ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ҮШІН
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ СЕМІРУ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУГЕ КӨМЕКТЕСУ
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ
2023 жылға қарай Еуропаның 10 жетекші PURINA® нарығы үй жануарлары арасындағы семіздікке қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
20%
БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері семіздік үй жануарларының денсаулығына қатысты ең маңызды мәселе екенін көрсетіп отыр. 33%-58% аралығындағы мысықтар мен иттердің артық салмағы бар екен. Бұл мәселенің негізгі себебі – қазіргі заманғы көп қозғалмайтын өмір салты және «қатты жақсы көретін» достарымызды тәтті әрі дәмді азықтармен артық тамақтандыру әдеті. Өз кезегінде, семіздік үй жануарларының буындары мен ішкі органдарына шамадан тыс қысым жасап қана қоймайды, сонымен қатар достарымыздың өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді..
PURINA® ұзақ уақыт бойы үй жануарларына арналған азықтарды өндіру индустриясына озық инновациялық технологияларды енгізе отырып, дұрыс тамақтану мен үй жануарларының белсенді өмір салтының ерекше маңыздылығы туралы идеяны ілгерілетумен айналысып келеді, олардың көпшілігі тиісті саладағы негізгі стандарттарды түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар бұл қызмет бағытына арнайы диеталық азықты әзірлеу, алғаш рет үй жануарларының семіздігімен күресу және олардың қалыпты салмағын сақтау үшін таңдалған ингредиенттік құрам қамтылған.
Сонымен қатар біз қазіргі уақытта ғылыми- зерттеу жұмыстары үшін кеңінен қолданылып қана қоймайтын, сонымен қатар ветеринарлық дәрігерлер мен жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қорлары достарымыздың физикалық жай-күйін және артық салмағының немесе семіздіктің болуын бағалаудың алтын стандарты ретінде қолданатын инновациялық «Үй жануарларының физикалық жай-күйін бақылау қосымшасын» жасадық. Біз ветеринар дәрігерлермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз және олармен бірге үй жануарларының қожайындарына үй жануарларының артық салмағымен тиімді күресу үшін олардың мінез-құлқында немесе өмір салтында нақты нені өзгерту керектігін түсіндіруге көмектесеміз.
Біздің міндетіміз – үй жануарларындағы семіздік қаупін азайтуға көмектесу, бұған бірінші кезекте арнайы алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру арқылы қол жеткізу керек, оларды үй жануарларының денсаулығы мен азықтануында негізгі рөл атқаратын адамдармен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Үй жануарларындағы семіздік мәселесі өте күрделі болғандықтан, оны өз бетінше шешу мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан ағымдағы жағдайды жақсарту үшін сала ішінде және негізгі мүдделі серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жолға қою қажет.
КӨПТЕГЕН ҚОЖАЙЫНДАР ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНДА АРТЫҚ САЛМАҚТЫҢ БАР ЕКЕНІН ТҮСІНБЕЙТІНДІКТЕН, СЕМІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ЖАҒДАЙДЫҢ ЖАҚСАРТУ ҚИЫНДАЙДЫ.
«ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ» ДЕГЕН NESTLÉ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛЕМІЗ
Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат
Другие обязательства
-
02Для питомцевПредоставлять доступную информацию о наших продуктах
-
03Для питомцевИсключить искусственные красители из состава нашей продукции
-
08Для обществаСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
-
07Для обществаПопуляризировать программы для детей, посвященные ответственному отношению к домашним животным
-
01Для питомцевСоздавать инновации в сфере здоровья и благополучия домашних животных
-
05Для обществаСодействовать поиску хозяев для бездомных животных
-
06Для обществаПродвигать преимущества присутствия домашних животных на рабочем месте
-
09Для планетыСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
-
10Для планетыВнедрить ответственный подход к подбору источников сырья