ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ҮШІН

ӨНІМДЕРІМІЗ ТУРАЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ АҚПАРАТ БЕРУ

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ

Тұтынушыларға өніміміз туралы нақты ақпарат  беру.

 

70%

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

2016 жылы біз өнім туралы түсінікті ақпарат пен  қаптамадағы тамақтану жөнінде ұсыныстар бере отырып, тұтынушылар үшін өнім туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді етеміз деген міндеттеме алған болатынбыз.

Сонымен қатар біз үй жануарларының  қожайындарына және барлық мүдделі тараптарға әлеуметтік желілер мен онлайн алаңдар арқылы қосымша ақпарат беруде үлкен жетістіктерге жеттік. Осы жаңа арналардың арқасында Purina қамқорлық желісінің операторлары 220 мыңнан астам жүгінулерге (Ресейде 46000-нан астам тұтынушы), оның ішінде үй жануарларының азықтануы мен күтімі туралы сұрақтарға, сондай-ақ біздің өнімдер туралы ақпаратқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Ресейдегі 8 800 200 8 900 Purina Қамқорлық желісінің телефоны арқылы біздің тұтынушылар аптасына 7 күн 24 сағат бойы кәсіби ветеринарлардан үй жануарларын азықтандыру және күтім жасау туралы тегін кеңес ала алады.

Біздің өнімдер туралы ақпаратты неғұрлым  қолжетімді ету үшін біз бүкіл Еуропа мен Ресейдегі тұтынушыларымыздың қанағаттану деңгейін талдаймыз. Бұл қызметті жақсартуға және тұтынушыларға ақпарат пен кеңес берудің оңтайлы тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. Алынған тәжірибе негізінде біз сайтта «Сіздің сұрақтарыңыз маңызды» деген бөлім құрдық, өйткені сіздің сұрақтарыңыз біз үшін расында да, өте маңызды.

asd

БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ: ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Үй жануарларын жақсы көретін жандар үй  жануарларына арналған азық туралы ақпаратты мұқият зерттейтінін көреміз. Олар біздің өнімдеріміздің құрамы туралы көбірек ақпарат алуға тырысады. Қазіргі уақытта PURINA® өз тұтынушыларына азықтар туралы қажетті ақпарат беріп жатыр, бірақ кейде үй жануарларының қожайындары оны түсіне алмайды. Purina-да біз үй жануарларының азықтануы туралы ақпаратты барлығына қолжетімді және түсінікті етіп бөлісуге тырысамыз.

Тұтынушылар саналы таңдау жасауы керек деп  пайымдаймыз, сондықтан біз оларға қолжетімді ақпарат және үй жануарларына күтім жасау бойынша кеңестер беруге тырысамыз. Біз сенімді және шынайы ақпарат беру үшін үй жануарларын тамақтандыру саласындағы мамандармен, билік органдарымен және индустрия өкілдерімен жұмыс жасаймыз. Мұның бәрі сатып алушыларымызға дұрыс таңдау жасау үшін жеткілікті білімі бар екеніне сенімді болуға мүмкіндік береді.

«ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ» ДЕГЕН NESTLÉ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛЕМІЗ

Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін  қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.

Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат

  • 03
    Для питомцев
    Исключить искусственные красители из состава нашей продукции
  • 08
    Для общества
    Создание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
  • 07
    Для общества
    Популяризировать программы для детей, посвященные ответственному отношению к домашним животным
  • 01
    Для питомцев
    Создавать инновации в сфере здоровья и благополучия домашних животных
  • 04
    Для питомцев
    Содействовать снижению риска ожирения домашних животных
  • 05
    Для общества
    Содействовать поиску хозяев для бездомных животных
  • 06
    Для общества
    Продвигать преимущества присутствия домашних животных на рабочем месте
  • 09
    Для планеты
    Создание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
  • 10
    Для планеты
    Внедрить ответственный подход к подбору источников сырья