Әріптестеріңіздің «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын жүзеге асыруға қолдау көрсетуіне арналған 3 ұсыныс
Егер итті өзіңізбен бірге жұмысқа алып кетсеңіз не болады? Кеңсені үй жануарларын ұстауға қолайлы орын жасауға бола ма? Маған сеніңіз, бұл сіз ойлағаннан да оңай! Алдымен әріптестеріңіздің бұл идеясына қызығушылық танытуға тырысыңыз. Төменде осы мәселеде сізге көмектесетін пайдалы кеңестер берілген
- Үй жануарларын кеңседе ұстаудың барлық артықшылықтарын қарап шығыңыз.
- Компанияның қызметін «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын толық іске асыруға қалай бейімдеу керек және кеңседегі үй жануарларыңыздың тыныштығы мен жақсы мінез-құлқын қалай қамтамасыз ету туралы жаңа идеялар алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарын пайдаланыңыз. Әрине, осы бастаманы іске асыру барысында қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін алдын ала ойластырыңыз.
- Ең бастысы – бұл мәселені әріптестеріңізбен және қызметкерлеріңізбен талқылаңыз!
Әріптестеріңізбен сөйлесуді келесідей сөздермен бастауға тырысыңыз:
- «Көптеген компаниялар жұмыс орнында үй жануарларының болуын ұзақ уақыт бойы тәжірибе жүзінде қолданғанын білесіздер ме?»
- «Менің білуімше, жұмыс орнында үй жануарларының болуы кадрлардың жиі ауысуына жол бермейді және корпоративтік адалдықты арттыруға көмектеседі екен».
- «Егер әрқайсыңыз эксперимент үшін бір ай ішінде үй жануарыңызды жұмысқа алып келсеңіздер қайтеді?»
Кірісуге асығып тұрсыз ба? Осы идеяңызды мүмкіндігінше көп адаммен бөлісу үшін осы мақаланы әріптестеріңізге және бастықтарыңызға көрсетіңіз!