Марғаудың жаңа үйдегі алғашқы минуттары

Марғаудың жаңа үйге тезірек үйренуіне қалай көмектесуге болатынын біліңіз!
Вы принесли кошку домой. Что дальше?
Вы принесли кошку домой. Что дальше?

Мысықты үйге алып келер алдында не істеу керек?

Үлпілдек жаңа үй жануарыңызды үйге алып  келмес бұрын өз кеңістігін жабдықтауға біршама уақыт бөліп, оның қауіпсіз, тыныш және жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беріңіз, марғау осы жерден бастап бүкіл үйді біртіндеп зерттей бастайды. Марғауды күнделікті өмірдің қарбаласынан алысырақ тыныш бөлмеге орналастырыңыз.

Марғаудың жаңа үйдегі алғашқы минуттары

Kitten asleep on pillow

Жылжымалы торды еденге қойып, есігін ашық  қалдырыңыз, бұл жаңа үй жануарыңыздың өз бетінше сыртқа шығуына мүмкіндік береді. Ол жататын орнын таппас бұрын бәрін мұқият иіскелеуі мүмкін. Марғау бөлменің әр дюймін, әр бұрышын зерттегеннен кейін ғана оны қолыңызға алып, шаршаған-шаршамағанын ексеріңіз.

Марғаулар көп ұйықтағанды ұнатады, өйткені  оларға көбірек демалу керек. Автокөлікпен саяхаттауға және жаңа үйді зерттеуге байланысты толқудан кейін үй жануарыңыз аздап мызғып алады, сондықтан дәл қазір марғаумен ойнамауға тырысыңыз, оның қоршаған ортаны өз бетінше зерттеуіне, содан кейін тыныш демалуына мүмкіндік беріңіз.

Егер азықтану уақыты келсе, үй жануарыңызға  аздап азық ұсыныңыз, бірақ оның тәбеті болмаса, таңғалмаңыз, өйткені мысықтар толқып немесе күйзеліп тұрғанда тамақтанудан бас тартады. Сізден талап етілетін нәрсе – үй жануарыңыздың жаңа ортаға үйренуіне уақыт беріңіз және жақын арада оның тәбеті ашылатынына сенімді болыңыз.

Марғауды қалай дұрыс тамақтандыру керектігі

туралы толық ақпарат алыңыз

 

Отбасымен танысу

Марғау демалып, жаңа ортаға үйренісе  бастағаннан кейін оны отбасының басқа мүшелерімен таныстыратын кез келеді. Бұл шынымен де қызықты сәт, бірақ әлі де сабырлы болуға тырысыңыз және үйдегілердің бәрін сабырға шақырыңыз. Жаңа үй жануарыңызды таныстырар алдында еденге отырыңыз, отбасының басқа мүшелеріне марғау өзі келсе ғана оны ұстауға болады деген ережені сақтау керек екендігін айтып, келісіп алыңыз. Балаларды ұрсыспауға және марғауды бірінің қолынан бірі жұлып алмауын сұраңыз, әйтпесе марғау қорқып кетуі мүмкін. Егер үй жануарыңыз бұрышқа тығылып, жасырынып қалса, оны ойыншық беріп, алып шығуға тырысыңыз немесе тыныштандыру үшін жылы- жылы сөйлеңіз, бірақ тығылған жерінен күшпен шығаруға мәжбүрлемеңіз.

 

Мысықтың синтетикалық феромондары бар  бүріккіш немесе шашыратқышты қолданған керемет болар еді, бұл марғауға өзінің қауіпсіз екенін түсінуге көмектеседі және өзін тыныш әрі жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Егер шашыратқыштарды қолданамын деп шешсеңіз, онда бүкіл үйге бір немесе екі құты жеткілікті болады.

Синтетикалық феромондар иісі жағынан  мысықтардың ағзасы бөлетін табиғи заттардан қатты өзгешеленбейді. Бұл феромондарды біздің үй жануарларымыз басқа мысықтарды жылы шыраймен қарсы алу үшін, сонымен қатар үйде таныс заттарды белгілеу үшін пайдаланады.

Знакомство с семьей
Знакомство с детьми

Балалармен таныстыр

Әрине, үйде жаңа үй жануарының пайда  болуына байланысты қатты толқып жүрсіз,– бірақ балалардың қандай сезімде екенін елестетіп көріңізші! Балалар мен марғаудың арасында мызғымас достық орнату үшін балаларға марғауды қалай қолға алуға болатындығын, қалай болмайтындығын; оны қалай салбыратып ұстауға болатындығын; үй жануарыңызды қалай дұрыс және ақырын сипалауға болатындығын үйретіңіз. Балалар көбінесе үй жануарларын сипаламайды, керісінше, құшағына алып қысады, ұрады, бұл кішкентай марғау үшін үлкен қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, тіпті, ауырып кетуі мүмкін. Сонымен қатар балаларға мысықтарды тек басынан және арқасынан сипаған жөн екенін айтыңыз. Марғау ойнап, әрі-бері аунаған кезде ішінен сипалағың-ақ келеді, бірақ оған жол бермеңіз, өйткені бұл үй жануарыңыздың өте сезімтал жері, оған өте жағымсыз болуы мүмкін. Және, балаларға қандай жағдай болмасын, мысықты үлпілдек құйрығынан ұстамау, тартпау керек екенін ескретіп айтыңыз. 

Кейде ұйықтап жатқан марғауға қараған өте  керемет болса да, үй жануарыңызға тыныштық пен жеке кеңістік қажет екенін ұмытпаңыз, сондықтан оны тамақтану, дәретханаға бару және ұйықтау кезінде жалғыз қалдырыңыз. Әрине, мысық дәретханасын балалардан аулақ  ұстаңыз, егер балалар оны ойыншық ретінде қолданса, сізге ұнамайтыны анық! 

Үй жануарыңызбен сөйлескеннен кейін және  ойнағаннан кейін, тіпті мысықтың дәретханасын тазалағаннан кейін әрқашан қолыңызды жууды ұмытпаңыз. Балаларды да осы іс-әрекетке дағдыландыруды ұмытпаңыз!

Знакомство с другими домашними животными

Басқа үй жануарларымен танысу

Марғауды басқа үй жануарларымен сәтті  таныстырудың басты құпиясы – шыдамдылық. Бұл ретте қандай жағдай болмасын, сүйікті үй жануарыңызды үйде тұратын басқа үй жануарларымен төбелестіндей жағдайға жеткізбеу керек.

Мысықтар мен иттер көбінесе бір-біріне  үйренісіп, сүйіспеншілік пен татулықта өмір сүруді үйренеді, тіпті болмаса, кем дегенде, бір- бірімен жақсы тіл табыса алады. Өкінішке орай, мысықтардың басқа үй жануарларымен қарым- қатынасы туралы бұлай айта алмаймыз: сондықтан қояндарды, теңіз шошқасы, тышқандар мен алақоржындар, құстар мен бауырымен жорғалаушыларды мысықтардан мүмкіндігінше алыс ұстауыңыз керек, өйткені біздің үлпілдек достарымыз үшін бұл жануарлардың бәрі жай ғана олжа болып көрінуі мүмкін.

Әдетте, жануарлар бір-бірін иісінен таниды. Сондықтан, мысықты итпен таныстырған кезде олардың иістерін басынан бастап араластыруға тырысыңыз: мысалы, алдымен бір үй жануарын, содан кейін екіншісін сипалауға болады; немесе тағы бір жол – олардың жастықтарын, төсеніштерін және басқа жатын керек-жарақтарын ауыстырып қойыңыз. Нәтижесінде сіздің үй жануарларыңызда басқа жануарлардың иісі жағымды, алаңсыз, тыныш ұйқы немесе сергіту рақаты сияқты тыныштандыратын заттармен байланысты болады.

Мына жерден сіз Мысықты басқа үй  жануарларымен қалай дұрыс таныстыру керектігі туралы пайдалы кеңестер таба аласыз.

Егер сіз жоғарыда аталған барлық кеңестерді  орындасаңыз да, мысықты жаңа үйге бейімдеуде қиындықтар тудырса, ветеринар дәрігермен сөйлескен дұрыс болады, ол қажет болған жағдайда мысықтардың мінез-құлқы жөніндегі білікті маманды ұсына алады.

Мысық жаңа үйге үйренісе бастаған кезде...

Wide eyed kitten crouched next to sofa

Марғауыңыз өзін сенімді сезінгеннен кейін  бірден үйде бар ылдамдығымен жүгіріп жүреді. Сондықтан абай болыңыз және әр қадамыңызды қадағалаңыз, өйткені кішкентай үй жануары аяғыңызға оратылып жүреді!!

Көп ұзамай үй жануарыңыз күні бойы ойнай  алады, бірақ сонымен бірге оған әлі де тыныш, алаңсыз ұйқы қажет болады, сондықтан марғауға кез келген уақытта демалуға болатын, ешкім мазасын алмайтын тыныш орын беріп қойыңыз. Бұл үй жануарыңыздың жаңа ортаға тез үйренуіне көмектеседі, сізге тек дәстүрлі күн тәртібін ұстану керек және бастапқыда белгіленген ережелерден, әсіресе азықтану, сипалау және үй жануарыңызбен ойнау ережелерінен алшақтамау керек.

Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.