Буаз иттерге арналған азық
Буаз кезінде иттерді азықтандыру
Үйде күшіктердің пайда болуы, әрине, үлкен қуаныш қой. Алайда оларға күтім жасау – бұл сізге де, үй жануарыңызға да қиын жұмыс, кішкентай күшіктерді өсіру және оларға күтім жасау оңай шаруа емес!
Сондықтан қазір итіңіз организміне қажетті барлық қоректік заттар мен микроэлементтерді алатынына сенімді болған өте маңызды. Есіңізде болсын: дұрыс тамақтану — бұл үй жануарыңыз бен оның күшіктерінің саулығы мен көңілді болуының кепілі!
Ересек иттердің азығы итіңіздің күн сайынғы рационына өте ыңғайлы болғанымен, буаз кезінде оған қосымша қоректік заттар қажет, ол көп күшік туамын деп күтіп жүрген иттер үшін тіпті, қажет.
Буаз кезінде ит күшіктерге арналған сапалы азықтан өзіне қажет күш-қуат пен тапшы ақуыздарды ала алады. Сонымен қатар күшіктерге арналған азықты беру үй жануарыңыздың қалыпты физикалық жағдайын буаз кезінде ғана емес, күшіктегеннен кейін де сол қалпында сақтауға көмектеседі. Есіңізде болсын: PURINA®-да буаз иттер мен олардың күшіктерін тамақтандыруға арналған бірқатар өнімдер бар:
Итіңіздің физикалық жағдайы басқа медициналық сипаттамалармен қатар буаз кезінде оның азыққа деген қажеттіліктеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Иттің физикалық жағдайын бақылауға арналған арнайы қосымшаны қолдана отырып, осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ала аласыз.
Иттерді күшіктерге арналған азықпен тамақтандыруға ауыстыру
Буаз кезінде мүмкіндігінше күшті, сау және көңілді болу үшін итіңізге өте көп протеин мен энергия қажет. Назар аударыңыз – үй жануарыңыздың организміне қажет барлық қоректік заттар мен микроэлементтер күшіктерге арналған азықтың құрамында болады. Шағылысып, ұрықтанғанға дейін итті күшіктерге арналған жоғары сапалы азыққа ауыстыруға кеңес береміз. Есіңізде болсын, мұндай азыққа ауыстыру 7-10 күнге созылуы керек, баяу және біртіндеп өзгеруі керек, бұл үй жануарыңыздың асқазанын бұзып алуға жол бермейді. Ит күшіктегеннен кейін біраз уақыт, тіпті, күшіктерін суалтқанға дейін оған күшіктерге арналған азық берген жөн.
Буаз иттің азықтану рационы көбінесе оның физикалық жағдайына, сондай-ақ үй жануарыңыз қазіргі уақытта зардап шегетін немесе бұрын ауырған ауруларға байланысты. Сондықтан буаз үй жануарыңыздың рационын түбегейлі өзгертпес бұрын тәжірибелі ветеринар дәрігермен кеңесу керек.
Сонымен қатар итіңіздің рационына өзгерістер енгізбес бұрын, белгілі бір медициналық себептерге байланысты үй жануарыңызды арнайы диеталық азықпен тамақтандыру керек болса немесе оның асқазаны өте сезімтал болса, міндетті түрде ветеринар дәрігермен кеңесуіңіз керек.
Буаз үй жануарыңыздың жаңа құйылған және таза ауызсуды жеткілікті мөлшерде ішетініне көз жеткізіңіз. Бұл дұрыс тамақтану сияқты аса маңызды екенін ұмытпаңыз, әсіресе, итіңіз сулы емес, құрғақ азықты ұнатса тіпті, абай болыңыз! Су – денсаулық кепілі, сондықтан су итіңіз іше алатындай жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Үйдегі бірнеше жерге, негізінен үй жануарыңыз көп уақыт өткізетін жерлерге су құйылған ыдыстар қойыңыз. Бұл әсіресе, буаздықтың кейінгі кезеңдерінде буаз итіңіздің өмірін едәуір жеңілдетеді.
Тұтынылатын азық мөлшерін арттыру
Жүкті әйелдер сияқты буаз иттердің де алғашқы апталарда таңертең жүрек айнуы мүмкін, сондықтан үй жануарларының организмінде болып жатқан жаңа сезімдерге бейімделуге уақыт беріңіз, содан кейін күн сайынғы азық мөлшерін көбейте бастаңыз.
Буаздықтың бесінші аптасынан бастап иттің күн сайынғы рационының орташа мөлшерін жеті күн сайын біртіндеп көбейте бастаңыз, тоғызыншы аптаға дейін күн сайынғы азық мөлшері әдеттегіден, үштен біріне артады. Оқиға ойдағыдай дамып жатса, бұл кезде буаз иттің салмағы шамамен 25%-ға немесе одан да көп пайызға өсуі керек, әсіресе, көптеген күшік туамын деп күтіп жүрген жағдайда.
Буаз иттің азықтануы мен азықтық қажеттіліктері туралы анағұрлым толық және егжей-тегжейлі ақпаратты сайтымыздың тиісті парақшасынан таба аласыз.
Күшіктерді азықтандыру кезінде итке қанша мөлшердегі азық қажет?
Жаңа туған күшіктерді азықтандыру кезінде итіңіздің денсаулығына үлкен ауыртпалық түседі, өйткені кішкентай күшіктер күшті әрі төзімді болып өсулері үшін ене сүтінің көп мөлшерін қажет етеді. Айтпақшы, бір таңданарлық жайт: жас босанған әйелдің нәрестесін емізуге бөлінетін сүтіне қарағанда, күшіктерге көбірек сүт бөлінеді екен.
Үй жануарын күшіктегеннен кейін де күшіктерге арналған азықпен азықтандыруды жалғастырыңыз, өйткені мұндай рацион итке күшіктерін тамақтандыруға және күтуге қажетті қосымша қуат алуға мүмкіндік береді. Күшіктерге арналған азық калориясының жоғары болуы, сондай-ақ оның құрамындағы қосымша қоректік заттар мен микроэлементтер үй жануарыңыздың күшін тиісті деңгейде сақтап тұрады, организмнің күшіктерді тамақтандыруға қажет сапалы және қоректік сүт өндіруіне көмектеседі.
Азықтандырудың алғашқы үш аптасында үй жануарыңызды азықтандыру жиілігін күніне екі-үш ретке дейін көбейтіңіз. Төртінші аптадан бастап, яғни ит ең көп сүт өндіретін кезеңде оны күніне төрт рет азықтандырыңыз. Уақыт өте келе емізетін ит үлесімінің орташа мөлшері келесідей тәртіппен көбеюі керек екенін ескеріңіз:
- бірінші апта: үлесімнің стандартты мөлшерінің 150%-ы;
- екінші апта: үлесімнің стандартты мөлшерінің 200%-ы;
- үшінші апта: үлесімнің стандартты мөлшерінің 300%-ы;
Есіңізде болсын: азықтандыру кезінде итіңізді қаншалықты жиі және қанша мөлшерде азықтандыру керектігі көбінесе, оның тұқымына, сондай-ақ туылған күшіктердің санына байланысты. Егер үй жануарыңыз төрттен артық күшікті емізсе, оған міндетті түрде көп энергия қажет, бәлкім, үнемі азық керек болатыны сөзсіз.
Итіңіз күшіктерді 6-8 апта бойы емізеді, бірақ күшіктерді өмірінің 3-4 аптасынан бастап енесінен ажыратпай, біртіндеп ит азығына үйрете бастауға болады. Күшіктер өсіп, ене сүтінен толығымен бас тартқан кезде буаз болғанға дейінгі деңгейіне жеткенше, күшіктеген ит тұтынатын азық мөлшерін азайта бастаңыз.
Әрине, егер буаз кезінде және күшіктерді тамақтандыру кезінде итті азықтандыру ерекшеліктеріне қатысты белгілі бір түсініспеушіліктер немесе күмәндар болса, осы мәселе бойынша тәжірибелі ветеринар дәрігермен міндетті түрде кеңесіңіз.
Буаз және емізетін иттерге арналған Purina® брендтері
Үй жануарыңыздың буаз және емізу кезіндегі азықтану қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында күшіктерді азықтандыру үшін арнайы жасалған жоғары сапалы PURINA® өнімдерінің бірқатарын сатып ала аласыз.