Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер ылғалды азығы, желедегі тауық етімен, 75 г
- Марғауға күн сайын қажеттінің барлығы 100%.
- Құрамында ақуыздар, дәрумендер және минералды заттар бар.
- 1 жасқа дейінгі марғаулар үшін арнайы әзірленген.
- Желедегі тауық етінің нәзік кесектері.
Артықшылықтары
- Марғауға күн сайын қажеттінің барлығы 100%.
- Құрамында ақуыздар, дәрумендер және минералды заттар бар.
- 1 жасқа дейінгі марғаулар үшін арнайы әзірленген.
- Желедегі тауық етінің нәзік кесектері.
Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер — бұл мүлдем ерекше азық. Оның түрі мен хош иісінің тәбет ашатыны соншалық, оны дәл өзіңіз дайындағандайсыз. Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер арнайы әзірленген рецептура бойынша жасалған: бұл сіздің марғауыңыз бас тарта алмайтын, шырынды желемен қапталған ең нәзік кесектер. Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер азығы марғауыңыздың толыққанды және теңдестірілген тамақтануы үшін арнайы әзірленген. Ол марғаудың бұлшықеті күшті, сүйектері берік және тістері сау болып дұрыс әрі сау дамуы үшін ақуыздарды, дәрумендерді және минералды заттарды қамтиды!
Құрамы
Ет және етті өңдеу өнімдері (оның ішінде 4% тауық еті)
Өсімдік ақуызының сығындылары
Балық және балықты өңдеу өнімдері
Минералды заттар
Аминқышқылдар
Өсімдік шикізатын қайта өңдеу өнімдері
Қоюландырғыштар
Қанттар
Дәрумендер
Кепілдендірілген өнімділік
Ылғалдылық: 75.0%
Ақуыз: 15.4%
Майдың мөлшері: 3.6%
Шикі күл: 2.5%
Шикі жасұнық: 1.0%
Қосылған заттар
ХБ/кг:
А дәрумені: 1 320;
Д3 дәрумені: 185;
E дәрумені: 200.
мг/кг:
Темір: 16.1;
Йод: 0.47;
Мыс: 1.21;
Марганец: 2.2;
Мырыш: 31.8;
Таурин: 600.
Дайындау/қолдану бойынша ұсыныстар
Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер — бұл марғауыңыздың тамақтануға деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыратын толық рационды және теңдестірілген азық. Оның рационына қосымша өнімдерді қосудың қажеті жоқ. Жай ғана қалташаның ішіндегісін марғаудың ыдысына салыңыз. Азықтандыру бойынша ұсыныстарды орындаңыз. Әрбір марғаудың ағзасы жеке-дара ерекшеліктерге ие. Сондықтан, марғаудың белсенділік деңгейіне және денсаулық жағдайына байланысты азық мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Бөлме температурасындағы азықты беру керек. Үй жануарыңызда әрдайым таза, балғын ауыз суының болғанын қадағалаңыз. Марғауыңызды әрқашан бір жерде тамақтандырыңыз және тамақтану кезінде оны мазаламаңыз. Марғауларға арналған FELIX® Дәмді тілімдер буаз және бала емізетін мысықтарға жарамды. 12 айлық жаста марғау ересек болып саналады және сіз оны ересек мысықтарға арналған FELIX® азығының ғажайып дәмдерімен қуанта аласыз.