Ветеринарлық диеталар

Кошки отличаются не только характером, но и потребностями в еде, поэтому каждой из них необходим специально подобранный с учетом их потребностей рацион. К счастью, выбор кормов богат.
Диетическое кормление кошек
Диетическое кормление кошек

Ветеринарлық диеталар

Бүгінгі таңда белгілі бір аурулармен ауыратын  мысықтар үшін жасалған көптеген азықтар бар. Сонымен қатар ветеринар дәрігерлер ұсынған көптеген диеталық азықтар қазіргі заманғы ветеринарлық тәжірибеде маңызды рөл атқарады. Сатылымға шығар алдында әрбір формула клиникалық сынақтардан өтеді, оның барысында азық құрамындағы қоректік заттар мен микроэлементтердің дұрыс теңгерімі, сондай-ақ өнімнің үй жануарлары организмінің барлық қажетті тағамдық қажеттіліктеріне қатаң сәйкестігі расталады..

Ветеринар дәрігерлер ұсынған кешенді  терапиядағы диеталар келесі аурулардан зардап шегетін мысықтарды диеталық азықтандыру үшін қолданылады:

  • Азық-түлік аллергиясы немесе жоғары сезімталдық;
  • Дерматит және терінің қабыну аурулары;
  • Асқорыту жүйесінің аурулары – ішектің қабыну аурулары, іш қату, құсу және диарея;
  • Қант диабеті;
  • Созылмалы бүйрек аурулары;
  • Қуық аурулары;
  • Бауыр аурулары;
  • Семіздік.

Сондай-ақ мысықтардың ұзақ аштықтан немесе  ауыр ауырудан кейін тез қалпына келуіне ықпал ететін арнайы диеталар бар, мысалы, белгілі бір операциялардан кейін қалпына келтіру кезінде.

cor

Мысықтардағы артық салмақ

Қазіргі уақытта артық салмағы бар мысықтарды  жиі кездестіре аласыз. Мұның себебі қарапайым – рациондағы калория мөлшері көп және физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі. Сондықтан үй жануарларының азықтану рационын бақылап қана қоймай, олардың физикалық белсенділік деңгейін мұқият бақылау керек.

Сонымен қатар үй жануарыңыздың азық  мөлшерін күрт азайтуға болмайды, өйткені мысық организміне өте қажет қоректік заттар мен микроэлементтерді жеткілікті мөлшерде ала алмайды. Осыған байланысты, артық салмағы бар мысықтар үшін арнайы әзірленген формула үй жануарыңыз алатын қоректік заттардың жалпы мөлшерін азайтпай-ақ салмақ түсіруге көмектеседі.

Әрине, мысығыңыздың салмағы нормадан көп  болса, оның тамақтануын, соның ішінде күні бойы тұтынатын тәтті азық пен жеңіл жүрек жалғайтын азықтарының мөлшерін мұқият бақылауыңыз керек. Мысықтар жақсы көретін дәмді азықтардан толығымен бас тартудың да қажеті жоқ, бірақ жағдайды бақылауда ұстауыңыз керек және үй жануарыңыздың артық азықтанбауын қамтамасыз етуіңіз керек!

Үй жануарларыңыздың мінсіз пішіні мен тиімді  салмағы, сондай-ақ оларды қалай дұрыс ұстау керектігі туралы толық ақпарат алу үшін Мысықтың физикалық жағдайын бақылауға арналған арнайы қосымшаны пайдаланыңыз.

Үйде өмір сүретін мысықтар

Тек үйде өмір сүретін, ешқашан сыртқа  шықпайтын кейбір мысықтар өте көңілді және дені сау. Бірақ шектеулі кеңістікте тіршілік етудің кемшіліктері бар, әсіресе, үйде толыққанды жаттығулар жасайтын орындар аз болған жағдайда. Сондықтан үй жануарымен ойнаған өте маңызды: бұл мысықты үнемі қозғалуға итермелейді және оның тіршілігіне қажетті физикалық белсенділікті әкеледі. Есіңізде болсын, көп қозғалмай өмір сүретін мысықтар біртіндеп салмақ жинай бастайды, сондықтан үй мысықтарына арналған арнайы азық құрамында ақуыз көп, әдеттегі азыққа қарағанда калориясы аз болады, бұл басқа ұқсас компоненттермен бірге үйде өмір сүруге дағдыланған мысықтардың қалыпты физикалық күйін сақтауға көмектеседі.

Көшедегі тұқымдастары сияқты үй жануарлары  көбінесе барлық жерде ұйпаланған жүндерін қалдырады, оның үстіне дала мысықтарына қарағанда үй мысықтары көп түлейді. Бәлкім, бұл үй мысықтары көшедегі мысықтарға қарағанда өздеріне мұқият күтім жасайтындығымен байланысты шығар, әлде біз даланың емес, үйдің тазалығына көбірек көңіл бөлеміз бе?! Сондықтан үй мысықтары үшін арнайы әзірленген көптеген азықтардың құрамында пре және пробиотиктермен бірге қосымша талшық бар, бұл асқорыту жүйесінің саулығын сақтауға және жүндерінің оңай алынуына көмектеседі. Бұл азықты пайдалану мысық науасының иісін басуға көмектеседі, бұл сіз үшін де, үй жануарыңыз үшін де үлкен көмек болмақ!

Тағамдық аллергия немесе азыққа деген  төзбеушілік мысықтар мен иттерде өте сирек кездеседі, шамамен 0,1% жағдайда. Алайда үй жануарыңызда аллергия болса, оның рационын мұқият бақылауыңыз керек, өйткені бұл жағдай оның өміріне өте қауіпті болуы мүмкін. Диагноз қойылған жағдайлардың шамамен 97%-ында үй жануарларындағы аллергия терідегі бөртпелермен байқалады, ал 10-15% жағдайда бұл асқорытуды бұзады. Осыған байланысты мысыққа уақтылы нақты диагноз қойған өте маңызды, өйткені жоғарыда аталған белгілер эпителий тінінің немесе асқазан-ішек жолдарының басқа ауруларын көрсетуі мүмкін.

Тағамдық аллергия немесе азыққа деген  төзбеушілікке диагноз қоюдың бірден-бір дұрыс әдісі – ветеринар дәрігердің бақылауымен әр өнімге тиісті сынақ жүргізу. Көп жағдайда мысықтардағы аллергия белгілі бір өнімнің құрамында белгілі бір ақуыздың болуына байланысты, сондықтан мысықтың рационынан жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін үй жануарыңыздың организмі төзбейтін протеинді алып тастау керек. Тиісті аллергенді (-дерді) жоғары дәрежелі дәлдікпен анықтау үшін мысықты моноақуызды өнімдерге ауыстыру қажет. Алайда жануардың организмі бұған дайын болуы керек, сондықтан мысығыңызға 2- 3 айға созылатын арнайы гидролизденген немесе ақуызды диета белгіленуі мүмкін.

Адамдарда болатын сияқты мысықтардың да   аллергиясы организмнің иммундық жүйесінің белгілі бір өнімге дұрыс емес реакциясының  салдары екенін есте ұстаған жөн; сондықтан себеп өнімнің сапасы мен тағамдық сипаттамаларында емес, әртүрлі жануарлардың организміне бірдей тағам әртүрлі әсер етуі мүмкін екендігінде!

Ветеринарлық диеталар

Азыққа деген ерекше қажеттіліктері бар  мысықтарға көмектесу үшін PURINA® диеталық азықтың арнайы, бейімделген түрлерін жасады. Біздің брендтер мен жеке өнімдер туралы қосымша ақпарат алу үшін төменде орналасқан белгішелерді басыңыз: