Научные исследования, которые легли в основу нашего движения
Біз, PURINA®-дағылар үй жануарларымен өмір сүру әлдеқайда жақсы және көңілді екеніне сенімдіміз, өйткені олар үлкен қуаныш сыйлайды, сонымен қатар біздің денсаулығымызға оң әсер етеді, оны растайтын айғақ көп.
Жануарлардың біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертетінін растайтын көптеген ғылыми зерттеулер бар. Біз бұл туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймыз, сондықтан осы қозғалысты іске қосқан болатынбыз.
Үй жануарларының жанында болған кезде өзімізді алаңсыз сезінеміз. Бірқатар зерттеулер үй жануарлары қожайындарының қан қысымы төмен екенін растап отыр, ал стрестік жағдайда жануарлар қысымның күрт өзгеруін жеңілдетуге көмектеседі.
Итпен үнемі байланыста болу және ойнау адам организміндегі кортизол, яғни стресс гормоны деңгейін төмендетеді.
Жақын жерде үй жануарларының болуы қандағы холестерин деңгейіне оң әсер етеді және жүрек бұлшықетінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Иттермен күн сайын серуендеу иммунитетті нығайтады.
Тәннің ғана емес, жанның да жақсарғаны байқалады. Жануар қожайындарының өзін-өзі бағалауы артады, олар көпшіл бола бастайды және өзін-өзі бақылау қасиеті дамиды. Үй жануарлары қарт адамдарға айтарлықтай пайда әкеледі: респонденттердің 97%-ы үй жануарлары олардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер етеді деп пайымдаған екен.
Үй жануарлары денсаулық проблемаларын болдырмауға ғана емес, сонымен қатар оларды шешуге көмектеседі. 2015 жылғы зерттеу иттер қатерлі ісіктің ерте белгілеріне жауап бере алатынын анықтады, ал жануарлардың көмегімен терапия деменция сияқты дегенеративті аурулары бар адамдардың жағдайын жақсартады. Үй жануарларының денсаулығымызға әсері физикалық көріністермен шектелмейді. Жануарлармен қарым-қатынас психикаға жақсы әсер етеді. Жануарлардың көмегімен терапияны ерте кезеңде қолдану посттравматикалық синдромдардың дамуын тоқтатады және психикалық бұзылуларды азайтады, тіпті шизофрения сияқты емделмейтін аурудың көріністерін бақылауға көмектеседі.
Жануарлар терапиясының жетістігі «жақсы көңіл-күй гормоны» - үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде біздің денемізде өндірілетін окситоцинге байланысты. Осылайша, жануарлардың көмегімен терапия психикалық бұзылуларды емдеуде шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Үй жануарлары балаларға ерекше пайда әкеледі. Отбасында иті бар балалардың дене пішімінің қалпы керемет күйде болады. Бұл бүкіл отбасы үшін шымыр және сергек болудың тамаша тәсілі! Отбасында иттің болуы баланың мазасыздық деңгейін төмендетеді , олардың әлеуметтік бейімделуін және өзіне деген сенімділік сезімін жақсартады. Итпен өткізген уақыт балалардағы аллергиялық және астматикалық жағдайлардың пайда болу қаупін азайтады және көңіл бөлуді талап ететін гиперреактивтілік синдромының көріністерін басады.
Аутист балалары бар отбасылар да жануарлардың жағымды әсерін сезінеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасында иттің болуы аутизммен ауыратын балаларды тыныштандырады және бала үшін де, бүкіл отбасы үшін де стресс деңгейін азайтады.
Сонымен қатар жануарлар балаларды қамқорлық пен жауапкершілікке үйретеді, олармен қарым-қатынас өмір бойына жетерлік махаббат пен мейірімділіктің негізін қалайды.
Наши исследования показывают, что мы оказываем огромное влияние на окружающий мир. Узнайте больше, как PURINA® работает над созданием гармоничного будущего для людей и животных.