Сіздің асыранды жануарыңыз - біздің шабытымыз.
A man hugging his dog outdoors

Біздің міндеттемелеріміз

Азықтандыру – біздің қызметіміздің өзегі, алайда біз атқаратын жұмыстың ауқымы мұнымен шектелмейді. Біз үй жануарларының, оларды шын жүректен жақсы көретін адамдардың және барлығымызға ортақ ғаламшардың жарқын болашағы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттенеміз. Сондықтан Purina® Еуропада әлемді жақсы жаққа өзгертіп жатқан 6 міндеттемені өз мойнына алды.

Біз өз міндеттемелерімізді қалай орындаймыз

Біздің Міндеттемелеріміз үй жануарларының иелерінің, ветеринарлық қоғамдастықтың, сала өкілдерінің, тұрақты даму саласындағы сарапшылардың және жануарларды қорғау еріктілерінің пікірін ескере отырып қалыптастырылды. Purina® компаниясының жаңа Міндеттемелері — адамдар мен үй жануарлары бірге болғанда, өмір жарқын әрі мағыналы болатынына деген сенімімізді іске асыру жолындағы нақты қадам. Бұл үй жануарлары үшін де, оларды жақсы көретін адамдар үшін де, сондай-ақ олардың өмір сүретін қоғамы үшін де игілік.

Біздің міндеттемелерімізбен танысыңыз және олардың үй жануарларының, қоғамның және ғаламшарымыздың өмірін қалай жақсы жаққа өзгертетінін біліңіз.

Innovate pet nutrition and source ingredients through regenerative practises.
Инновациялық азықтарды әзірлеу және қалпына келтіруші ауыл шаруашылығы әдістерімен алынған ингредиенттерді пайдалану

Біз үй жануарларын азықтандыру саласындағы инновациялар олардың денсаулығы мен саулығын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз. Сонымен қатар, біз негізгі ингредиенттерге және оларды өндіру тәсілдеріне назар аударып, қалпына келтіру әдістерін қолдануға ұмтыламыз.

Promote pet adoption by leveraging partnerships
Серіктестік бағдарламалар арқылы баспанасыз үй жануарларына өз иелерін табуға жәрдемдесу

Purina® компаниясында біз әрбір үй жануарының өз үйі болуы керек екеніне сенеміз. Сол себепті біз қорлармен және баспаналармен бірлесе отырып, баспанасыз жануарлардың отбасыларға орналасу деңгейін арттыруға күш саламыз.

 
Promote responsible pet ownership programmes
Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау бағдарламаларын ілгерілету

Біз үй жануарларын асыраушылардың барынша көбі оларды дұрыс күтіп-бағу, азықтандыру және қамқор болу жолдарын білуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ұмтыламыз.

Foster people's health through the power of the pet-human bond
Адам мен үй жануары арасындағы байланыстың күшін өмір сапасын жақсартуға пайдалану

Біз адамдар мен үй жануарларының арасындағы байланыстың күшіне сенеміз, бұл байланыс адамдардың денсаулығы мен саулығын жақсартуға қабілетті.

Work towards a waste-free future
Қалдықсыз болашаққа ұмтылу

Біз өз орамаларымызды толығымен қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жарамды ету бағытында жұмыс істеп келеміз, сондай-ақ өнімдеріміз үшін тұйық циклге негізделген шешімдерді іздестірудеміз.

Advance regeneration of soil and ocean ecosystems
Топырақ пен теңіз экожүйелерін қалпына келтіруді арттыру

Біз өз қызметімізде топырақ пен теңіз экожүйелерін қалпына келтіру әдістерін қолдаймыз.

Purina® өзінің алғашқы әлеуметтік міндеттемелерін 2016 жылы қабылдады

2016 жылы өз міндеттемелерімізді әзірлеу барысында біз бизнесіміздің стейкхолдерлерінің пікірін тыңдап, үй жануарларының иелері мен жануарлардың өздері үшін, сондай-ақ біздің серіктестеріміз бен барлық мүдделі тараптар үшін шынайы маңызды болып табылатын сұрақтар мен мәселелерді анықтадық. Бұл бізге «Қоғамдағы Purina» атты 10 міндеттемені қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазір біз Purina® тарапынан 6 жаңа міндеттеме қабылдай отырып, олардың ықпал ету аясын кеңейттік және өз алдымызға жаңа мақсаттар қойдық.

Төменде бастапқы 10 міндеттеменің аясында қол жеткізген нәтижелерімізбен таныса аласыз.

Dog in the clearing
Біздің алдыңғы «Қоғамдағы Purina» 10 міндеттемеміз
A woman run with dog
«Қоғамдағы Purina» әлеуметтік есебі

«Қоғамдағы Purina» атты Еуропалық есеп біз серіктестерімізбен бірлесе отырып бұрынғы 10 міндеттемені қалай жүзеге асырғанымыз жөнінде баяндайды.

 
CES team

Қамқорлық желісі Purina®

Purina® қамқорлық желісінің сарапшылары мен ветеринар мамандары үй жануарларыңызды тамақтандыру және оларға күтім жасау мәселелері бойынша сіздерге көмектесуге және кеңес беруге дайын. Біз үй жануарлары иелерінің сұрақтарына тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн тегін жауап береміз.