> Вернуться ко всем вопросам
Научные исследования
Аралас азықтандыруды ұсынар ма едіңіз? Үй жануарын азықтандыру кезінде құрғақ азық пен сулы азықты қалай үйлестіруге болады?
Станислав
Ғылыми қауымдастықтармен байланыс жөніндегі бөлім басшысы, Purina®
Научные исследования
Перейти в раздел >

Үй жануарларын аралас азықтандыру

Көптеген үй жануарларының қожайындары үшін құрғақ азық ыңғайлы шешім болып табылады. Алайда сулы азықпен, сондай-ақ аралас азықпен тамақтандырудың бірқатар артықшылықтары да бар. Су организмдегі ең маңызды зат екені белгілі. Организмдегі сұйықтықтың жетіспеушілігі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Иттер мен мысықтар үшін ауызсу организмдегі су теңгерімін сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар сулы азық кейбір жануарлар үшін, әсіресе табиғатынан суды аз ішетін мысықтар үшін сұйықтықтың негізгі көзі бола алады. Сулы азықты тұтыну несептің жалпы мөлшерін арттырады, бұл жануар зәр шығару жүйесіндегі қиындықтарға бейім болған жағдайда өте маңызды. Мысықтарда идиопатиялық цистит жиі кездеседі немесе зәр шығару жүйесінде тастар пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда рационға сулы азық енгізу қажет. Сондай-ақ иттерге сулы азықты қолдану көрсеткіштері болуы мүмкін, мысалы, семіздік кезінде және асқазан-ішек жолдарының жағымсыз реакцияларының алдын алу үшін.

Құрғақ азықтың құрамында сұйықтық 14%-дан аз, сулы азықтарда – бес-алты есе көп: 60% және одан жоғары. Азықтағы сұйықтық мөлшерінің айырмашылығы оның құрамында қанша энергияның бар екеніне әсер етеді: құрғақ азықта сулыға қарағанда, шамамен 3-4 есе көп калория бар.

Сулы азық толыққанды және теңдестірілген болса, онымен иттің немесе мысықтың энергетикалық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға болады. Алайда, мұндай азық қымбатқа түсуі мүмкін, өйткені калория мөлшері аз болғандықтан, азық мөлшерін көбейту керек. Сондықтан құрғақ және сулы азықты біріктіретін аралас азық дені сау үй жануарлары үшін ғана емес, сонымен қатар аурудың кейбір түрлерінен зардап шегетіндер үшін де өте қолайлы болуы мүмкін. Зәр шығару жолдарының аурулары жағдайында сулы азық зәрді сұйылтуға көмектеседі, ал семіздік жағдайында сұйықтық есебінен калорияны аз мөлшерде алуға мүмкіндік бар.

Егер үй жануарыңыз үшін аралас азықтануды таңдағыңыз келсе, біздің барлық сауда маркамыздың сулы, сондай-ақ құрғақ азық заттаңбаларындағы Purina-ның азықтандыру жөніндегі ұсыныстарына жүгініңіз. Ветеринар дәрігеріңіз де осы мәселеде сізге көмектесе алады.