Сіздің асыранды жануарыңыз - біздің шабытымыз.
Woman walking a dog outside

Біз туралы

Біз үй жануарлары мен адамдар бірге болғанда өмірдің жақсаратынына сенеміз.

Біздің тарихымыз

Үй жануарлары мен адамдар арасындағы байланыс шынымен де ерекше. Ортақ қарым-қатынас, тәжірибе мен сүйіспеншілікке негізделген бұл байланыс бізді адамдар мен үй жануарлары бір-бірімен жақындасқанда өмір бай әрі мағыналы болатынына сенуге шабыттандырады. Сондықтан біз 125 жылдан астам уақыт бойы әр жастағы және түрлі өмір салтындағы мысықтар мен иттерге арналған дәмді әрі өмірді жақсартатын азықтарды жасап келеміз.

Біздің сүйікті брендтер портфолиомыз миллиондаған өмірлермен байланысты. Біз кең ауқымды баға мен өнім сапасын – жақсыдан бастап үздікке дейін ұсына отырып, толыққанды және үйлестірілген тамақтану әр адамға қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.

Үй жануарларын сүйетін және асырайтын жандар ретінде біз сапалы азықтың үй жануарлары мен олардың иелерін бақытты, сау әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетінін жақсы білеміз. Үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдар үшін жарқын болашақ құру, – бұл біздің күнделікті ұмтылысымыз және өмір сүру себебіміз.

Өмір үй жануарлары мен адамдар бірге болғанда жақсырақ.

Woman sat outside with dog
Біздің Мақсатымыз

Purina® компаниясының жаһандық мақсаты, үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдардың өмірін жақсарту. Біздің мақсатымыз үй жануарларымен бірге болу өмірді жақсартатынына деген сенім мен мұраны негізге алады #WeAreBetterWithPets. Бұл біздің тәжірибемізді бейнелейді және әлем алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі болып табылады. Бұл  біздің ұжымға күн сайын шабыт беретін қозғаушы күш.

Woman crouched down with dog near a tree
Біздің ұмтылыстарымыз

Біздің тәсіліміз мүдделі тараптарды тыңдау, олар үшін ең маңыздысы не екенін, қандай сұрақтары барын және Purina® қандай аймақтық әрі еуропалық бағыттарға назар аударуы тиіс екенін түсіну. Бұның барлығы бізге Еуропада сенімге ие, үй жануарларына күтім жасау саласындағы №1 компания болу үшін қажет.

Біздің Көзқарасымыз

Purina® үй жануарларына арналған азық өндіруші компаниядан жануарларға күтім жасау экожүйесіне айналдыра отырып, біз мынадай жаңа жолдарды зерттейміз:

1) үй жануарларының иелеріне үздік тәжірибе ұсыну;
2) үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған мақсатымызға жету.

Үй жануарларына арналған азық саласындағы тәжірибеміз бен брендтеріміздің күшті тұстарын жаңа бизнес-модельдер мен серіктестіктермен біріктіру арқылы біз үй жануарларының өмірімізге алып келетін тамаша пайдасын адамға көбірек сезінуге көмектесеміз.

Purina® экожүйесін құру, Ресейде үй жануарларына күтім көрсету бойынша жетекші қызмет жеткізуші болу жолы. Бұл өмірді жақсартатын негізгі азықтан бастап, үй жануарлары иелері күтетін азықтан тыс тәжірибеге дейінгі қызметтерді қамтиды.

Міне, бұл біздің мақсатымыз. Біз үй жануарларының өмірімізге әкелетін тамаша артықшылықтарын көбірек адамға сезінуге көмектескен сайын, өз ұмтылыстарымызды шындыққа айналдырамыз. Сондықтан біз үй жануарларының бүкіл өмірі барысында олардың иелері үшін ең сенімді күтім көрсету таңдауы болып саналуға әбден лайықпыз.

CES team

Қамқорлық желісі Purina®

Purina® қамқорлық желісінің сарапшылары мен ветеринар мамандары үй жануарларыңызды тамақтандыру және оларға күтім жасау мәселелері бойынша сіздерге көмектесуге және кеңес беруге дайын. Біз үй жануарлары иелерінің сұрақтарына тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн тегін жауап береміз.