Сіздің асыранды жануарыңыз - біздің шабытымыз.
Man holding his dog's head and smiling

Біздің азықтандыру философиямыз

Әрбір үй жануары сапалы азыққа лайық.

Дені сау, ғұмыры ұзақ жануарлар әлемі – бұл шындық. Оның кілті — дұрыс рацион.

Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктен шабыттана отырып, біз мысықтар мен иттердің тамақтануы, физиологиясы және мінез-құлқы саласындағы 95 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибемізге сүйенеміз және үй жануарыңыздың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруін сақтауға көмектесетін азықтарды өндіреміз.

Бұл философия біздің шешімдеріміз бен компания құрылған сәттен бастап басшылыққа алатын қағидаттарымыздың негізінде жатыр.

Біздің қағидаттарымыз:

Cat close up
1. Сапалы азық барлық иттер мен мысықтарға қолжетімді болуы керек.

Біздің азықтарымыз әрбір ие өз үй жануарына сай келетін рационды таба алатындай етіп әзірленген. Сонымен қатар, өз таңдауына сенімді болды, өйткені оның төрт аяқты досының азығы барлық нормативтер мен өнеркәсіптік стандарттарға сәйкес келеді.

Product ingredients close up
2. Азықтандыру — бұл жай ғана ингредиенттер емес, олардың теңдестірілген үйлесімі.

Біз үшін ингредиенттердің әрқайсысына жеке-жеке емес, олардың кешенді тиімділігіне назар аудару маңызды. Себебі қоректік заттардың дұрыс теңгерімі жақсырақ сіңіріледі және үй жануарына көбірек пайда әкеледі. Сондықтан біз азықтарымызды өндіруде өнімдеріміздің рецептурасын әзірлеуге, құрамдағы ингредиенттердің үйлесіміне және бір-біріне өзара әсеріне ерекше назар аударамыз.

Collie running with frisbee
3. Инновацияларға ұмтылу, бірақ үй жануарының қажеттіліктерін, оның қауіпсіздігі мен денсаулығын есте сақтау.

Purina® ғылыми-зерттеу орталықтарында біз мысықтар мен иттердің тамақтанудағы табиғи талғамдарын, сондай-ақ мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қажеттіліктерін зерттейміз. Орталықтардың білікті әрі қамқор қызметкерлері біздің иттеріміз бен мысықтарымызға құрметпен және қамқорлықпен қарайды, өйткені біз де үй жануарларының иелеріміз.

Dry food close up
4. Үй жануарларының тамақтануы дәмді де, пайдалы да болуы керек.

Біздің азықтарымыз үй жануарларының ыдысына түспес бұрын, олар еуропалық және ұлттық сапа стандарттарына сәйкестігін тексеруден өтеді. Purina®-да біз мысықтар мен иттерге арналған жоғары сапалы азықтарды жасау үшін индустрияның стандарттары мен талаптарынан асып түсуге тырысамыз.

Woman hugging a cat at home
5. Үй жануарларының тамақтану қажеттіліктері бірегей.

Мысықтар мен иттерге арналған азық өндірісіндегі көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, PURINA® өзін үй жануарларының тамақтану саласындағы сарапшы деп санауға толық құқылы. Біз индустрияға ілесіп қана қоймай, оны алға жылжытуға тырысамыз, мысалы, үй жануарларының семіздік себептерін зерттейміз. Бұл жұмыс – біздің миссиямыздың бір бөлігі: үй жануарларының өмір сүру сапасын жақсарту.

CES team

Қамқорлық желісі Purina®

Purina® қамқорлық желісінің сарапшылары мен ветеринар мамандары үй жануарларыңызды тамақтандыру және оларға күтім жасау мәселелері бойынша сіздерге көмектесуге және кеңес беруге дайын. Біз үй жануарлары иелерінің сұрақтарына тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн тегін жауап береміз.