ҚОҒАМ ҮШІН
ПАНАСЫЗ ЖАНУАРЛАР ҮШІН ҚОЖАЙЫН ІЗДЕУГЕ КӨМЕКТЕСУ
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ
2023 жылға қарай Еуропаның жетекші 10 PURINA® нарығында жобалары панасыз жануарлар үшін қожайындар іздеуге бағытталған ұйымдарға қолдау көрсетеді.
70%
БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТУ
Біз, PURINA® қызметкерлері, үй жануарларын шынайы жақсы көреміз және олармен қарым- қатынас жасау жеке адамдарға ғана емес, жалпы бүкіл қоғамға үлкен пайда әкеледі деген пікірдеміз. Достарымыздың қожайындары өздерінің үй жануарларынсыз өмір сүре алмайды, ал олар өз кезегінде үнемі сүйіспеншілік, махаббат және қамқорлықты қажет етеді. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша мыңдаған иттер, мысықтар және басқа үй жануарлары далада қалады, сонымен қатар олардың саны үнемі өсіп келеді.
Осыған байланысты, бұл мәселені шешудегі өз рөлімізді сезіне отырып, панажайдағы үй жануарларын орналастыруға көмектесетін бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруға қатыса отырып, біз жинаған тәжірибемізді қолдануға және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық пен серіктестік қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемде бойынша панажайдағы үй жануарларының көбіне мүмкіндігінше үй және сүйікті отбасын табуға көмектесуге тырысамыз.
Қайырымдылық ұйымдарымен серіктестік қарым-қатынас орнату біздің үй жануарларымыздың өмірін жақсарту жөніндегі міндеттемеміздің маңызды бір бөлігі болып табылады. Біз бүкіл Еуропа өңіріндегі қайырымдылық қорларымен жасалған ынтымақтастығымыздың арқасында үй жануарларының өміріндегі оң өзгерістерді байқап келеміз. Ресейде және ТМД елдерінде PURINA® қайырымдылық ұйымдарымен белсенді жұмыс істейді және панасыз жануарлардың қожайындарын іздеуге бағытталған бастамаларды қолдайды. Ресейде біз жануарларға көмек көрсететін халықаралық «Дарящие надежду» қайырымдылық қорымен, "НИКА" қайырымдылық қорымен және "ЮНА" уақытша панасыз жануарларды оңалту орталығымен жұмыс істейміз. PURINA®-ның Ресей, Беларусь және Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдарымен әріптестігіміздің арқасында 2015 жылдан бері 2 800-ден астам жануар пана және сүйікті қожайындарын тапты. Панасыз жануарлардың қожайындарын іздеумен қатар, PURINA® бүкіл Ресей бойынша бірқатар панажайлар мен қорларға қайырымдылық ретінде азық береді. 2018 жылдың қазан айында Ресейдегі Purina «Бір-біріне» жобасын іске қосты, бұл адамдар мен панажайдағы үй жануарларын кездестіруге және өмір бойы дос болуға көмектесетін онлайн-қызмет.
«ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ» ДЕГЕН NESTLÉ тҰЖЫРЫМДАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛЕМІЗ
Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат
Другие обязательства
-
02Для питомцевПредоставлять доступную информацию о наших продуктах
-
03Для питомцевИсключить искусственные красители из состава нашей продукции
-
08Для обществаСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
-
07Для обществаПопуляризировать программы для детей, посвященные ответственному отношению к домашним животным
-
01Для питомцевСоздавать инновации в сфере здоровья и благополучия домашних животных
-
04Для питомцевСодействовать снижению риска ожирения домашних животных
-
06Для обществаПродвигать преимущества присутствия домашних животных на рабочем месте
-
09Для планетыСоздание рабочих мест для молодых специалистов по всей Европе
-
10Для планетыВнедрить ответственный подход к подбору источников сырья