Кеңсені үй жануарларына ыңғайлы болу үшін қалай жасауға болатындығы туралы ұсыныстар

Үй жануарларын жұмыста күтіп ұстаған ыңғайлы болуы мүмкін бе? Мұны қалай жасау керектігін осы жерден біле аласыз.

Бастаманы іске асыруға басшылықты және басқа қызметкерлерді қатыстырыңыз

Бастаманы іске асыруға басшылықты және басқа  қызметкерлерді қатыстырыңыз «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын сәтті жүзеге асыру үшін басшылықтың қолдауына жүгінуге тырысыңыз және оны осы идеяны жүзеге асыруға ынталандырыңыз. Үй жануарларының кеңседе болуына қатысты басшылықтың не ойлайтынын анықтаңыз. Жоғарыда аталған міндеттерді түгел сәтті орындау үшін біздің PURINA®сайтымызда келтірілген пайдалы кеңестермен танысыңыз.

Есіңізде болсын: басшылықтың мақұлдауы ғана  емес, сонымен қатар әріптестеріңіздің де келісімі маңызды! Компанияның басқа қызметкерлерімен сөйлесіп, бастамаңыз жайлы олардың не ойлайтынын біліңіз. Егер қолдау білдірсе, пікірлестеріңізбен бірігуге тырысыңыз! Егер өзіңіз жұмыс беруші болсаңыз, осы сайттағы ұсыныстарымызға назар аударыңыз: олар қызметкерлеріңіздің жұмыс орнында үй жануарларын ұстау идеясын қызықтыруға көмектесетіні сөзсіз.

Басшылармен бірге үй жануарларын жұмыс орнында ұстау ережелерін жасаңыз

Қызметкерлеріңіздің жұмыс орындарына қандай  үй жануарларының келуіне рұқсат етілетінін анықтаңыз. PURINA® компаниясының кеңселерінде иттерге рұқсат етіледі, бірақ өз қызметкерлеріңізге мысық, балық, құстар және басқа үй жануарларын жұмысқа алып келуге рұқсат ете аласыз. Сонымен қатар үй жануарларының қандай бөлмелерге кіруіне тыйым салынуы керек (мысалы, асхана, сөйлесу бөлмелері мен дәретханалар) екенін анықтап алыңыз. Содан кейін әріптестеріңізден белгілі бір жануарларға аллергиясының бар-жоғын сұрауды ұмытпаңыз.

Компанияңызда үй жануарларын күтіп-бағуға  жауапты тәсілдің қағидаттары құпталғанына көз жеткізіңіз, оған үй жануарларын тамақтандыру және тазарту кестесі кіреді, сонымен қатар су ыдыстары мен итаяқтар қай жерде орналасуы керек екені регламенттеледі. Қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда осы тақырып бойынша PURINA®сайтына жарияланған біздің пайдалы кеңестерімізді пайдалана аласыз.

Жобаның құжат жүзінде рәсімделуін қамтамасыз етіңіз

Барлық қажетті рұқсаттарды алыңыз және осы  бастаманы жүзеге асыру қағидаттары туралы арнайы құжат жасаңыз, оған сәйкес компанияның барлық қызметкерлері қол қоя алады. Сонымен қатар «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын іске асырудың басталуы туралы әзірленген құжатты өзіңіздің ресми заң кеңесшіңізбен келісуді ұсынамыз. Осы тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін сіз Үй жануарларын жұмыс орнында ұстауға жауапты көзқарас жөніндегі нұсқаулыққа арналған біздің бөлімімізбен таныса аласыз.

Компанияңызда тазалаушылар бастамасын іске асыруға тартыңыз

Компанияңыздың тазалаушылары тазалауға  және үй жануарларын күтуге арналған барлық қажетті жабдықтармен және тазартқыш құралдармен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз.

Үй-жайыңызды үй жануарларының пайда болуына дайындаңыз

Егер жұмыс істейтін ғимараттың тікелей иесі  болмасаңыз, онда бұл бастаманы жүзеге асыруға рұқсат алу үшін жалға берушімен тез арада хабарласыңыз. Егер компания орналасқан бөлме өз меншігіңізде болса, үй жануарлары өздерін жайлы және еркін сезінуі үшін кеңістіктің бір бөлігін босатудың қажеті жоқ па, сол жағын ойластырыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің «Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)» бөлімін пайдалана аласыз.

PURINA® үй жануарларының игілігі үшін не істейд

  • Кеңістік пен жұмыс орындарын ұйымдастыру.  Егер мұндай мүмкіндік болса, иттер (және олардың қожайындары) құрыс-тырысын жазу үшін компания алып жатқан аумаққа саябақ немесе бақша жабдықтауға тырысыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, үй жануарларыңыз барынша көңіл көтеретін жасыл бұрыш жасауды ойластырыңыз.
  • Үй жануарларының тіршілік әрекеті өнімдерін  кәдеге жарату пакеттерін беру жөніндегі автоматтарды орнатыңыз. Қызметкерлеріңіз өздерінің үй жануарларына күтім жасап, олардың артынан жинауға қажетті нәрсенің бәрін жасап қойыңыз.
  • Компания аумағында үй жануарларын уақытша  ұстау үшін арнайы орын бөліп қойыңыз. Компанияңыздың қызметкерлеріне үй жануарларын тыныш қалдыра алатын арнайы аймақтар белгілеуге тырысыңыз. Бұл жұмысшыларыңызға үй жануарлары бар кезде тыйым салынған үй-жайларға (мысалы, асхана) бару немесе қызметкерлеріңіз біраз уақытқа кету қажет болған жағдайда өте керек нәрсе.
  • Үй жануарларына жұмыс орнында ыңғайлы болу  үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз! Мысалы, ресепшенге немесе кеңсенің бос жерлеріне тәттілер салынған табақ қоюға болады. Сонымен қатар компанияңыздың хатшыларына, қауіпсіздік қызметкерлеріне және басқа қызметкерлерге жұмыс орнында үй жануарларын ұстау ережелер туралы жаңартылған ақпарат беруді ұмытпаңыз. Сондай-ақ қызметкерлеріңізге үй жануарларының қандай үй-жайларда болуына

Үй жануарларына жұмыс орнында ыңғайлы болу  үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз! Мысалы, ресепшенге немесе кеңсенің бос жерлеріне тәттілер салынған табақ қоюға болады. Сонымен қатар компанияңыздың хатшыларына, қауіпсіздік қызметкерлеріне және басқа қызметкерлерге жұмыс орнында үй жануарларын ұстау ережелер туралы жаңартылған ақпарат беруді ұмытпаңыз. Сондай-ақ қызметкерлеріңізге үй жануарларының қандай үй-жайларда болуына рұқсат етілетінін үнемі хабарлап отырыңыз. Жоғарыда келтірілген кеңестер кеңсеңізді үй жануарларын ұстауға ыңғайлы етеді деп үміттенеміз. Алайда, сіз осы бастаманы іске асыруға кіріспес бұрын осынау қиын жолда айтарлықтай жетістіктерге жеткен басқа компаниялардың тәжірибесімен танысуға кеңес береміз.

«Үй жануарлары жұмыс орнында» парақшасына  оралу