Мысықтың жағдайын бақылауға арналған қосымша

PURINA® әзірлеген мысықтың физикалық жағдайын бақылау жөніндегі қосымшаның арқасында әрқашан үй жануарыңыздың физикалық күйін оңтайлы күйде ұстай аласыз. Есіңізде болсын: дұрыс рацион және физикалық жаттығу – мысығыңыздың денсаулығының негізгі құраушы бөліктері!
Приложение по контролю за состоянием кошки
Приложение по контролю за состоянием кошки

Мысықтың қалыпты салмағы және физикалық жағдайы

Мысықтардың денесі және көлемі әртүрлі  болып келеді, сондықтан кейде олардың салмағы қалыпты ма, жоқ па, оны анықтау қиын, өйткені сіз оларды артық салмағына қарамастан жақсы көресіз!

Бірақ көлем денсаулыққа қатысты маңызды  емес, десе де артық салмақ көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін. Сонымен, қалыпты салмақ дегеніміз не? Бұл тұқымға байланысты, мысықтың мінсіз салмағын білу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау керек.

Мысықтың қазіргі жағдайына сәйкес келетін  дене пішінін таңдау үшін ползунки қолданыңыз, сонда сіз үй жануарыңыздың жағдайы қандай екенін және оның қалыпты жағдайдан қаншалықты ерекшеленетінін бірден білесіз..

Біз салмаққа көңіл бөлмеуге тырысамыз,  өйткені мысықтың денсаулығы салмаққа ғана байланысты емес. Физикалық жағдайды бағалау әдісін біздің сарапшылар мысығыңыздың жалпы сау екенін анықтауға және оның жүн астындағы салмағының қандай екенін түсінуге көмектесу үшін жасайды.

Толық түсінік алу үшін мысықты жан-жақты  тексеріңіз, бұл оның қалыпты салмағын анықтау үшін өте маңызды. Егер тексеру кезінде үй жануарлары бірбеткейленіп, қашып кеткісі келсе, уайымдамаңыз: өз тарапыңыздан аздап табандылық танытып, еркелетіп, аздаған тәтті азық берсеңіз болғаны, мысығыңыз көп ұзамай тынышталып, тексеруге мүмкіндік береді.

Қалыпты салмақ – көңілді өмір сүру кепілі

Есіңізде болсын: мысықтың қалыпты физикалық  күйін сақтауға көмектесу оның қашанда сау, көңілді әрі жігерлі болуына кепілдік береді. Егер үй жануарыңыз аздап салмақ жинап алса, бұл оның белсенділігіне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Артық салмағы бар мысықтар көбінесе, келесі аурулардан зардап шегетінін ескеріңіз:

  • артрит, ауырсыну және буындардың зақымдануы;
  • екінші типті қант диабеті;
  • жүрек-қантамыр аурулары;
  • белсенділікті, төзімділікті және өмірлік қуат деңгейін төмендету;
  • жоғары операциялық және анестезиологиялық қауіп;
  • бауырды май басу салдарынан ол органның қалыпты жұмысының бұзылуы (әсіресе ересек мысықтарда).

Мысықтың физикалық жағдайын бағалау үлгісі

Тек салмақ көрсеткіші үй жануарыңыздың  денсаулығы туралы қажет нәрсенің бәрін көрсете алмайтыны сөзсіз. Сонымен, жаттығатын уақыт келді!

Үй жануарыңыздың физикалық жағдайын  дұрыс бағалайтындығыңызға сенімді емессіз бе? Барлық мысықтың қожайындары үй жануарларының қалыпты салмағы туралы мүлдем басқа түсінікке ие. Алайда, шындық біреу-ақ: артық салмағы бар мысықтан гөрі, арық мысықтың дені сау. Әрине, мысықтар әртүрлі және олардың әрқайсысының азықтану қажеттілігі және қажетті белсенділік деңгейі әртүрлі. Көп нәрсе үй жануарыңыздың денесінің көлемі мен пішініне байланысты — салмағы бірдей екі мысықтың біреуінде артық салмақ, ал екіншісінде салмақ тапшылығы болуы мүмкін. Сондықтан үй жануарыңыздың физикалық жағдайын анықтаған кезде оның тек салмақ көрсеткішін ғана емес, барлық параметрлерін ескерген өте маңызды. Төменде берілген мысалдарға баса назар аударыңыз және мысықтың физикалық жағдайын бақылау қосымшасының мүмкіндіктерін қалай дұрыс пайдалану керектігін қараңыз.

 

Мінеки, мысығыңыздың физикалық жағдайын  бағаладыңыз, бәрі оп-оңай! Мысығыңыз жақсы күйде деген үміттеміз, бірақ егер оның жағдайына күмәндансаңыз, ветеринар дәрігермен кеңесіңіз немесе сайттағы сарапшымызбен хабарласыңыз.

Бұл қарапайым әрекеттерді мысыққа  әдеттегідей күтім жасау іс-әрекетіне қосу оның дені сау және бақытты өмір сүруіне және кез келген жаста қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі.

Физикалық жағдайды баллмен бағалау: Нұсқаулық

Алдымен мысығыңызға қараңыз. Көзбен шолып  қарау оның салмағының қалыпты екенін анықтауға көмектеседі. Әр қырынан.

  • Жанынан тексеріп қарау: мысыққа жанынан қараңыз. Сонда іші, арқа сызығы және жалпы  позасы жақсы көрінеді.
  • Жоғарыдан қарау: тұрған мысыққа жоғарыдан қараңыз. Белі мен омыртқасы (арқасы) жақсы көрінеді. 

Тексеріп қарау кезінде мысықтың тұқымын  ескеріңіз. Кейбір мысықтар (мысалы, сиам) басқаларға қарағанда табиғатынан арықтау болып келеді.Мысықтардың бетінен артық салмағының бар-жоғы байқалмайды, егер мысығыңыздың беті тым арық немесе керісінше, толық болып көрінсе, алаңдамаңыз,  бұл үй жануарыңыздың ерекшелігі.керісінше, толық болып көрінсе, алаңдамаңыз, 

Көзбен шолып қарағаннан кейін тактильді  тексеріп қарауға көшіңіз. Үш негізгі аймақты тексеру керек.