Адамдар мен үй жануарлары бір-бірімен үйлесімді өмір сүргенде өмір қызығырақ болады деп сенеміз. Біз ұзақ жылдар бойы осы ұранды негізге алып жұмыс істеп келеміз. Бұл 1904 жылы PURINA® брендінің негізін қалаушы Уильям Х. Дэнфорт негізін қалаған тәсіл болатын. Қазір бұл қағидат біздің барлық істерімізге негіз болып отыр және бүкіл әлем бойынша үй жануарларына арналған азық өнімдерін өндіру үшін қолданылып келеді.
Бүгінгі таңда бүкіл Еуропаға танымал PURINA® - бұл үй жануарларына арналған тауарлар өндіретін PURINA®, Spillers және Friskies сияқты үш ірі фирманың бірлестігі. Бұл кәсіпорындардың әрқайсысының бай мұрасы бар, олардың әрқайсысы үй жануарларына арналған азық өндіретін әлемдік көшбасшы болып табылатын қазіргі PURINA®-ны құруда маңызды рөл атқарды. Біздің тарихымыз туралы көбірек ақпарат алғыңыз келе ме? Брендтеріміздің әрқайсысының бірегей тарихымен танысу үшін төменде берілген сілтемелерді жай ғана бассаңыз болғаны.
1829 ж.
Джоэл Шпиллер Сомерсет штатындағы Бриджуотерде өзінің астық саудасын ашты.
1840 ж.
Өзінің бизнес серіктесі Сэмюэль Браунның қолдауымен Шпиллер Ұлыбританиядағы екінші бу диірменін салды.
1856 ж.
Spiller and Co. компаниясы Кардиффтен наубайхана сатып алды. Көп ұзамай мұнда иттерге арналған алғашқы тәтті азықтар шығарыла бастады.
1887 ж.
Spiller and Co. ашық акционерлік компания болды.
1890 ж.
Spiller and Co. компаниясы бристольдік William Baker and Sons компаниясымен («Уильям Бейкер және ұлдары») бірігіп, атауын Spillers and Bakers Limited. деп өзгертті.
1894 ж.
Уильям Х. Дэнфорт Джордж Робинсон және Уильям Эндрюспен бірге «Робинсон–Дэнфорт» маклерлік фирмасын құрып, ауылшаруашылығы жануарларына арналған азық өндірумен айналыса бастайды.
1907 ж.
Spillers and Bakers Limited иттерге арналған түрлі түсті крекерлер шығара бастайды. Тіпті, 100 жылдан кейін де бұл бренд тұтынушылар арасында сұранысқа ие!
1914 ж.
1914 жылдың 28 шілдесінде Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Осы уақытқа дейін Spillers Кардифф, Бристоль, Лондон, Ньюкасл және Биркенхедте орналасқан зауыттарда иттерге арналған тәтті азықтың 18 түрін шығарды.
1920 ж.
Carnation Corporation (Friskies-тің негізін қалаушы) АҚШ-тың Сиэтл қаласында әлемдегі алғашқы Ит азықтарын зерттеу орталығын ашты.
1923 ж.
Spillers құрылғаннан кейін жүз жылға жуық уақыт өткен соң, бұл қарқынды әрі тез дамып келе жатқан компанияның 1923 жылға қарай кем дегенде жеті еншілес фирмасы болды.
1926 ж.
PURINA® өзінің алғашқы үй жануарларына арналған азығын шығарды, сонымен қатар Миссури штатындағы Грей Саммиттің жанында өз фермаларында үй жануарларына күтім жасау орталығын ашты. Мұнда PURINA® мамандары жаңа рецептілер жасап, үй жануарларына арналған азыққа клиникалық сынақтар жүргізді, соның арқасында PURINA® өнімдері барынша дәмді әрі нәрлі бола бастады. Бүгінгі таңда бұл институт Миссури штатының солтүстік-батысында орналасқан Nestlé PURINA® үй жануарларына күтім жасау орталығына айналды.
1927 ж.
Spillers грейхаундтарға арналған азықтың арнайы маркасы болып табылатын, жүгіру жеңімпаздары үшін тамаша тағам WINALOT® шығара бастайды! Сонымен қатар барлық еншілес фирмаларды тарату және құрылтайшы компанияға қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды, содан кейін ол Spillers Limited деген жаңа атау алды.
1930 ж.
Үй жануарларына арналған азықтардың саудасы қарқын алды: WINALOT, SHAPES және SAVAL сияқты Spillers брендтерінің бірқатары британдық нарықтың көшбасшылары атанды.
1939–1945 жж.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде карточкалар жүйесі енгізілгеннен кейін және иттерге арналған тәтті азықтарды өндіруге қажетті ұн жеткізіліміне қатаң шектеу қойылғаннан кейін, үй жануарларына арналған консервіленген азықтарды өндіруге қажет қалайы табақтарын пайдалануға тыйым салынды.
1948 ж.
Friskies жоғары деңгейдегі инновациялық өнім болып табылатын иттерге арналған жұмсақ консервіленген азықтың алғашқы түрін әзірледі және нарыққа шығарды.
1950 жж.
Жұмсақ ит азықтарын нарыққа шығару сәтті болғаннан кейін Friskies өзінің мысықтарға арналған консервіленген азығының алғашқы желісін шығарды.
1953 ж.
Ұн және басқа да дәнді дақылдарды пайдалануға қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл нан-тоқаш өнімдері мен үй жануарларына арналған азықтар нарығындағы бәсекелестіктің күрт нашарлауына әкелді.
1956 ж.
PURINA® жаңа қуанышты оқиғаны атап өтті: Dog Chow® - бұл «жастықшалар» деп аталатын әртүрлі пішінді азық бөліктерін жасау үшін қолданылатын нығыздау технологиясын пайдалана отырып әзірленген, иттерге арналған алғашқы азық.
1958 ж.
Spillers ет өнімдеріне негізделген алғашқы иттерге арналған консервілер өндірісін іске қосты, бүкіл елдегі үй жануарлары құйрықтарын бұлғаңдатып, қуанды!
1960 ж.
Spillers Spratts Patent Limited компаниясын және онымен бірге иттерге арналған сүйек тәрізді керемет крекер өндіретін BONIO® жетекші брендін сатып алды. Сонымен су жаңа және көп ұзамай мысықтарға арналған азықтың танымал бренді болып табылатын TOP CAT, оның артынша PRIME және PRIZE сияқты басқа брендтер бүкіл елде сатыла бастады.
1963 ж.
PURINA® Cat Chow® деген жаңа өнім желісін іске қосып, Америкадағы үй мысықтарының өсіп келе жатқан популяциясын қуантты.
1964 ж.
Spillers Scottish Animal Products Ltd. компаниясын және оның Баррхед (Шотландия) пен Мэлуондағы (Солтүстік Ирландия) консервіленген зауыттарын сатып алу арқылы өз өндірісін едәуір кеңейтті. Осы мәміленің нәтижесінде Spillers бұрын Scottish Animal Products Ltd-ге тиесілі екі жаңа жетекші брендке ие болды, олар: ARTHURS (бұрынғы КАТТОМЕАТ) және KENNOMEAT.
1969 ж.
Бұл Spillers үшін өте қиын жыл болды. Біріншіден, Spillers тамақтандыру орталығы және үй жануарларын күтіп ұстау мәселелерін зерттейтін арнайы бөлімше (Pet Care Unit) құрылды. Екіншіден, 1969 жылы Wright & Company Ltd компаниясын, оның иттерге арналған All-IN-ONE деген озық крекер брендімен бірге сатып алды.
1972 ж.
Rank Hovis McDougall Ltd Two компаниясының еншілес компаниясы Stamina Foods сатып алу нәтижесінде Spillers үй жануарларына арналған тағы екі жетекші бренд сатып алды, олар – иттерге арналған STAMINA және мысықтарға арналған PAWS.
1973 ж.
Кішкентай ит тұқымдары ерекше азықты қажет ететінін ескере отырып, Friskies кішкентай үй жануарларының тағамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жаңа MIGHTY DOGS® брендін шығарды.
1975 ж.
Қашанда бәсекелестерінен бір қадам алда жүретін Friskies құрамында барлық қажетті қоректік заттар мен микроэлементтер бар, мысықтарға арналған әлемдегі алғашқы теңдестірілген құрғақ азық болып табылатын GO-CAT®-ты іске қосты.
1979 ж.
Nestlé PURINA® Spillers бас кеңсесі қазіргі уақытта орналасқан Нью-Мальденге (Саррей) көшті.
1980 ж.
Spillers компаниялар тобын 72,5 миллион фунт стерлингке Dalgety Group сатып алды.
1985 ж.
Nestlé S. A. Carnation Corporation компаниясын, оның ішінде мысықтарға арналған Friskies азығын өндіретін фирманы сатып алды. Бұл ретте бренд атауын Friskies Europe деп аздап өзгерту арқылы сақтау туралы шешім қабылданды.
1986 ж.
Ralston мал азығын өндіретін PURINA® Mills фирмасын сатады, енді компания тек мысық пен ит тауарларын өндіруге баса көңіл бөлді.
1987 ж.
PURINA® 14 жылдық инновациялық зерттеуді бастады, бұл иттердің физикалық жай-күйін сақтау үшін оларды ұзақ уақыт сау қалпында ұстауға көмектесетінін дәлелдеді.
Сол жылы PURINA® панасыз жануарларға жаңа қожайындарды табуға көмектесетін Pets for People («Сіздерге арналған үй жануарлары») арнайы ресурсын құрды. Бүгінгі таңда тек АҚШ аумағында Pets for People 6000-ға жуық түрлі қайырымдылық ұйымдарымен байланысты. Көп ұзамай америкалық зейнеткерлер үшін 150-ден астам панажайдан алынған үй жануарларын қабылдау және ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін арнайы Pets for People («Сіздерге арналған үй жануарлары») бағдарламасы іске қосылды.
1990 г.
Жаңа жыл — Nestlé бірден екі компанияны сатып алды, олар: Friskies Europe және америкалық ALPO® Pet Foods компаниясы, оның ресми өкілі Лорн Грин өз өнімдерінің сапасына сенімді болғаны соншалық, оның дәмін өзі татып көрді!
1993 ж.
BP Nutrition Ltd.-ның Paragon Petcare компаниясын, Франция, Германия және Нидерландыдағы зауыттарымен бірге сатып алды. Осы сатып алу нәтижесінде брендтердің британдық портфолиосына BETA, ал еуропалық портфолиоға — DOKO және DOKAT қосылады.
1995 ж.
Dalgety Group Quakers компаниясының үй жануарларына арналған азық өндіретін еуропалық фирманы, сонымен қатар мысықтарға арналған азықтың жетекші FELIX деген брендін сатып алды.
1998 ж.
Құрылғаннан бастап шамамен 170 жыл өткен соң Spillers Pet Foods Nestlé S.A-мен бірігіп, әлемдегі ең ірі үй жануарларының азығын өндіретін компанияларының біреуін құрды.
1999 ж.
Nestlé әлемдегі алғашқы және бүгінде жалғыз иттердің стандартты ДНҚ үлгілерін тарату орталығын (Canine Reference Family DNA Distribution Center) ашты, оның ғылыми-зерттеу қызметі ит генетикасы саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардың жұмысын ынталандыруға арналған.
2001 ж.
1Nestlé 12 желтоқсанда Ralston PURINA® сатып алды, нәтижесінде Nestlé Purina® Pet Care біріккен компаниясы пайда болды. Осы маңызды оқиғадан кейін PURINA® өнімдері бүкіл әлемдегі тұтынушылар үшін үй жануарлары мен олардың қожайындарына бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті!
2010 ж.
Бірнеше жыл мұқият жоспарлағаннан кейін PURINA® Ивент-орталығының ашылуы жарияланды, онда мысықтар мен иттердің ең үлкен көрмелері тұрақты түрде өткізіле
бастады. Бұл орталық соңғы озық техникалармен жабдықталды: жабық көрме залы жұмсақ спорттық едендермен, 150-ден астам груминг бөлмесімен және иттерге
арналған арнайы ванна бөлмесімен жабдықталды.Бірнеше жыл мұқият жоспарлағаннан кейін PURINA® Ивент-орталығының ашылуы жарияланды, онда мысықтар мен иттердің ең үлкен көрмелері тұрақты түрде өткізіле бастады. Бұл орталық соңғы озық техникалармен жабдықталды: жабық көрме залы жұмсақ спорттық едендермен, 150-ден астам груминг бөлмесімен және иттерге арналған арнайы ванна бөлмесімен жабдықталды.