Біз өз брендтерімізді мақтан тұтамыз
Purina® – үй жануарларының тамақтануы саласындағы сарапшы. Біз үй жануарларының ұзақ, дені сау және бақытты өмір сүруіне көмектесетін дәмді әрі пайдалы азықтардың кең ассортиментін жасауға бар күшімізді саламыз.
Мысықтарға арналған азықтар
FELIX® мысықтарға арналған азығы – бұл сіздің үлпілдек тентегіңізге сөзсіз ұнайтын және оны көңілді ойындарға қажетті қуатпен қамтамасыз ететін толық рационды және теңдестірілген азық. Нәзік тілімдер желеде немесе тұздықта, сорпа немесе қытырлақ түйіршіктер — FELIX® ассортиментінде пайдалы мәзір құрастыру үшін ерекше үйлесімдегі дәмдердің алуан түрлілігі мен құрылымдардың үлкен таңдауы бар.
Purina ONE® брендінің мысықтарға арналған азықтары — құрамында барлық қажетті нутриенттер мен тек жоғары сапалы ингредиенттер бар, толық рационды, теңдестірілген, супер-премиум класты құрғақ және дымқыл азықтар.
Every cat has different nutritional requirements, and these will change at different points in life. The diets in the PRO PLAN range are expertly formulated to meet some of these evolving needs. By applying leading-edge science, PRO PLAN can provide scientifically proven benefits that help support wellbeing through life. From nutrition that supports the Immune system and superfood recipes, to veterinary diets and nutrition to support sharp senses, sensitive skin and digestion.
Гурмэ® — таңдаулы, жоғары сапалы ингредиенттерден жасалған мысықтарға арналған дымқыл азықтар. Тәбет ашарлық Гурмэ® рецептері таңдаулы тағамдарды ұнататын төрт аяқты достарға арнап жасалған және дәмдік реңктер мен құрылымдардың алуан түрлілігінің арқасында сіздің гурман мысығыңызды бейжай қалдырмайды.
ДАРЛИНГ® азығы — күнделікті тамақтануға жарамды, ересек мысықтарға арналған теңдестірілген рацион. ДАРЛИНГ® өнімін дайындау кезінде тек сапалы компоненттер қолданылады. Азықтың құрамы теңдестірілген және үй жануарыңыздың дені сау әрі белсенді болуы үшін қажетті дәрумендер мен минералдардан тұрады.
Мысықтарға арналған Cat Chow® жоғары сапалы азық — үй жануарының денсаулығының іргетасы. Үй жануарларына қарау оңайырақ болу үшін, біздің сарапшыларымыз ингредиенттерді Cat Chow азығының әр порциясы денсаулығы мен жасының қажеттіліктері әртүрлі мысықтарға барынша пайдалы болатындай етіп таңдап алды.
Иттерге арналған азықтар
Purina ONE® иттерге арналған азықтары — құрамында барлық қажетті нутриенттер мен тек жоғары сапалы ингредиенттер бар, толық рационды, теңдестірілген, супер-премиум класты құрғақ және дымқыл азықтар. Сараптамалық тәсілдің арқасында азықтар итіңіздің денсаулығын қолдауға қажетті барлық қоректік заттардан тұрады.
ДАРЛИНГ® азықтары — бұл сіздің итіңізге арналған теңдестірілген рацион, оның өндірісінде бояғыштар, жасанды хош иістендіргіштер мен консерванттар қосылмаған, тек сапалы ингредиенттер қолданылады.