«ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ЖҰМЫС ОРНЫНДА» БАСТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕҢЕСТЕРІ

Үй жануарлары жұмыс орнында" бастамасын жүзеге асырмас бұрын, әріптестеріңіздің оған атсалысатынына көз жеткізіңіз. Төменде PURINA ® және біздің бастамамызды қолдайтын басқа компаниялардың неден бастау керектігі туралы  пайдалы кеңестер берілген

Қашанда әріптестеріңізді ойлаңыз

  • Жұмыста сізбен бірге болатын барлық үй жануарлары жақсы үйретілген, жаттықтырылған, компанияңыздағы басқа қызметкерлерге және олардың үй жануарларына қатысты өте мейірімді екеніне көз жеткізіңіз.
  • Үй жануарыңызды жұмысқа әкелер алдында әріптестеріңізде үй жануарларына аллергиясы немесе денсаулығына қатысты қандай да бір қиындықтары жоқ па, соны нақтылап алыңыз. Есіңізде болсын: мұндай жағдайда үй жануарларының жұмыс орнында болуы басқа қызметкерлердің көңіл-күйін жақсартудың орнына оны бұзады.
  • Лифтке немесе басқа жабық бөлмеге кірер алдында әрдайым ондағы адамдардан үй жануарыңыздың кіруіне қарсы емессіз бе деп сұраңыз.
  • Үй жануарларын ұстауға барлық бөлмелерде рұқсат етілмейтінін есте сақтаңыз: мысалы, үй жануарларының фитнес-орталықтарда, балабақшаларда, асүйде, сөйлесу бөлмелері мен дәретханаларда болуына жол бермеңіз.
  • Үй жануарыңыз өзіңізбен бірге болған күндері әртүрлі жиналыстарға немесе басқа жұмыс шараларына тым көп қатыспайтыныңызға көз жеткізіңіз. Үй жануарлары тіпті, жұмыс орнында да ұзақ уақыт қараусыз қалмауы керек!
  • Жұмыста болғанда әріптестеріңізге үй жануарларын қарау үшін мүмкіндігінше қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысыңыз. Мысалы, егер біреу кездесуге немесе жиналысқа барса, оның итімен біраз уақыт бола аласыз.

Үй жануарыңызға мұқият болыңыз

  • Үй жануарыңызға мұқият болыңыз Алғаш рет үй жануарыңызды жұмыс орнына адамдар аз болған кезде әкеліңіз, мысалы, демалыс күндері. Сонда үй жануарыңыз өзіне беймәлім ортаны тыныш қабылдай алады және оған ешкім зиян тигізбейді.
  • Есіңізде болсын: «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын жүзеге асырудағы іс- әрекеттердің қатаң жүйесі – сәттілікке апаратын кілт! Сондықтан әріптестеріңізге үй жануарыңыз үйренген барлық командаларды мүмкіндігінше тезірек көрсетуге тырысыңыз.
  • Жануарыңызға беретін тәтті азықты үнемі қадағалаңыз. Есіңізде болсын: бір күн ішінде тым көп тамақтану және жүрек жалғау салмақ қосуға және үй жануарыңыздың денсаулығына тудыруы мүмкін. Сондықтан үй жануарыңызға арналған пайдалы және дұрыс тағамдарды өзіңізбен бірге жұмыс орнына әкелуге тырысыңыз, әрине, оған ешқашан дастарқаннан тамақ алып бермеңіз!
  • Егер жұмыс орныңызға балалар келсе, оларға үй жануарларымен қалай ойнауға және қарым- қатынас жасауға болатындығын айтып, көрсетіңіз.
  • Егер екі үй жануары кенеттен бір-бірімен төбелессе, оларды дереу бөліп алып, бәрі жақсы екенін тексеріңіз. Сонымен қатар жаңа иттерді кеңседе жұмыс бөлмелерінде емес, көшеде таныстырған дұрыс екенін есте сақтаңыз. Сонымен қатар кеңседе ешқайсысын қалдырмай барлық иттерді далаға бірге алып шығуға тырысыңыз, сонда үй жануарларыңызда аумақ үшін бәсекелестік болмайды.

Кеңсе бөлмелерінде тазалық пен тәртіп сақтаңыз

  • Кеңсе бөлмелерінде тазалық пен тәртіп сақтаңыз
  • Жақсы көретін жануарыңыз өзін онша жақсы сезінбей тұр ма? Онда оны үйде қалдырған дұрыс!
  • Полиэтилен пакеттерді әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз, бұл сізге барлық жағымсыз тосынсыйларға дайын болуға және үй жануарыңыздың артынан оңай әрі тез тазартуға мүмкіндік береді. Есіңізде болсын, досыңызды бір уақытта тамақтандыру және серуендеу кестесіне үйреткен дұрыс.
  • Итіңізбен бірге кеңсе ғимаратына барсаңыз, оны қарғыбаумен ұстаған дұрыс, әйтпесе мысықты көргенде үй жануарыңыздың табиғи түйсіктері басым болып, сізден оп-оңай қашады.
  • Жұмыстағы барлық қоқыс жәшіктері мен себеттердің жабық екеніне көз жеткізіңіз, бұл сіздің үй жануарыңыздың уланып қалуына жол бермейді.
  • Құжаттарыңыздың бәрін жануарлардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  • Үй жануарыңызды жұмысқа апармас бұрын, оған қажетті барлық құжаттарға қол қойыңыз.
  • Үй жануарыңызды вакцинациялау туралы куәлікті өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз.
  • Қашанда қолыңызда ветеринар дәрігеріңіздің және кезекші клиниканың телефон нөмірі мен мекенжайы болсын.
  • Үй жануарыңыз қабылдайтын немесе қабылдауы мүмкін барлық медициналық препараттардың тізімін жасаңыз.
«Компаниямыздың қызметкерлері иттерінің әрдайым өздерімен, тіпті, жұмыста да бірге болғанына өте қуанышты. Өйткені, бұл бір- бірімен танысудың тамаша тәсілі! Сонымен қатар иттер жаңа дос тапқанды ұнатады!»

«Me.JPMH» маркетинг агенттігі қызметкерлерінің бірі

«Итім жұмыста менімен бірге болғанда ештеңеге алаңдамаймын, өйткені менің үй жануарым осында, жақын жерде, үйде жалғыз отырмайтынын, осы жерде көңілді жүргенін білемін!»

Хави Гарсия, «Нестле ПУРИНА Ұлыбритания»® маркетинг департаменті