ҒАЛАМШАР ҮШІН
ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІН ІРІКТЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАУАПТЫ ТӘСІЛДІ ЕНГІЗУ
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ
2016 жылға қарай: біздің тікелей жеткізушілеріміздің 50%-ы шикізат көздерін іріктеуге деген жауапты тәсілді бағалауды аяқтау
2017 жылға қарай: соя көздерін 100% бақылауға қол жеткізу.
2020 жылға қарай: теңіз өнімдеріне қатысты шикізат көздерін таңдауға жауапты тәсіл қағидаттарын 100% сақтауға қол жеткізу.
81%
БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІН ТАҢДАУҒА ДЕГЕН ЖАУАПТЫ БАҒДАР
Бәріміз, үй жануарларының қожайыны болсын, сауда серіктесі немесе ветеринар дәрігер болсын, азықтың құрамына енетін негізгі ингредиенттердің қайдан шыққанын білгіміз келеді, сонымен қатар осы ингредиенттерді алу немесе өндіру қоршаған ортаға қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат алуға тырысады. Сондай-ақ тұтынушылар біздің компания шикізат көздерін таңдауға қатысты қандай саясатты ұстанатыны туралы түсінік алғысы келеді.
Өз қызметінде PURINA® шикізат ресурстарын жеткізудің өз тізбегі шеңберінде экологиялық тұрақтылықты қолдауға жәрдемдесуге ұмтылады. Біз жеткізушілерімізге жауапты және экологиялық қауіпсіз бағдарды сақтай отырып, тек жоғары сапалы ингредиенттерді өндіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазіргі уақытта біз өзіміздің жеткізушілерімізбен шикізат ресурстарының шығуын бақылау және мониторингтеу саласында тығыз ынтымақтастықты жолға қойдық, сондай-ақ біздің бүкіл жеткізу тізбегіміздің сапасын жан- жақты бағалауды жүргізу мақсатында бірқатар бөгде ұйымдармен де өзара іс-қимыл ұйымдастырдық. Мысалы, Proforest және Sustainable Fisheries Partnership сияқты ұйымдармен тығыз жұмыс істейміз, бұл біздің қызметіміздің экологиялық қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы белсенді жұмыс бізге шикізат ресурстарын жеткізу тізбегі аясында экологиялық тұрақтылықты қолдау үшін Nestlé компаниясы жасап жатқан жұмыстар саласында көшбасшылық позицияны иемденуге мүмкіндік береді.
Біз бірқатар серіктес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп қана қоймай, тұрақты түрде, күн сайын жеткізушілерімізбен және сатып алушыларымызбен кездесеміз, сондай-ақ бізге шикізат ингредиенттерін жеткізетін түрлі өндірістік нысандарға, фермаларға және ауылшаруашылығы кооперативтеріне барамыз. Қызметтің осы бағыты жеткізушілеріміздің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат алуға көмектеседі. Өкінішке орай, кейде барлық жеткізушілеріміздің қызметін толығымен бақылау қиынға соғады, өйткені өнімдеріміздің кейбір жеткізу тізбектері өте күрделі. Бұл міндетті шешу үшін біз бірқатар бастамаларды іске қостық (мысалы, фермерлік шаруашылықтардың жұмысын бағалау жөніндегі бағдарлама), олар біздің жеткізу тізбегіміздің қызметі жекелеген фермалар деңгейінен бастап экологиялық тұрақтылықты қолдау қағидаттарына толық сәйкес келетініне кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Шикізат көздері туралы деректерді есепке алу –қызметіміздің маңызды бөлігі. Сатып алушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың сенімін ақтау үшін біз өз өнімдерімізге шикізат көздерін таңдауға қатысты ұзақ мерзімді стратегия әзірледік.
Ресейде азық өндіру үшін пайдаланылатын шикізаттың басым бөлігі (80%-дан астамы) жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Біз қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту және жергілікті экономиканы қолдау үшін зауыттарымызға жақын орналасқан аймақтардан тауар жеткізуге тырысамыз.
СОҢҒЫ 18 АЙДА 300-ДЕН АСА ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАДЫҚ.
ОСНОВЫВАЯСЬ НА КОНЦЕПЦИИ NESTLÉ «СОЗДАНИЕ ОБЩИХ ЦЕННОСТЕЙ»
Подобно тому как мы заботимся о благополучии домашних животных и их любящих хозяев, компания Nestlé, владеющая торговой маркой Purina, стремится повышать качество жизни и вносить вклад в здоровое будущее каждого человека, каждой семьи, а также общества и планеты в целом.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат
ДРУГИЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
-
02Для питомцевПредоставлять доступную информацию о наших продуктах
-
03Для питомцевИсключить искусственные красители из состава нашей продукции
-
08Для обществаСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
-
07Для обществаПопуляризировать программы для детей, посвященные ответственному отношению к домашним животным
-
01Для питомцевСоздавать инновации в сфере здоровья и благополучия домашних животных
-
04Для питомцевСодействовать снижению риска ожирения домашних животных
-
05Для обществаСодействовать поиску хозяев для бездомных животных
-
06Для обществаПродвигать преимущества присутствия домашних животных на рабочем месте
-
09Для планетыСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе