Purina қызметіне қош келдіңіз, мұнда сіз ит тұқымын таңдай аласыз.
Өзіңізге ұнайтын тұқым туралы толығырақ айтып береміз және үй жануарын таңдауға көмектесеміз.
Егер қандай тұқым қажет екенін білсеңіз ,оны «Библиотеке пород» іздеңіз
Өзіңізге қолайлы тұқымды іздеп табу
Біз, Purina-дағылар үй жануарларымен өмір сүру өмірімізді жақсарта түседі деп сенеміз. Иттің қожайыны болу бақытты және толыққанды өмір сүруді білдіреді, бұл адамға да, жануарға да қатысты. Ит тұқымын таңдау өте жауапты міндет, өйткені сіз тек үй жануарын емес, өзіңізге серік таңдайсыз.
Өмір сүру салты
Әрбір иттің жеке сипаттамалары болады, бірақ жануарлардың кейбір инстинкттер мен мінез-құлық үлгілері туа бітеді. Кейбір тұқымды иттер өте шулы болып келеді, бірақ күшікті өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуге болады. Бұл көп уақыт пен көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені оның табиғаты қарама-қарсы белгілерге негізделуі мүмкін. Біздің тұқым таңдау құралымыз табиғи бейімділігі сіздің қалауыңызға сәйкес келетін ит тұқымын таңдауға көмектеседі. Өйткені қожайын мен иттің мінездері келіссе, олардың қарым-қатынасы жайлы болады.
Таңдауға көмектесетін сұрақтар
Purina-да үй жануарларының тамақтануы, денсаулығы және мінез-құлқы бойынша сарапшылар жұмыс істейді. Біздің сұрақтарымызға жауап бере отырып, иттің тұқымын дұрыс таңдауға көмектесетін нәтиже аласыз.
Будан және көпек ит
Ит таңдағанда асыл тұқымдыға да, асыл тұқымды емес иттерге де назар аударуды ұсынамыз. Будандарда түрлі таза тұқымдардың сыртқы түрі мен ерекшелігі үйлесім тапқан, бірақ қай тұқымның ерекшеліктері үй жануарының түрі мен мінезіне көбірек әсер ететінін нық сеніммен айту қиын. Әдетте, көпек иттер деп аталатын аралас тұқымды иттер негізінен асыл тұқымды емес иттер болып келеді. Мұндай жануарлардың артықшылықтары бар: генетикалық әртүрліліктің арқасында көбінесе, олардың денсаулығы жақсы болып табылады. Үй жануарларының панажайларында асыл тұқымды жануарларды да, аралас тұқымды иттерді де таба аласыз. Олардың барлығы бірдей жаңа қожайын болатын адамды күтуде. Панажай қызметкерлері сізге жеті қазынаңыздың бірін табуға көмектеседі.
Үлкен таңдау
Әр адамға әртүрлі иттің ұнайтынын түсінеміз. Біздің тест қай тұқымның ойыңыздан шығатынын, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтайды. Бұл сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деген үміттеміз.
Егер қандай тұқым қажет екенін білсеңіз ,оны «Тұқымдар топтамасынан» іздеңіз