Буаз кезіндегі асқыну белгілері
Мысықтың буаздығы қашанда өте қызықты оқиға болып табылады және оларды жақсы көретін қожайын ретінде сіз алаңдап, осындай кезде үй жануарыңызға көбірек көңіл бөліп, қамқорлыққа алғыңыз келетінін түсінеміз. Алайда, бақытымызға орай, мысықтар өте тәуелсіз жануарлар және өздеріне қамқор бола алады, сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ.
Мысыққа буаз кезінде және балалау кезінде қалай көмектесе алатындығыңызды білу өте маңызды. PURINA ® сарапшылар кеңесімен бөліседі.
Буаз кезіндегі асқыну белгілері
Мысықтың буаз кезіндегі проблемаларын білдіретін симптомдар бар. Егер олардың кез келгенін байқасаңыз, дереу ветеринарға хабарласыңыз.
- Мысықтың тәбеті жоқ. Тәбеттің төмендеуі тікелей босанғанға дейін ғана қалыпты болып саналады, бірақ марғауларын туғанға дейінгі кезеңде оның тәбеті жақсы болуы және өзін жақсы сезінуі керек.
- Жануардың ауырсынуы, мазасыздануы, әдеттегіден жиірек мияулауы немесе сыртқы жыныс мүшесін үнемі жалауы.
- Мысықтың қалыпты емес, жағымсыз иісі бар вагиналды шығындылары, тіпті, қан кетуі бар. Бұл симптомға буаз кезінде де, балалау кезінде де баса көңіл бөлу керек.
- Мысық дәретке әдеттегіден гөрі жиі барады, зәрінде қан бар немесе керісінше, үй жануарыңыз зәр шығаруға қиналады. Мұның бәрі жатыр инфекциясының белгілері болып табылады, егер оны уақытында емдемесеңіз, болашақ марғаулардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Балалау кезіндегі асқыну белгілері
Мысық туа бастағанда, ашуланшақ болып келеді. Туу барысында оның жағдайын үнемі тексеріп отыруыңыз керек, бірақ оның қасында тапжылмай тырудың қажеті жоқ. Мынадай жағдайларда ветеринармен хабарласуыңыз керек:
- Марғаулар 3-4 сағаттық толғақтан кейін туылмай жатқан жағдайда. Буаздық және балалауға арналған мақаланы қараңыз.
- Егер мысықтың қатты толғағы бір сағаттан астам уақытқа созылса, бірақ марғау әлі туылмаған жағдайда. Сіз іштегі бұлшықеттің қатты жиырылуын көруіңіз керек.
- Балалау басталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде марғаулар пайда болмаған жағдайда.
- Жолдас саны туылған марғаулар санына келмеген жағдайда.
- Марғау туыла бастағанын көрдіңіз, бірақ бар күш-жігеріне қарамастан, мысық оны туа алмай жатқан жағдайда.
Өкінішті болса да айта кетейік, балалау кезінде марғау туыла алмаған немесе туатын кезде өліп қалған жағдайда.
Балалағаннан кейін пайда болатын ескерту белгілері
ПҚұттықтаймыз, мысығыңыз ене атанды! Ол тез қалпына келуі керек және көп ұзамай өзінің аналық міндетін орындайды. Алайда келесі белгілер пайда болған жағдайда ветеринарға жүгіну керек: