Қартайған иттерді тамақтандыру

Қартайған кезде иттің талғамы мен азыққа деген қалауы айтарлықтай өзгеретінін есте ұстаған жөн.
Кормление пожилых собак
Кормление пожилых собак

Қартайған итті қалай азықтандырған дұрыс?

Как правильно кормить пожилую собаку?

Әдетте, кәрі жастағы иттер аз белсенді өмір салтын ұстанады, олардың метаболизмі баяулайды, сондықтан сіз үй жануарыңыздың жылдар бойы аздап салмақ қосатынын байқайсыз. Сондықтан жануар қартайған сайын оның күнделікті рационының жалпы калориясын төмендетудің мағынасы бар.

Қартайған иттерге арналған азықтың көптеген түрлері калорияның азаюын және қартайған иттің буындары мен иммундық жүйесін жақсы қалпында сақтау үшін ағзаға қажет май қышқылдары мен антиоксиданттар сияқты басқа да қоректік заттардың оңтайлы тепе-теңдігін үйлестірген. Қартайған үй жануарларыңыздың барлық тағамдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру  үшін PURINA® азығының келесі маркаларының бірін қолдана аласыз.

Қартайған иттердің әсіресе оларда қозғалыс проблемалары болса (мысалы, остеоартроз), белсенділігі азаяды, тіпті, қиындайды, олар семіздікке бейім болуы мүмкін. Денсаулыққа қатысты кейбір проблемалар салмақтың өсуіне әкелуі мүмкін, ал семіздік өз кезегінде, көптеген ауыр аурулардың себебі болуы мүмкін және үй жануарыңыздың буындарына қосымша жүктеме әкелуі мүмкін. Сондықтан төрт аяқты досыңыздың салмағындағы өзгерістерді үнемі қадағалап отыру өте маңызды.

Үй жануарыңыздың салмағын толық бақылау үшін қартайған иттер үшін арнайы әзірленген, құрамында протеиннің мөлшері көп, калориясы аз азықты қолдана аласыз.

Егер үй жануарыңыз артық салмақ жинады деп ойласаңыз, әрі қарай әрекет жасау үшін тәжірибелі дәрігермен талқылауды ұмытпаңыз. Бәлкім, сіз төрт аяқты досыңызды шамадан тыс азықтандыратын шығарсыз, бірақ артық салмақтың себебін тезірек емдеуді қажет ететін қандай да бір ауру болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, медициналық тексеруден кейін ветеринар дәрігер үй жануарын диеталық азыққа немесе қартайған иттерге арналған арнайы азыққа ауыстыруды ұсынуы мүмкін.

Сонымен қатар салмақ түсіру үшін үй жануарыңыздың физикалық жүктеме деңгейін жоғарылатуды жоспарласаңыз, әсіресе, оның қозғалыс белсенділігін шектейтін белгілі бір аурулары болса, ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, қашанда төрт аяқты досыңыздың денсаулығына сәйкес келетін жүктеме түрін таба аласыз, мысалы, гидротерапия.

Как правильно кормить пожилую собаку?

Рационды ауыстыру

Төрт аяқты досыңыздың азықтық рационын өзгерту әрдайым біртіндеп жасалуы керек. Бұл ереже ересек иттерге арналған азықтан қартайған кездегі жануарларға арналған азыққа ауысқан кезде де қолданылады. Күніне пропорцияны біртіндеп арттыра отырып, 7-10 күн ішінде азықтың жаңа түрін бұрынғысына қосып отырыңыз. Есіңізде болсын: кез келген жағдайда рационды күрт өзгертпеңіз, өйткені бұл үй жануарыңыздың асқазаны мен асқорыту жүйесіне зақым келтіруі мүмкін.

Қартайған итті қалай дұрыс тамақтандыруға болады?

Как правильно кормить пожилую собаку?

Итіңіз күніне екі рет тамақтануға дағдыланған шығар, бірақ қартайғаннан кейін ол жиі және аз мөлшерде азықтану түрін таңдайды.

Азық бөлме температурасында тұрғанда оның иісі мен дәмі ит үшін өте тартымды болатынын ұмытпаңыз. Егер қартайған үй жануарына тоңазытқышта сақталатын азық берсеңіз, оны азықтанудан шамамен екі сағат бұрын шығарып қоюйыңыз керек, сонда оның температурасы дұрыс болады. Егер бұл мүмкін болмаса, сулы азықты қысқатолқынды пеште тез қыздырыңыз, бастысы – қатты қыздырып жібермеңіз: азықтың тым ыстық емес екеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе үй жануарыңыз күйіп қалуы мүмкін!

Өз кезегінде құрғақ азықты таза және құрғақ жерде сақтау керек. Ол өзінің дәмі мен иісін жоғалтпауы үшін оны герметикалық қаптамада немесе контейнерде сақтаңыз.

Азықтану уақыты келгенде, қартайған үй жануарыңызды тыныш, оқшау жерде азықтандырыңыз, онда ол тыныш тамақтана алады, сыртқы шу мен үйдегі шуға алаңдамайды. Егер бірнеше итіңіз болса, оларды бір уақытта, бірақ бір-бірінен бөлек тамақтандырған жөн, сонда олар төбелеспейді және бір-бірінен тамақ ұрламайды. Есіңізде болсын, артритпен ауыратын қартайған иттерге тамақтану қиын болуы мүмкін, сондықтан оларға еденнен биіктеу тұратын итаяқ қажет болады.

Қартайған жастағы ит үшін қанша азық мөлшері дұрыс?

Есіңізде болсын, қартайған иттер семіздікке және артық салмаққа бейім, сондықтан оларды шамадан тыс тамақтандырмаңыз. Егер жақында азықты өзгерткен болсаңыз, үлесім мөлшерін анықтау үшін өнімнің қаптамасындағы нұсқауларды қатаң сақтауды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, бұл нұсқаулар жалпы нұсқаулардан басқа ештеңе емес екенін есте сақтаңыз, сондықтан үй жануарының физикалық жағдайы мен салмағын мұқият қадағалап, күні бойы тұтынатын азық мөлшерін бақылаңыз. Жаңа құйылған және таза ауызсудың көрінетін жерде тұруы үй жануарыңыздың дұрыс және теңдестірілген азықтану рационының маңызды бөлігі екенін ұмытпаңыз.

Какое количество пищи оптимально для пожилой собаки?