> Вернуться ко всем вопросам
Научные исследования
Үй жануарларына күтім жасау саласындағы жаңа өнімдерді қалай ойлап табасыздар және қалай әзірлейсіздер?
Кей
Үй жануарларына күтім жасау жөніндегі инновациялық орталықтың директоры, Purina®
Научные исследования
Перейти в раздел >

Біздің инновациялық командада 500-ден астам ғалым бар: ветеринар дәрігерлері мен диетологтар, бихевиористер, микробиологтар, биохимиктер, иммунологтар, азық өнімдері мамандары, дәм сапаларының сарапшылары, геномика саласындағы зерттеушілер. Олардың барлығын бүкіл әлемдегі мысықтар мен иттердің өмір сүру сапасын жақсартатын жаңалықтар жасау деген ортақ мақсат біріктіреді.

Құзыреттіліктің ауқымды және бірегей спектрінің арқасында біз үй жануарлары мен олардың қожайындарының үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы жауап береміз. Біздің ғалымдар инновациялық өнімдеріміздің негізін құрайтын жаңашыл шешімдерді әзірлеу үшін үнемі жұмыс істеуде. Осылайша, біз бүкіл әлемдегі үй жануарларының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді, бұл олардың өмірін жарқын және көңілді етеді, сонымен қатар қожайындарына үй жануарлары үшін ең жақсысын таңдауға және олармен эмоционалды байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Purina инновациялық орталықтарының қызметкерлері мысықтар мен иттердің қатысуымен жаңа өнімдерді үнемі сынақтан өткізіп отырады. Зерттеу пәндерінің ішінде өнімдердің дәмі, олардың сіңімділігі және басқалары бар. Біздің рецептілерімізді жасай отырып, біз жануарлардың өздеріне ұнайтын және ұнамайтын белгілі бір өнімдерге қалай әсер ететінін байқаймыз. Олардың қандай азық түрлерін қалайтынын, физикалық күйлерінің қандай екенін, қаншалықты қуатты екенін және т.б. зерттейміз. Үй жануарларының реакциясы біз үшін өте маңызды, өйткені өнімдеріміздің мысықтар мен иттер үшін тартымды болғанын қалаймыз.

Біз өз зерттеулерімізде ветеринарлық күтімнің жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін рәсімдерді ғана пайдаланамыз. Біз инвазивті әдістерге қарсымыз және үй жануарларына зиян тигізбейміз. Біздің зерттеу орталықтарымызда қызметкерлер мен жануарлар бір-бірімен өзара әрекеттесетін жайлы ахуал қалыптасқан. Біздің орталықта орналасқан әрбір үй жануары жақсы көретін қожайыны бере алатындай сүйіспеншілік пен қамқорлыққа лайық. Әрқайсысын біздің ветеринар дәрігерлердің командасы қадағалайды. Әрқайсысына жануармен күн сайын қарым-қатынас жасайтын жоғары білікті, өз ісіне адал маман тағайындалады. Біздегі әрбір үй жануарының өз аты бар. Қызметкерлер әр жануарға құрметпен қарайды, оған көп көңіл бөледі және сүйіспеншілігіне бөлейді. Үй жануарларын әлеуметтендіру – бұл физикалық жаттығулар, топтық ойындар және т.б. қамтитын даму бағдарламаларының ажырамас бөлігі. Жануар «зейнетке шыққан кезде» біз арнайы бағдарлама аясында үй жануарлары әлі бірнеше жыл бақытты өмір сүре алатын, оған қолайлы отбасын таңдаймыз.

Біздің инновацияларды енгізу жөніндегі күш-жігеріміз тамақтандырумен шектелмейді. Технологтармен, инженерлермен, дәмдік сапа саласындағы сарапшылармен және басқа да бейінді мамандармен бірге біз үнемі жаңа технологияларды меңгереміз және барынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін ішкі процестерді жолға қоямыз.

Бұл бізге иттер мен мысықтарға арналған инновациялық азықтарды оңтайлы қоректік заттармен, керемет дәмдік құраммен және жоғары сапалы, қауіпсіз ингредиенттермен үйлестіре отырып жасауға мүмкіндік береді.

Бүкіл әлем бойынша зертханалардағы көпжылдық зерттеулеріміздің нәтижесі 2,5 мыңнан астам патент болды.

2018 жылы біз Purina Институтын құрдық. Жоба Purina ғылыми-зерттеу қоғамдастығын әлемдік аренада ұсынуға арналған. Оның мақсаты –үй жануарларының денсаулығына қатысты мәселелерді талқылау кезінде тамақтану тақырыбын маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастыру. Purina институты ветеринар дәрігерлермен және басқа мамандармен өздерінің зерттеулерімен және ғылыми жетістіктерімен бөліседі, бұл оларға үй жануарлары қожайындарының назарын тамақтану тақырыбына аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Институт бүкіл әлемдегі кәсіпқойлар арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасуға ықпал ете отырып, үй жануарларының денсаулығы саласындағы ең беделді сарапшыларды біріктіреді.

Біз үй жануарларын күту саласындағы жаңа инновациялық шешімдерді үнемі іздейміз. Біз қол жеткізген әрбір нәтиже «Әрі қарай не істейміз» деген сұрақ қоюға себеп болмақ. Бүгін біз 10-15 жылдан кейін және одан да ұзақ мерзімді болашақта үй жануарларының денсаулығына қатысты тамақтану қандай рөл атқаратынын болжауға тырысамыз. Сондықтан біз ғылыми әзірлемелерге қатысуды және жаңа тенденцияларды бақылауды жалғастырып келеміз.

Бірегей мүмкіндіктерінің арқасында Purina инновациялық қолдау желісі тамақтануды зерттеудің мол тәжірибесіне ие және Nestlé R&D орталықтарының бүкіләлемдік желісінің ажырамас бөлігі болып табылады.