Мысықтар мен иттерге арналған Purina азықтарының құрамы
Үй жануарларыңыздың денсаулығы мен жақсы көңіл-күйін қамтамасыз ету үшін сапалы әрі теңдестірілген азық жасағанымыздың арқасында PURINA® бренді 120 жылдан астам уақыт бойы белсенді дамып келеді.
Біздің кәсіпқой командаларымыз диетологтар, зоопсихологтар, ветеринар дәрігерлер және азықтану саласындағы мамандардан тұрады,олар үй жануарларының денсаулығын нығайту және өмірді түрлендіру, қауіпсіз ету үшін әртүрлі азық түрлерін жасау үшін жұмыс істейді.
Ингредиенттерді таңдау – жұмысымыздың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Үй жануарларына дәмді және қоректік азық жасау үшін біз жануарлардан алынатын шикізатты (мысалы, тауық еті, сиыр еті, қой еті және балық), сондай-ақ көкөністерді, дәнді дақылдар мен дәрумендерді қолданамыз. Сонымен қатар үй жануарларының азықтық рационының сапасы олардың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететіндігін басшылыққа аламыз, сондықтан азықтарға арналған ингредиенттерді таңдағанда біз қателесуге жол бермеуіміз керек! Әрі қарай сізге PURINA® азығының құрамына кіретін нақты ингредиенттер туралы толығырақ айтып береміз.
Ет және жануарлардан алынатын өнімдер
Жануарлардан алынатын өнімдер (тауық еті, сиыр еті, қой еті) — үй жануарларына қажетті ақуыздардың, май қышқылдарының, темірдің және В дәрумендерінің кейбір топтарының керемет қайнар көзі. Үй жануарларына еттің дәмі өте қатты ұнайды, сондайақ олардың организмі етті оңай қорытады.
PURINA ® өнімдерінің рецептурасын жасау кезінде қатаң ветеринарлық бақылаудан өткен және еті адам үшін мүлдем қауіпсіз және адамдардың жеуіне жарамды жануарлардан алынған ингредиенттерді пайдаланады. біздің үй жануарларына арналған азықтың құрамына тек адамның дәстүрлі түрде жейтін жануарлардан алынатын шикізат кіреді, олар: сиыр еті, қой еті, құс еті және шошқа еті.
Балық және балық өнімдері
Балық – жоғары сапалы ақуыздың қайнар көзі, сондықтан біз оны үй жануарларына арналған PURINA® азықтарының бірнешеуінің рецептурасында қолданамыз. Ақуыздар – организмнің өсуі мен қалпына келуі үшін қажетті заттар. Олар энергияны ақтауға, бұлшықеттің өсуіне, сүйектер мен терінің дамуына, сондай-ақ антиденелер мен гормондардың түзілуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар балық өнімдерінің құрамында йод бар, ал балық сүйектерінен алынған ұн кальций мен фосфорға бай. Майлы балықтың жұмсақ етінде үй жануарларыңыздың жүнінің саулығын сақтап, жылтырататын А, D дәрумендері және Омега-3 бар.
Көкөністер
Үй жануарларына арналған PURINA® азығының көптеген түрлерінің құрамында көкөністер ақуыз және үй жануарыңыздың организміне қажетті басқа да қоректік заттармен үйлеседі. Көкөністер дәрумендерге, жасұнықтарға және минералды қосылыстарға бай, а соя акуыз күш-қуат, В дәрумені және Омега-6, сонымен қатар талшықтар мен бірқатар минералды заттардың қайнар көзі болып табылады.
Дәрумендер, минералды заттар және амин қышқылдары
Адамдар сияқты, иттер мен мысықтардың дене құрылымы мен өмірлік маңызды функцияларын сақтау үшін дәрумендер мен минералды заттардың дұрыс теңгерімі қажет. Басқалармен қатар дәрумендер де антиоксиданттарды өндіруді реттейді және үй жануарыңыздың иммундық жүйесі мен көру қабілетін сақтайды, сүйектерінің, бұлшықет тіндерінің және буындарының саулығына кепілдік береді. Өз кезегінде, минералды заттар организмдегі сұйықтық теңгерімін қамтамасыз етеді, зат алмасу процесін қолдайды және сүйікті үй жануарыңыздың сүйектері мен тістерін мықты және сау етеді.
Үй жануарлары азығының құрамына енетін дәрумендер, минералды заттар және амин қышқылдары тағамдық қоспалар тобына жатады. Өндіріс процесінде бұл қоспалар теңдестірілген ингредиент құрамы бар және үйжануарыңыздың организмі үшін қажет қоректік заттарға бай азықтарды шығаруға көмектеседі. Азықтық қоспалардың бірнеше түрінде келесі микроэлементтер бар: А дәрумені (көру қабілеті үшін пайдалы), кальций және фосфор (сүйектер мен тістерді нығайтады және денсаулықты тұрақты түрде сақтайды), темір сульфатының моногидраты (қанның саулығы үшін өте пайдалы), сондай-ақ мырыш сульфатының моногидраты (иммундық жүйенің күйіне пайдалы әсер етеді).
Басқа азықтық қоспалар
Азықтық қоспаларға мыналар жатады: хошиістендіргіштер, консерванттар, антиоксиданттар мен бояуыштар, олар азықтың дәм сапасына әсер етеді және олардың болуы үй жануарларыңыздың қауіпсіз және теңгерімді азықтануының кепілі болып табылады. Үй жануарларына арналған азықтарды өндіру кезінде әртүрлі қоспалардың аз мөлшерін қолданамыз, олардың әрқайсысы үй жануарыңыздың денсаулығы үшін өте қауіпсіз және үй жануарларына арналған азықтың ингредиенттік құрамына қатысты РФ заңнамасының барлық талаптарына толық сәйкес келеді. Шын мәнінде, бұл адамдарға арналған азықтарда кездесетін қоспалар.
Консерванттар — тағамдық қоспалардың бір түрі, жасанды да, табиғи да болуы мүмкін, алайда екеуі де тағамның әртүрлі компоненттерінің, мысалы, майлардың бүлінуіне жол бермеуге арналған. Консерванттар үй жануарларына арналған азықтың қауіпсіздігін, сапасы мен дәмін сақтауда маңызды рөл атқарады.
Азықтық қоспалардың тағы бір түрі – антиоксиданттар. Олардың азық құрамында болуы үй жануарларының денсаулығы мен әл- ауқатын сақтауда өте маңызды екендігі дәлелденді. Кейде біз өз өнімдерімізге селен, С және Е дәрумендері сияқты антиоксиданттарды қосамыз, олар үй жануарларының иммунитетін нығайтуға және бос радикалдарды бейтараптандыруға қажет.
Өнімдеріміздің құрамында өте аз мөлшерде бояуыштар бар, олардың болуы басқа қоспалармен қатар тамақ стандарттарымен қатаң реттеледі және РФ заңнама нормаларына сәйкес келеді. Реттеуші ережелерге сәйкес, біз қолданатын бояуыштар мен басқа да тағамдық қоспалар ЕО мен Ресейдің барлық мемлекеттерінде адамдарға, мысықтар мен иттерге арналған тағамның құрамындақолдануға рұқсат етілген. Қазіргі замандағы тұтынушылардың жасанды бояуыштар қосылмаған тағамға деген сұранысын ескере отырып, біз де осы бағытта жұмыс істей бастадық, 2020 жылға қарай Еуропада барлық жасанды бояуыштарды негізгі өнімдерімізден, ал 2023 жылға қарай үй жануарларына арналған тәтті азықтардан толығымен алып тастауды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ресейде біз Ворсино ауылындағы фабрикада шығарылатын барлық өнімдердің құрамынан жасанды бояуыштарды толығымен алып тастадық.
Өнімдеріміздің құрамынан жасанды бояуыштарды алып тастау бойынша Purina® міндеттемесі туралы осы жерден біліңіз.
Дәнді дақылдар
Біздің өнімдеріміздің рецептурасы жүгері (маис), күріш, бидай және арпа сияқты пайдалы дәндер кіреді. Олардың барлығы көмірсудың, демек күш-қуаттың және басқа да қоректік заттардың, оның ішінде В тобының кейбір дәрумендерінің керемет қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар көптеген тағамдық талшықтар (мысалы, күріш кебегінің құрамына енетін) үй жануарларының асқорыту жүйесінің жұмысына қосымша оң әсер етуі мүмкін.
Біздің азығымыздың құрамындағы дәнді дақылдар туралы қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Майлар
Майлар үй жануарларының пайдалы рационының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар организмге ақуыздар мен көмірсулардың ұқсас мөлшерінен екі есе көп энергия береді. Сонымен қатар майлар тағамның дәмін, сондай-ақ үй жануарларының асқорыту жүйесінің қорытуын едәуір жақсартады.
Өмірлік маңызды май қышқылдары үй жануарыңыздың әл-ауқатын сақтау үшін, атап айтқанда, жүнінің әдемілігі мен жылтырлығын, буындар мен терінің саулығын сақтау үшін, сонымен қатар иммундық және репродуктивті жүйелерді нығайту, жануарлардың организмінен қождар мен уытты заттарды толығымен жою үшін қажет.
PURINA® азығының барлық ингредиенттері үй жануарыңыздың жасына және өмір салтына байланысты оның организміне қажетті май мөлшерін алуы үшін мұқият таңдалады. Бұл біздің әрбір азығымыздағы майдың жалпы мөлшері әртүрлі екенін білдіреді. Мысалы, күшіктерге арналған азықтағы май мөлшері ересек иттерге арналған азыққа қарағанда жоғары, ал жасы үлкен немесе артық салмағы бар жануарларға арналған азықтың құрамында май мөлшері аз.
Тұз (натрий)
Натрий – үй жануарлары организмінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өмірлік маңызды негізгі минералды заттардың бірі. Сонымен қатар тұз үй жануарыңыздың жүйке жүйесінің саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Электролиттер деп аталатын арнайы минералдардың (мысалы, натрий, калий, кальций және магний) жануардың рационында болуы оның организміндегі су теңгерімін сақтаумен тығыз байланысты. Есіңізде болсын: үй жануарыңыздың әрдайым жеткілікті мөлшерде су ішетініне көз жеткізіңіз, суды тым аз да (бұл сусыздануға әкеледі), тым көп те ішпеуі керек! Бұл мәселені шешу үшін өнімдеріміздің құрамына натрийді қосамыз, ол үй жануарларының сау және теңдестірілген рационының ажырамас бөлігі болып табылады.
Purina азықтарындағы тұз туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады.
Қант
Қанттың жеке түрлері – сахароза (қант құрағынан немесе қант қызылшасынан алынады), сондай-ақ фруктоза мен глюкоза. Осы заттардың бәрі көптеген көкөністер мен жемістердің құрамында кездесетін табиғи компоненттер болып табылады. Қант ақуыз сияқты жануар организмі үшін негізгі күш-қуаттың қайнар көздерінің бірі болғанымен де, PURINA® оны үй жануарларына арналған азық өндіруде негізгі ингредиент ретінде қарастырмайды. Барлық ингредиенттер кему ретімен көрсетілген өнімдеріміздің қаптамасына назар аударыңыз, сонда азықтың қандай да бір түрінің құрамында қант болса да, ол тізімнің ең соңында орналасқанына көз жеткізесіз.қуаттың қайнар көздерінің бірі болғанымен де, PURINA® оны үй жануарларына арналған азық өндіруде негізгі ингредиент ретінде қарастырмайды. Барлық ингредиенттер кему ретімен көрсетілген өнімдеріміздің қаптамасына назар аударыңыз, сонда азықтың қандай да бір түрінің құрамында қант болса да, ол тізімнің ең соңында орналасқанына көз жеткізесіз.
Егер үй жануарларына арналған PURINA® азығының құрамындағы ингредиенттер туралы сұрақтарыңыз болса, «Сіздің сұрақтарыңыз маңызды» бөліміндегі толық ақпаратпен танысуға кеңес береміз.Егер үй жануарларына арналған PURINA® азығының құрамындағы ингредиенттер туралы сұрақтарыңыз болса, «Сіздің сұрақтарыңыз маңызды» бөліміндегі толық ақпаратпен
танысуға кеңес береміз.