FELIX® ұсынған әр күнге арналған дәмді алуандылық
FELIX® мысықтарға арналған азығы – бұл сіздің үлпілдек тентегіңіздің талғамынан шығатын және оны көңілді ойындарға қажетті қуатпен қамтамасыз ететін толық рационды және теңдестірілген азық. Нәзік тілімдер желеде немесе тұздықта, қытырлақ түйіршіктер немесе сорпа — FELIX® ассортиментінде тәбет ашарлық мәзір құрастыру үшін ерекше үйлесімдегі дәмдердің алуан түрлілігі мен құрылымдардың үлкен таңдауы бар.
FELIX® брендін ХХ ғасырдың 70-жылдары Голландияда Ralston Purina® компаниясы құрған. Содан кейін бүгінде танымал ақ-қара түсті Феликс мысығы бейнеленген қаптама пайда болды. Бренд құрылған сәттен бастап алдымен Еуропа елдерінде көптеген табынушылары пайда болды, бірақ жыл сайын олардың саны бүкіл әлемде қарқынды өсуде.
FELIX® брендінің портфолиосына дымқыл азықтар, құрғақ азықтар және тіпті «бірінші тағамға» арналған сорпа да кіреді. Үй жануарыңызға бәрін байқап көруді ұсыныңыз, ол өз таңдауын жасасын.
FELIX® брендінің осындай алуан түрлі өнімдерінің арасынан сіз нағыз дәмқойлар үшін сүйікті тағамды таңдай аласыз.