Салмағы аз (1-4)
Физикалық жағдайды баллмен бағалау – бұл 1- 9 аралығындағы сандық көрсеткіш, мұндағы 1 – өте аз салмақ, ал 9 – тым артық салмақ. Ең дұрысы, мысығыңыздың өлшемі шамамен 5 болуы керек, бұл мысықтың дұрыс салмағын білдіреді.
Үйде осындай бағалау жүргізу үшін физикалық жағдайды бағалау әдісін қолдана аласыз. Осы қарапайым тексеруді жүргізу үшін нұсқауларды қадам-қадаммен орындаңыз. Ал, кеттік!
Ең алдымен мысықты сипалап, еркелетіп, тыныштандырыңыз. Тынышталғаннан кейін оның физикалық жағдайын бағалауды бастаңыз. Мысықты сипалаңыз, өзін тексеріп жатқанын тіпті, түсінбей де қалады!
Салмағы аз (1-4)
- Қабырғалары айқын көрінеді (қысқа жүнді мысықтарда), майлы қабатының жоқ екені анық. Іші қатты тартылып, омыртқа мен жамбас сүйектері айқын көрінеді.
- Қабырғалары мен омыртқасы көрінеді (қысқа жүнді мысықтарда). Бұлшықет массасы аз, май қабатының жоқ екені анық, іші айтарлықтай тартылған.
- Қабырғаларында өте аз май қабаты бар, аздап белі байқалады. Іші сәл тартылған, іште май «қоры» жоқ.
Мінсіз салмақ (5)
- Пропорционалды дене – белі байқалады, қабырғаларынан май қабаты сезіледі. Ішінде аздаған «қоры бар. Мұндай жағдай мысықтың қалыпты салмағының көрсеткіші.
Артық салмақ (6-9)
- Қабырғаларында аздаған артық май қабаты сезіледі. Белі де, ішінің үлкендігі де байқалады, бірақ айқын көрінбейді, іші тартылмайды.
- Қабырғалары айқын май қабатының астынан сезіледі. Белі білінбейді, іші үлкен, май қоры айтарлықтай байқалады.
- Қабырғалары май қабатының астынан білінбейді. Белі жоқ, айқын май қоры бар, іші үлкен, арқасында да май қабаты бар.
- Қабырғалары мен омыртқаларынан байқалмайды, бетінде және бүкіл енесінде май қабаты бар. Іші салбырап тұр, белі жоқ.
Мінеки, мысығыңыздың физикалық жағдайын бағаладыңыз, бәрі оп-оңай! Мысығыңыз жақсы күйде деген үміттеміз, бірақ егер оның жағдайына күмәндансаңыз, ветеринар дәрігермен кеңесіңіз немесе сайттағы сарапшымызбен хабарласыңыз.
Бұл қарапайым әрекеттерді мысыққа әдеттегідей күтім жасау іс-әрекетіне қосу оның дені сау және көңілді өмір сүруіне, кез келген жаста қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі.
Физикалық жағдайды баллмен бағалау: Нұсқаулық
Алдымен мысығыңызға қараңыз. Әр қырынан көзбен бақылап қарау оның салмағының қалыпты екенін анықтауға көмектеседі.
- Жанынан тексеріп қарау: мысыққа жанынан қараңыз. Сонда іші, арқа сызығы және жалпы позасы жақсы көрінеді.
- Жоғарыдан қарау: тұрған мысыққа жоғарыдан қараңыз. Сол кезде белі мен омыртқасы(арқасы) жақсы көрінеді.
Тексеріп қарау кезінде мысықтың тұқымын ескеріңіз. Кейбір мысықтар (мысалы, сиам) басқаларға қарағанда табиғатынан арықтау болып келеді. Мысықтардың бетінен артық салмағының бар-жоғы байқалмайды, егер мысығыңыздың беті тым арық немесе керісінше, толық болып көрінсе, алаңдамаңыз, бұл үй жануарыңыздың ерекшелігі.
Көзбен бақылап қарағаннан кейін тактильді тексеріп қарауға көшіңіз. Үш негізгі аймақты тексеру керек.
Қабырға
Қолыңызды қабырғаның бойымен сипалап жатқандай абайлап жүргізіңіз, тым жұмсақ болмасын. Сіз оның қабырғасын қатты баспай, сезуіңіз керек. Егер қабырғалары шығып тұрса немесе керісінше, оларды сезіну үшін қаттырақ бассаңыз, мысығыңыздың салмағы жеткіліксіз немесе тиісінше, салмағы артық.
Мысықтың қабырғалары жүннің астынан көрінбеуі керек, бірақ жүнінің ұзындығына байланысты кейде олардың кескіні байқалады.
Бел
Қабырғадан беліне қарай қолыңызбен ақырындап ұстаңыз. Бұл сезімтал аймақ, сондықтан абайлаңыз! Денесінің бойымен қолыңызбен белінен бастап жамбасына қарай абайлап жүргізіңіз, сонда құм сағатына ұқсас пішінді сезесіз. Артық салмағы бар мысықтың пішіні мұндай болмауы мүмкін.
Тактильді тексеру мысықтың белін бағалаған кезде маңызды, өйткені жүннің астынан ол байқалмауы мүмкін.
Іш
Белін бағалағаннан кейін, ішіне қараңыз. Іш жануарыңыздың тыйым салынған аймағы болуы мүмкін, сондықтан мұқият және абайлап тексеріңіз, егер мысыққа жағымсыз болса, оны мәжбүрлемеңіз.
Егер ішін ұстай алсаңыз, кеудеден жамбасқа дейінгі түзу сызықты байқаған боларсыз. Мысықтардың осы жерінде шағын «қор» болуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай, бірақ оның кішкентай ғана екеніне көз жеткізіңіз! Мысығыңыз жүрген кезде іші салбырап, дірілдеп тұрса, оның артық салмағы бар екеніне сенімді болыңыз.