Сіздің асыранды жануарыңыз - біздің шабытымыз.
Cat and dog resting together on a white rug

Біз кімбіз?

Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдардың өмірін жақсартуға ұмтыламыз.

Біз адамдар мен үй жануарлары бірге болғанда, өмір шын мәнінде жақсаратынына сенеміз.

Бұл сенім біздің бизнесіміздің ажырамас бөлігіне айналған және 1904 жылы Уильям Х. Данфорт негізін қалаған Purina® бренді арқылы өмірге енген.

Бұл сенім біз жасайтын істің және бүкіл әлем бойынша шығаратын өнімдеріміздің негізінде жатыр.

Көбірек білу

Businesswoman pets dog sitting on her lap
Біз туралы
Біздің тарихымыз, мақсатымыз және адамдарымыз

Үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдар үшін жарқын болашақ құру, – бұл біздің күнделікті ұмтылысымыз және өмір сүру себебіміз.

Woman hugging a cat at home
Тамақтандыру және тамақтану
Біздің азықтандыру философиямыз

Біз 500 адамнан тұратын жаһандық Purina® командасымен, оның құрамында диетологтар, ғалымдар, ветеринарлар және жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін мамандар бар, үй жануарларын азықтандыру саласындағы сарапшылармыз.

 
Ingredients: meat, vegetables, fruits and beans on a table
Тамақтандыру және тамақтану
Әрбір ингредиент маңызды

Purina® компаниясында біз үй жануарларыңыздың денсаулығы мен жақсы күйін қолдауға арналған сапалы және үйлестірілген азық әзірлеу үшін құрамдаушыларды саналы түрде таңдаймыз.

 
Ginger Maine Coon cat with Purina Institute and innovation logo
Біздің ғылым
Purina® институты және инновациялар

Purina® компаниясы құрылған сәттен бастап үй жануарларын азықтандыру саласындағы жаңашыл көшбасшы болып келеді, біздің мақсатымыз иттер мен мысықтардың өмірін жақсарту және ұзарту.

 
A girl playing with a dog
Біздің үлесіміз
Біздің үлесіміз

Біз үй жануарлары, қоғам және әлем алдындағы өз міндеттемелерімізді орындауға барынша назар аударамыз. Бұл үй жануарларына қолайлы орта қалыптастыру, қалдықсыз өндіріс құру және қайырымдылық қауымдастықтарын қолдау арқылы көрініс табады.

Woman working on laptop and holding dog
Сіздің сұрақтарыңыз маңызды

Біздің өнімдеріміз, өндірістік үдерістеріміз және ғаламшарға тигізетін әсеріміз туралы сұрақтарыңыз біз үшін аса маңызды, өйткені біз тұтынушыларға саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді деп санаймыз.

Cat and dog sitting on the floor and looking upwards
Брендтеріміз

Біз Ресейдегі ең танымал және тұтынушылар сенім артатын үй жануарларына арналған азық өндірушісі болғанымызды мақтан тұтамыз. Біз үй жануарларының денсаулығы мен азықтануы жөніндегі ғылымды дамыту бағытында үнемі жұмыс істейміз. Сіздің үй жануарыңыз Purina® азықтарының арқасында бақытты, сау және күшті болады.

CES team

Қамқорлық желісі Purina®

Purina® қамқорлық желісінің сарапшылары мен ветеринар мамандары үй жануарларыңызды тамақтандыру және оларға күтім жасау мәселелері бойынша сіздерге көмектесуге және кеңес беруге дайын. Біз үй жануарлары иелерінің сұрақтарына тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн тегін жауап береміз.