PURINA-НЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ

Адамдар мен үй жануарлары бір-бірімен қатар өмір сүрсе, бақытты әрі көңілді өмір сүреді дегенге сенеміз. Сондықтан да біз үй жануарларының, олардың қожайындарының және бәріміз өмір сүретін ғаламшардың өмірін жақсартуға тырысамыз.

ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН ЖҰРТШЫЛЫҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАСТЫРУ

Үй жануарларына күтім жасау саласында жұмыс істей отырып, PURINA® үй жануарларының, олардың қожайындарының және жалпы қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосудың бірегей мүмкіндігіне ие. Қоғамның дамуына және қандай салаларына қалай көмектесе алатынымыз туралы зерттеу нәтижелері біздің әлеуметтік міндеттемелеріміздің негізіне алынды. Аса маңызды аспектілерге назар аударатынымызға толық сенімді болу үшін біз осы мәселені арнайы зерттедік.

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Біз 2023 жылға дейін немесе одан бұрын орындауға тырысатын 10 міндеттемені тұжырымдадық.

"ӨМІРІМІЗ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫМЕН ҚЫЗЫҒЫРАҚ!" (BETTER WITH PETS FORUM) ФОРУМЫ

Біз болашақта адамдар мен үй жануарлары үйлесімді өмір сүреді деп болжаймыз. Осы мақсатқа жету үшін Purina Better with Pets форумында бүкіл Еуропадағы пікірлестеріміздің басын қостық. Форум туралы бейнені тамашалаңыз, сонда үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдардың өмірін жақсарту үшін не істейтінімізден хабардар боласыз.

#WEAREBETTERWITHPETS

Сіз сияқты, біз де адамдар мен жануарлардың бірге өмір сүргені жақсы болар еді деген пікірдеміз. Қосылыңыз, сонда үй жануарларының, адамдардың және бүкіл ғаламшардың өмірін жақсарту үшін не істеп жатқанымызды білесіз.

ҚОЗҒАЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР

Жануарлардың біздің өмірімізге қалай оң әсер ететіндігін, денсаулығымызды жақсартып, махаббатқа бөлеп, үйлесімділік беретінін ғылыми дереккөздер дәлелдеп отыр. Зерттеумен танысыңыз және үй жануарлары бізге қалай оң әсер ететінін біліңіз.