Біз адамдар мен үй жануарларының бірге өмір сүргені жақсы дегенге сенеміз және қазір бұл байланыс бұрынғыдан да маңызды. PURINA сізге, үй жануарыңызға қамқорлық жасайды және үй жануарларының қожайындары мен біздің кішкентай достарымыз көңілді әрі дені сау болып жүруі үшін мұқтаж адамдарға көмектеседі.
Ресейде Purina бренді өзін-өзі оқшаулаған қарт адамдарға және пандемия кезінде қолдауды қажет ететін үй жануарларына, қайырымдылық қорларына, панажайларға қолдау көрсетеді. 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында Purina®️ қайырымдылық негізде Ресейдегі иттер мен мысықтарға 65 тоннадан астам азық берді. Пандемия кезінде қарт адамдар мен үй жануарлары бар көп балалы отбасыларға қолдау көрсететін «Соратники» қоры арқылы Purina®️ үй жануарларына 3,7 тонна азық берді. Ресей Қызыл Крестінің Мәскеу бөлімшесіне үй жануарлары бар көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін 3 тонна азық жіберілді.
Жануарларға көмек көрсететін «Дарящие надежду» қоры өткізген «НАКОРМИ» қайырымдылық науқанын өткізуге тағы 5 тонна өнім бөлінді. Жоба Мәскеу көшелерінде тұратын мысықтар мен иттерді аштықтан құтқаруға арналған. Сондай-ақ «Дарящие надежду» қоры 20 тоннаға жуық өнім алды, олар Мәскеу облысының түрлі 15 панажайларына таратылды. Purina®-ның басқа серіктесі «НИКА» панасыз жануарларға көмек көрсету қоры Мәскеу және Мәскеу облысының панажайларына 10 тоннаға жуық азық берді. Бүкіл Ресейлік халық майданы науқанын және «Я свободен» қорын қолдау үшін 5 тоннаға жуық азық бөлінді, ол Ногин муниципалды панажайына берілді. Сондай-ақ бренд 5 тоннадан аса азық беріп, «Жануарлардың әл-ауқаты» қауымдастығының #гречкашеринг панажайларына көмек жинау науқанын қолдады. Оған қоса Purina® шамамен 15 тонна өнімді «Русь» азық-түлік қорымен бірге Мәскеу және Калуга облыстарының панажайларына жіберді.
Қызметі жануарларға көмектесуге, жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға бағытталған ұйымдарды үнемі қолдау бағдарламасы аясында Purina өзінің ұзақ мерзімді серіктестерінің азықтарын қолдауды жалғастыруда, мысалы: «Собаки-помощники» жетектейтін иттер мен терапевтерді дайындау орталығы, хаски иттерінің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту бағдарламаларын жүзеге асыратын «Приключение» клубының қоры, «Юна» уақытша панасыз жануарларды қалпына келтіру орталығы, сондай-ақ Мәскеу облысындағы «Домашний» және Калуга облысындағы «Вторая жизнь» панажайы.
Біз, Purina-дағылар үйден шықпай-ақ, көңіл көтеруге болатын себептің бар екеніне сенеміз! Сүйікті үй жануарларымыздан үлгі алған жеткілікті, олар үшін бақыт деген – қасында болу. Бұл кезді ұсақ-түйектерге қуана отырып, пайдалы өткізіңіз: жаңа командалар үйретіңіз, доп ойнаңыз немесе өзіңіздің және жақындарыңыздың көңіл-күйін көтеріңіз, әлеуметтік желілерге #СПитомцамиДомаЛучше #WeAreBetterAtHomeWithPets хештегтерімен олармен түскен суреттеріңізді салыңыз.
Үйде уақытты тиімді өткізу үшін біз оқшаулану кезеңінде үй жануарларының қожайындарына пайдалы болуы мүмкін жобаларға назар аудартамыз. Олардың ішінде PURINA-ның балаларды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға үйретуге арналған «Біз сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасы, «Үй жануарларына қамқорлық жасау мектебі» онлайн ойыны бар, олардың көмегімен жас қожайындар төрт аяқты достарына күтім жасау негіздерін игере алады, панажайдан мысық немесе ит таңдауға мүмкіндік беретін «Бір-біріне» қызметі бар.
Purina пандемия кезінде егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған серіктестерінің әлеуметтік жобаларын дамытуға көмектеседі. Сонымен «Перекресток» дүкендер желісімен бірге Purina One бренді зейнеткерлерге арналған иттерді серуендетуге арналған тегін қызметті іске қосты. Қызмет «Клуб Перекресток» картасы бар 65 жастан асқан барлық адамдар үшін қолжетімді. Қызметті пайдалану үшін сауда желісінің колл-орталығына қоңырау шалу (8 800 200 9555) немесе жобаның perekrestok-dog.ru сайтына өтінім қалдыру жеткілікті.
Үй жануарларының қожайындарына арналған кеңестер мен пайдалы мақалалар
Осындай қиын-қыстау кезеңдерде біз үй жануарларымызбен үйде көбірек уақыт өткіземіз, олардың белсенділік деңгейін сақтап, ойындарға қатыстыруға тырысамыз. Бұл бөлімнен үй жануарларының қожайындарына арналған үй жануарларына қалай күтім касау және онымен үйде уақытты тиімді өткізу туралы кеңестер мен пайдалы мақалаларды таба аласыз.