Буаз кезінде мысықтарды азықтандыру

В период беременности кошка нуждается в получении дополнительных питательных веществ и микроэлементов, которые позволят ей и ее будущим котятам чувствовать себя здоровыми и полными сил.
Корм для беременных и кормящих кошек
Корм для беременных и кормящих кошек

Буаз кезінде мысықтарды азықтандыру

Корм для кормящих кошек

Буаздық – бұл сіз үшін де, үй жануарыңыз үшін  де керемет әрі шаршататын кезең. Буаз мысық үшін ең қажетті заттардың бірі — барлық қажетті микроэлементтер мен өмірлік маңызды заттардан тұратын теңдестірілген азық. Буаз кезіндегі дұрыс рацион мысыққа дені сау және жігерлі ұрпақтарды тууға күш береді, сонымен қатар болашақ марғаулардың әл-ауқатының кепілі болады.

Мысығыңыз үнемі жейтін ересек жануарларға  арналған азық оның күнделікті рационына өте қолайлы, бірақ буаздық кезінде үлпілдек досыңызға жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен микроэлементтер алу өте маңызды. Марғаулардың дені сау болып өсуі және мысықтың өзі көңілді болуы үшін оның тағамдық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын арнайы рацион таңдауыңыз керек.

Кішкентай марғауларға арналған арнайы  жоғары сапалы азық буаз мысықты азықтандыру кезінде қажет болатын барлық қажетті қоректік заттармен байытылған. Мысықты ұрықтанған сәттен бастап осындай азыққа үйрете бастаңыз және марғаулар туылғаннан кейін бірнеше апта бойы осы азықпен тамақтандырыңыз, сонда үй жануарыңыз күшті, белсенді, дені сау және көңілді марғауларды тәрбиелеу үшін күш пен қуатқа толы болады..

Неліктен буаз мысықты марғауларға арналған азықпен тамақтандыру керек?

Буаз мысықтар марғауларға арналған жоғары  сапалы азық құрамында ғана кездесетін калория мен протеиннің көп мөлшерін алуы керек. Сонымен қатар буаз мысықтың мұндай рационы болашақта кішкентай марғаулардың емшек сүтінен тез және ауыртпалықсыз арылуға көмектеседі, өйткені олар енелеріне қарап, оның істегенін қайталайды. Есіңізде болсын: PURINA®-да буаз мысықтарды азықтандыруға арналған бірқатар өнімдер бар.

Егер мысығыңыздың асқазаны сезімтал болса,  марғауларға арналған арнайы, жеңіл азық түрін таңдаңыз. Егер үй жануарыңыз денсаулығына байланысты арнайы диетаны сақтау керек болса, оның рационына қандай да бір өзгерістер енгізбес бұрын ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Егер мысығыңыздың асқазаны сезімтал болса,  марғауларға арналған арнайы, жеңіл азық түрін таңдаңыз. Егер үй жануарыңыз денсаулығына байланысты арнайы диетаны сақтау керек болса, оның рационына қандай да бір өзгерістер енгізбес бұрын ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Марғаулар мен буаз мысықтарға арналған  зықтың түрі мен маркасын таңдағанда үлпілдек досыңыздың күн сайынғы қалауын ұмытпаңыз, үй жануарыңыздың пікірі мен талғамын ескерсеңіз, қателеспейтініңіз анық!

Құрғақ азықтың құрамында сулы азыққа  қарағанда көп калория бар екенін ұмытпаңыз. Егер мысығыңыздың рационы жұмсақ азық сұрыптарынан тұрса, оны азықтандыру мөлшерін немесе жиілігін, не болмаса, стандартты үлесім мөлшерін көбейтуіңіз керек, тек осы жағдайда ғана үй жануарлары оның организміне қажетті барлық микроэлементтерді ала алады. Сонымен қатар үлпілдек досыңызға пайдалы әрі теңдестірілген азық жасау үшін құрғақ азықтың аз мөлшерін дымқыл азықпен араластырып көруге болады.

Буаз мысық үшін қанша мөлшері тиімді?

Буаз мысығыңыз тұтынатын азық мөлшері  ұрықтанған сәттен бастап буаздықтың барлық кезеңінде және балалағанға дейін айтарлықтай артады. Буаздықтың соңына қарай ол әдеттегіден 50%-ға артық азық жейді. Бақытымызға орай, буаз мысықты азықтандыру ешқандай қиындық тудырмайды. Ең бастысы – үй жануарына азықты жеткілікті мөлшерде берсеңіз болғаны, ал мысық қарны тойғанын өзі сезіп, тәбетін тоқтатады, сондықтан артық азық жеуі мүмкін емес.

Ерте даму кезеңінде марғауларға қосымша  азық қажет болғандықтан, буаз мысықты буаздықтың 4-ші аптасынан бастап кішкентай марғауларға арналған азықпен азықтандыруды бастаңыз.

Азықты таңдағанда үй жануарыңыздың күн  сайынғы қалауын ұмытпаңыз. Егер мысық ылғал консервіленген азықты жақсы көретін болса, оның құрамындағы калория мөлшері құрғақ азыққа қарағанда төмен екенін ұмытпаңыз. Азықтың екі түрін де араластырып көріңіз, сонда үй жануарыңыз қосымша қуат пен дәрумендер алады. Сондай-ақ мысыққа көп мөлшерде таза ауызсу қажет екенін ұмытпаңыз, әйтпесе оның организмі су тапшылығына ұшырайды. Егер мысығыңыз құрғақ азық түрін жақсы көретін болса, бұл ұсыныс, әсіресе өзекті.

Мысықтың асқорыту жүйесін жаңа рационға  оңтайлы бейімдеу үшін оны баяу және біртіндеп, шамамен 7-10 күн ішінде, жаңа азықтың мөлшерін көбейтіп, ескі түрінің көлемін азайтыңыз. Буаз мысықты азықтандыру кезінде мұндай тәсіл оның өзгерістерге тез және ауыртпалықсыз бейімделуіне көмектеседі.

Буаз мысығыңыз күш пен қуатқа толы болуы  үшін оны жиі, бірақ кішкене үлесіммен тамақтандырған жөн. Үй жануарыңыздың алдында әрдайым азық пен таза ауызсу болуы керек. Оның ұрығының тез дамуы буаздықтың 9-шы аптасынан бастап байқалады. Дәл осы сәттен бастап туылған марғауларын емізуді тоқтатқанға дейін мысықтың тұтынатын азық мөлшері біртіндеп артады.

Көп ұзамай мысықтың салмағы да өсіп келе  жатқанын байқайсыз. Бірақ алаңдамаңыз, бұл дені сау марғаулардың шығуы үшін өте қажет тері астындағы май. Мұндай жағдайда салмақ жинау табиғи нәрсе, ал марғауларын тамақтандырудың 3-4 аптасынан бастап үй жануарыңыз біртіндеп арықтап, бұрынғы пішініне келе бастайды.

Буаздық кезеңінің соңында мысықтың тәбеті  нашарлауы мүмкін. Бұл да қалыпты жағдай, осылайша оның организмі жақын арада балалайтынын анық білдіреді. Сонымен қатар, есіңізде болсын: егер үй жануарыңыздың тәбеті айтарлықтай төмендесе немесе мүлдем жоғалса да, азығын дайындап қою керек, өйткені мүмкіндігі болған кезде мысық еш қиындықсыз азығын жеп, су ішуі керек.

Есіңізде болсын, дұрыс және теңдестірілген  азық мысыққа буаздықтың барлық кезеңдерінде қажет. Сондықтан егер тәбет жоғалып, оның салмағы күрт төмендей бастаса, тәжірибелі ветеринар дәрігермен тез арада кеңесу керек.

Марғауларды азықтандыру кезінде мысыққа азықтың қанша мөлшері қажет?

Марғаулар өмірінің алғашқы сегіз аптасында  ене мысық олар үшін жалғыз азық көзі болады. Сондықтан мысықты буаз кезінде де, марғауларын емізген кезде де толыққанды, сапалы және теңдестірілген рационмен қамтамасыз ету аса маңызды. Таңғаларлық жәйт марғауларды азықтандыру кезінде жүктемені жеңу үшін мысық әдеттегі жағдайына қарағанда, 4 есе көбірек тамақтанады екен!

Кішкентай марғауларыңыздың дені сау және  көңілді болып өсуі үшін, сіз емшек емізуді тоқтатқанға дейін енесіне марғауларға арналған азық беруді жалғастыруыңыз керек. Калория мен дәрумендердің жоғары мөлшері мысығыңызды марғауларына толық күтім жасау үшін қажет күш-қуатпен қамтамасыз етеді!

Марғауларды азықтандыру кезінде ене мысық  үлесімінің көлемі сол қалпы болуы керек, бірақ бір күн ішінде тамақтандыру саны артуы керек. Сонымен қатар азыққа (құрғақ немесе сулы) су қосудың арқасында мысық тұтынатын сұйықтық көлемін арттыруға болады. Бұл әрекет марғаулардың азыққа деген қызығушылығын оятуға көмектеседі, өйткені оларға алдын ала жібітілген азықты жеген оңай болады.

Балалағаннан кейін 6-8 апта өткен соң  мысықтың сүт бездері сүт бөлуді тоқтатады. Бұл кезеңде үй жануарлары тұтынатын азық мөлшерін оның рационы буаз болғанға дейінгі қалпына келгенше біртіндеп азайта беруге болады. Сонымен қатар үлпілдек досыңызды марғауларға арналған азықтан ересек мысықтарға арналған азыққа қайта ауыстыра бастауыңыз керек. Бірақ үй жануарыңыздың асқазанына зиян тигізбеу үшін оны баяу және біртіндеп, шамамен 7-10 күн ішінде жасаңыз.

Буаз кезінде үй жануарыңыздың салмағы  кенеттен түседі немесе керісінше, артады деп қатты алаңдасаңыз, мысықтың физикалық жағдайын бақылау жөніндегі арнайы қосымшамыздан қосымша ақпарат алыңыз. Сонымен қатар мысығыңыздағы буаздық кезеңнің соңында үлпілдек досыңызға жаңа азықтану рационын әзірлеу туралы тәжірибелі ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Буаз кезінде және марғауларды тамақтандыру кезінде мысықтарға беруге арналған PURINA® азығының брендтері.

PURINA® жоғары сапалы және энергетикалық  құнды өнімдерінің бірқатары буаз кезінде және марғауларын азықтандыру кезінде мысықтарға арналған. Осы сілтеме бойынша өтіп, PURINA® азығының түрлері туралы толық ақпарат алыңыз.