішінде жануарларды өсіру, азықтандыру, орналастыру, тасымалдау әдістерін анықтау үшін Дүниежүзілік жануарларды қорғау қоғамымен (World Animal Protection) бірлесіп жасаған біздің Nestlé бас компаниямыз әзірлеген Жауапты жеткізушілерді бағалау хаттамасын қолданамыз. Бұл бізге дұрыс жеткізушілерді таңдауға көмектеседі. Nestlé үкіметтік емес жануарларды қорғау ұйымымен осындай серіктестік құрған алғашқы ірі азық компаниясы болды.