Коронавирус және үй жануарлары: нені білу керек?
Үй жануарлары коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?
Біз қазір тап болған ауру бета-коронавирустарға жатады. Біздің үй жануарларымыз альфа- коронавирустарына бейім болуы мүмкін, ал альфа-коронавирустарының қазіргі SARS-CoV-2 індетінің өршуіне ешқандай қатысы жоқ. Ең бастысы – бұл коронавирустың әртүрлі нұсқалары. Қазіргі уақытта үй жануарларының COVID-19 вирусын жұқтыруы мүмкін екендігі туралы шектеулі дәлелдер бар.
Үй жануарлары біреуге коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?
Қазіргі уақытта үй жануарларының инфекция көзі болуы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Баспасөз релизінде (20 наурыз, 2020 ж.) Халықаралық ұсақ жануарлар ветеринарлық қауымдастығы (WSAVA) үй жануарларының қожайындарын үрейленбеуге және үй жануарларына қамқорлық жасауды жалғастыруға шақырады.
Алайда жағдай тез өзгеріп отырады және денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардан, оның ішінде Халықаралық ұсақ жануарлар ветеринарлық қауымдастығы (WSAVA) және Бүкіләлемдік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымынан (OIE) үнемі жаңа мәліметтер келіп тұрады. Purina сайтына жарияланған ақпарат жаңа ақпарат түскен сайын жаңартылып тұрады.
Кеңестер. Үйде бірге қалғанда қалай қауіпсіздікті сақтауға болады?
Адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынамыз:
1. Гигиена сақтаңыз – жұқтырған адамдар үмкіндігінше байланыстарды шектеуге тырысуы керек.
2. Егер ауырып қалсаңыз, үй жануарыңызға күтім жасау үшін біреумен келісіңіз. Қосымша сақтық шарасы ретінде жануарға қамқорлық жасайтын адамға қажет нәрсенің бәрін дайындап қойыңыз;
3. Даладан келген иттің аяғын жуыңыз, итті карантиннің басында жуындырыңыз, құрамында хлоргексидин бар зарарсыздандыратын сусабынды пайдаланған жөн.
4. Жануарыңыздың басқа адамдармен қарым- қатынас жасауына жол бермеңіз, серуендеу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.
5. Егер үй жануарыңызды ветеринарға апару керек болса, алдымен оған қоңырау шалыңыз. Егер жануар COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқа түссе, оқшаулау аймағын дайындау үшін бұл туралы ветеринарға хабарлау керек.
6. Карантин кезеңінде үй жануарларына арналған азық пен күтім жасау өнімдерінің жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Есіңізде болсын, басқаларға да азық керек, сондықтан тек қажет мөлшерде ғана сатып алыңыз.
7. Карантин кезінде мысықтардың сыртта серуендеуін шектеңіз.
Егер ауырып қалсаңыз, үй жануарына қалай күтім жасау керек?
Егер үй жануарының қожайынына осы инфекция жұқты деген диагноз қойылса, үй жануарымен қарым-қатынасты шектеңіз және оған күтім жасау міндеттерін отбасының басқа мүшелеріне жүктеңіз.
Егер мұндай мүмкіндік болмаса, үй жануарымен қарым-қатынас жасау уақытын шектеу керек, сонымен қатар үй жануарларымен қарым-қатынас жасау, оларды азықтандыру алдында және содан кейін қолыңызды міндетті түрде жуу керек. Жақын қарым-қатынас және сүюге байланысты ойындар мен үй жануарларымен кез келген қарым-қатынасқа жол бермеңіз. Қазіргі уақытта үй жануарларының осы вирусты жұқтыруы және оны таратуы мүмкін екендігі туралы тікелей дәлел жоқ. Алайда, адамның иммундық жүйесі әлсіреген кезде, әдеттегі жағдайда бізге ешқандай қауіп төндірмейтін басқа патогенді микроорганизмдерге сезімтал болуы мүмкін.
Сондықтан індет кезінде үй жануарларына шикі тамақ бермеу керек, сонымен қатар мысықтардың далада серуендеуін шектеуге кеңес береміз.
Азықтану бойынша кеңестер
1. Егер үй жануарларына беретін әдеттегі азықты сатып ала алмасаңыз, азығын кенеттен өзгертпеуге тырысыңыз, 3-7 күн ішінде рационға біртіндеп өзгерістер енгізуге тырысыңыз.
2. Азықтың ыдыста ұзақ уақыт тұрып қалуына жол бермеңіз, сулы азық бір сағаттан кейін патогендердің ықтимал жұғу көзі болуы мүмкін.
3. Оны тәтті азықтармен араластырмаңыз. Жүрек жалғау тәуліктік норманың 10%-ынан аспауы керек. Үй жануарыңызбен шектеулі байланыс жасаған жағдайда оған тәтті азықтар бергіңіз келетінін білеміз. Бірақ үй жануарының денсаулығын сақтау үшін азықтану ережелерін сақтау өте маңызды.
4. Су туралы ұмытпаңыз, таза су әрқашан үй жануарына көрінетін жерде тұруы керек.
Сондай-ақ сізді Халықаралық ұсақ жануарлар ветеринарлық қауымдастығы (WSAVA), Бүкіл әлемдік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (OIE) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты ресми және сенімді ақпарат көздерінен келетін ақпараттан хабардар болуға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, осы қиын кезеңнен бірге өту оңай болады деп сенеміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!