Мысықта артық салмақтың бар екенін қалай анықтауға болады және онымен күресу жолдары
Мысықта артық салмақтың бар екенін қалай анықтауға болады және онымен күресу жолдары
Мысықтың артық салмақ жинағанын анықтау оңай емес, әсіресе, жүні ұзын болса және кейбір тұқымның мысықтары басқаларға қарағанда ірілеу болып келеді. Физикалық жағдайды бағалау әдісі бірнеше минутты алады және үй жануарыңыздың қандай формада екендігін жылдам түсінуге мүмкіндік береді.
Егер үй жануарыңыздың салмағы нормадан артық дегенге сенімді болмасаңыз, күдіктенсеңіз ветеринар дәрігермен сөйлесіңіз. Мысығыңыздың азығын өзгертпес бұрын дәрігерден кеңес алу өте маңызды, өйткені оның артық салмағы тәбеттің жоғары болуына байланысты емес, ауру белгілері болуы мүмкін.
Мысығыңыздың салмағын қалай өлшеуге болады?
Мысықтың салмағын бақылаудың оңай әдісі – оны үйде өлшеу. Таразыға шыққан кезде оны жай ғана көтеріп алыңыз, содан кейін мысықсыз өлшеніңіз де, көрсеткіштерді бірбірінен азайтыңыз. Қалдық мысығыңыздың салмағы болады. Бірақ бұған ғана сенбеңіз, сапалы тексеру үй жануарыңыздың денсаулығы туралы анағұрлым толық көрініс береді.
Мысықтың мінсіз салмағын қалай қалпына келтіруге болады?
Диетаны бастамас бұрын немесе үй жануарыңыздың азықтану раицонын өзгертпес бұрын, ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Диета басталар алдында және тұтынылатын азық мөлшеріне шектеулер енгізбес бұрын мысықты өлшеп алған және қандай да бір ауруларының баржоғын тексеріп алған аса маңызды. Үй жануарыңыздың тез және ауыртпалықсыз салмақ тастауына көмектесу үшін, екі апта бойы үлпілдек досыңыздың рационынан барлық десерттер мен тәтті азықтарды, соның ішінде сүтті алып тастауға тырысыңыз. Барлық отбасы мүшелері мысықтың жаңа диетасын білетініне және ешкім үй жануарыңызды асырын тамақтандырып жүрмегеніне көз жеткізіңіз! Егер сізде бірнеше мысық болса, оларды бөлек азықтандырыңыз, сонда олар бір-бірінің итаяғына көздерін сүзбейді. Үй жануарларын жиі тамақтандыруға тырысыңыз, бірақ үлесімдер азғантай болуы керек, бұл мысыққа аштықты ауыртпалықсыз жеңуге өмектеседі, сонымен қатар үлпілдек досыңыз жейтін азықтың жалпы мөлшерін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ветеринар дәрігер күн сайын тұтынылатын азықтың жалпы көлемін азайтуды, сонымен қатар арнайы калориясы аз диетаға ауысуды ұсынуы мүмкін. Есіңізде болсын, ветеринар дәрігермен кеңеспей, ешқашан мысықты аш қалдырмаңыз және рационының мөлшерін зайтпаңыз, өйткені бұл денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Мысықтарға арналған кейбір арнайы брендтердің азықтары да үйде өмір сүретін және далаға сирек шығатын ұрықсыздандырылған мысықтардың немесе үй жануарларының талғамы мен тағамдық қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған арнайы өнімдерді ұсынады. Әдетте, мұндай азық түрлері аз күш-қуатты қажет ететін әртүрлі жастағы ұрықсыздандырылған мысықтарға организмінде глюкоза метаболизмінің тиісті деңгейін және зәр шығару жолдарының дұрыс жұмыс істеуін сақтай отырып, бұлшықет массасын сақтауға көмектеседі.
Дұрыс рацион салмақ түсірудің алғашқы қадамы болғанымен, үй жануарыңыздың өмір сүру салты да өте маңызды. Физикалық жүктеменің болмауы көбінесе салмақ жинаудың негізгі себептерінің бірі болып табылады, сондықтан үй жануарыңызды мүмкіндігінше көп калория жағып, мүмкіндігінше белсенді өмір сүру салтына итермелеңіз. Бұл мақсатқа жету үшін үй жануарыңызбен ұзақ уақыт ойындар ойнау көмектеседі: көптеген мысықтар доппен немесе секіретін ойыншықтармен ойнағанды ұнатады.
Семірген марғау уақыт өте келе денсаулығы нашар семіз мысыққа айналады. Артық салмақ көбінесе, остеоартриттің пайда болуына әкеледі, бұл өз кезегінде диабет пен зәр шығару проблемаларына әкеледі. Сондықтан үй жануарыңыздың мінсіз салмағы мен жақсы физикалық жағдайын сақтаған өте маңызды. Гимнастика семіздіктің алдын алудың және үлпілдек досыңыздың салмағын бақылаудың тиімді құралы екенін ұмытпаңыз, алдын алу емдеуден гөрі жақсы екенін есіңізден шығармаңыз!
Мысықтың белсенділігін тиісті деңгейде ұстау үшін ойыншықтар, өрмелеуге арналған үй сырғанақтарын немесе тырнақ қажағыштар сатып алыңыз. Үй жануарыңызбен үнемі ойнаңыз және қозғалатын нәрсенің бәрі бірден мысықтың назарын аудартатынын есіңізден шығармаңыз, бұл үлпілдек досыңызға аң аулау дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.
Мысықтың физикалық белсенділігін сақтау үшін үйдегі әлеуметтік орта мен ахуал өте маңызды. Ойланып көріңіз, үйіңізде өрмелеуге болатын заттар көп пе? Үй жануарымен ойнағаннан кейін ойыншықтарды бірден жинап тастауды ұмытпайсыз ба? (келесі жолы оларды көрсеткенде мысық қуанатындай болуы керек). Егер екі қабатты үйде тұрсаңыз, азық салынған ыдысты үй жануарыңыз ұйықтайтын жерден алысырақ, екінші қабатқа қойыңыз, сонда ол баспалдақпен көтеріліп, көбірек қозғалатын болады, осы тәжірибені жасап көріңіз.

«Жеңіл» азықты қолдануға негізделген диеталар
Мысықтың мінсіз салмағын қалпына келтіруге көмектесу үшін үй жануарыңызды калориясы төмен арнайы дайындалған «жеңіл» азыққа ауыстырудың артықшылықтары туралы ойлану керек, бұл үлпілдек досыңыздың күндізгі стандартты үлесімінің көлемін азайтудан бас тартуға мүмкіндік береді. «Жеңіл» азық мысықтың организміне қажетті барлық микроэлементтермен және қоректік заттармен байытылған. Сондықтан егер үй жануарыңыз күн сайын тұтынатын азықтың жалпы мөлшерін азайтуға тура келсе де, үлпілдек досыңыз қажетті дәрумендер мен минералды заттардың тиісті мөлшерде және дұрыс пропорциямен алатынына сенімді бола аласыз. Егер мысығыңыз ветеринар дәрігер ұсынған диетаны ұстанса, үлпілдек досыңыздың азықтану режимін өз бетіңізше өзгертпес бұрын алдымен онымен кеңесуіңіз керек екенін ескеріңіз.
Диета басталғаннан кейін екі апта өткен соң мысықтың физикалық жағдайы мен салмағын қайта тексеріп, мысықтың салмағы қалпына келгенше және оның жалпы жағдайы жақсарғанша диетаны жалғастырыңыз. Есіңізде болсын, тез салмақ жоғалту денсаулыққа қауіпті және денсаулыққа қатысты елеулі проблемалар тудыруы мүмкін. Салмақты сәтті азайту баяу және біртіндеп болуы керек, сонымен қатар диета бірнеше айға созылуы мүмкін. Шыдамды болыңыз! Ветеринар дәрігерден үй жануарыңызға салмақ түсірудің арнайы бағдарламасын жасауды өтіне аласыз, бұл мысықтың физикалық жағдайын дәрігер тарапынан бақылауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар тиісті кәсіби көмек пен тәжірибелі маманның кеңестерін алуға мүмкіндік береді. Үлпілдек досыңыз мінсіз салмаққа оралу міндетін сәтті орындағаннан кейін оның салмағын тұрақтандыратын рационы мен азықтану рационын аздап өзгерте аласыз.