Көпек ит

Көпек иттер немесе двортерьерлер – бұл ресми түрде танылған тұқымдарға жатпайтын иттер. Олар мақсатты өсіру нәтижесінде туылмайды және әдетте, тек асыл тұқымды жануарлардың арасында ғана емес, тіпті аралас тұқымдардың өкілдері арасында да жақын туыстары жоқ. Тұқымы жоқ иттердің басты ерекшелігі – еркін көбейеді, нәтижесінде популяциялары тез өсіп, бүкіл әлемге таралады.
Собака дворняжка
Собака дворняжка

Көпек иттер қалай пайда болды?

Көпек иттердің пайда болуын анықтау қиын, өйткені ұрпақ көбейтуге тек панасыз жануарлар ғана емес, сонымен қатар асыл тұқымды үй жануарлары да қатысады. Көпек иттердің пайда болуының екі жолы бар, олардың тұқымы мыналар деген пікір бар:

  • жабайы жануарлар әлемінің «ережелері» бойынша өсірілетін, бірақ адаммен өмір сүру қабілеті бар жабайы үй иттері;
  • қандай да бір себептермен панасыз және иесіз қалған асыл тұқымды жануарлар.

Көптеген жылдар бойы будандастыру нәтижесінде мұндай иттердегі тұқым белгілері іс жүзінде жоғалып кетті. Бұл желінің өкілдерін асыл тұқым аралас будандармен шатастыруға болмайды, өйткені олардың ата-бабалары асыл тұқымды.

Көпек иттердің түрлері

Виды дворняжек

Генетикалық тұқымсыз иттер алуан түрлі, өйткені олар селекцияланбайды. Көпек иттердің қандай да бір түрін нақты бөліп көрсету мүмкін емес, сондықтан оларды түріне қарай бөлу орын алған:

  • дене бітімі мен сыртқы түрі овчаркаға ұқсайтын ірі иттер;
  • көлемі орташа двортерьерлер;
  • көлемі кішкентай иттер (басқаларға қарағанда сирек кездеседі).

Белгілі бір кезеңдерде көпек иттердің арасында сыртқы түрі танымал тұқымдардың өкілдеріне ұқсас жануарлар пайда болады. Осылайша, екі мыңыншы жылдардың басында қала көшелерінде қаңғыбас «догтарды», «овчаркаларды», «колли», «алабайларды» кездестіруге болатын. Бұл тұқымдар 20 ғасырдың соңында өте танымал болды, бірақ иелерінің жауапсыздығына байланысты үй жануарларының далада қалуы жиі кездесті, панасыз жануарлардың арасынан пана тапты. Олардың әрбір жаңа ұрпақтарынан тұқымның ерекшеліктері біртіндеп жойылды.

Кинологтар көпек иттердің арасында тым кішкентай иттер өте аз екенін айтады. Бұл «құбылыс» табиғи іріктеу нәтижесінде мұндай жануарлардың тірі қалмайтындығымен түсіндіріледі, өйткені олардың өмір сүру үшін күресуге физикалық күші де, денсаулығы да жоқ. Сонымен қатар ірі көпек иттер әдетте, салмағы мен көлемі жағынан асыл тұқымды иттерден кейін тұрады. Оларға тән жалғыз нәрсе – шыдамдылық. Ауыр жағдайларда өмір сүретін мұндай иттер асыл тұқымды ұяластарынан өзгеше, дұрыс емес азыққа да, күтімнің жоқтығына да төзімді.  

Әр елде, тіпті, аймақта көпек иттердің түрлері алуан түрлі болуы мүмкін. Сүйкімді және әдемі көпек иттердің күшігі көбінесе, үйде тұруға кетіп жатады. Асыл тұқымның болмауына қарамастан, асыл тұқымы жоқ үй жануарлары бүкіл әлемде кеңінен таралған құбылыс. Олар асыл тұқымды иттер сияқты оқу және әлеуметтену қабілетіне ие, көптеген адамдар үшін бұл оларды асырап алуға негіз болады.

Көпек иттерідің табиғаты

Мінездерін алдын ала болжау мүмкін емес, көпек иттер мен асыл тұқымды үй жануарларын таңдауда кедергі болатын жалғыз фактор. Егер белгілі бір тұқымның үй жануарларын өсіру кезінде ит асыраушылар адамдарға деген достық қарым-қатынас, басқа жануарлармен тіл табысу қабілеті, үйрену қабілеті сияқты мақсатты түрде мінездің ең жақсы қасиеттерін дамытса, көпек иттерде бұл қасиеттер гипотетикалық түрде болады, бірақ өмір сүру жағдайлары ауыр болғандықтан олар қолданылмайды.

Жалпы, көпек иттер жігерлі және көпшіл, әртүрлі асырау жағдайларына оңай бейімделеді, күй талғамайды. Алайда ересек жануарлардың әлеуметтенуі үшін көп уақыт қажет. Олар адамдарға сақтықпен және сенімсіздікпен қарайды, бірақ мейірім мен қамқорлықты сезініп, адал және сенімді досқа айналады. Көпек иттер – керемет күзетшілер: адамға бауыр басып қалады, олар қауіпке қарамастан иесін қорғауға дайын.

Характер дворовых собак

Далада ұзақ уақыт өмір сүрген жануарлар үйге келгенде біраз уақыт жаңа жағдайларға үйрене алмайды: олар болашаққа қор жинағандай азықты қалыптыдан көбірек жейді, кенеттен берілген немесе қатты шыққан дыбыстардан қорқады және жасырынуға тырысады.

Көпек иттер ықтимал қауіпті үй жануарлары деп саналады, бірақ олардың агрессивтілігі адамдармен болған қарым-қатынастың жағымсыз тәжірибесі салдарынан туындаған. Егер қауіпті иттердің қатарына кіретін неміс овчаркалары, ротвейлерлер, бультерьерлердің мінез-құлқы агрессивті болса, бұл дисквалификациялық белгі және тәрбиелеудегі кемшілік болып саналады, ал көпек иттерде бұл олардың өмір сүруіне көмектесетін, жүре пайда болған рефлекс. Тұқымы жоқ иттердің психикасы икемді екені белгілі, сондықтан бұл мінезді түзету мүмкін және ол үй жануарларынан бас тартуға себеп болмауы керек. Кәсіби жаттықтыру және жайлы өмір сүру жағдайлары үй жануарларын тезірек әлеуметтендіруге мүмкіндік береді. Егер нәтижені ұзақ күтуге тура келсе, иесінің шыдамдылық танытқаны, ұнжырғасын түсірмегені маңызды.  

Әрбір көпек ит иесінің жеке тәжірибеге негізделген үй жануарларының табиғаты туралы өзіндік пікірі бар. Сонымен қатар олардың ешқайсысы көпек иттер асыл тұқымды жануарларға тән қандай да бір қасиеттерден, мысалы, жаттықтыру немесе қызметтік функцияларды орындау қабілетінен мүлдем айырылған деп тұжырымдамайды. Тұқымды қалыптастыру кезінде ең жақсы тұқымдар қолданылғанын түсіну керек, бұл олардың ұрпақтарының зияткерлік дамуын жоғары деңгейге әкелген. «Двортерьерлерінің» мінез-құлқына тек гендер ғана емес, сонымен бірге тіршілік ету ортасы да әсер етеді, сондықтан жаттықтыру кезінде қиындықтар болатыны сөзсіз. Көп жағдайда күшіктер де, ересек иттер де негізгі командаларды жаттай алады, ал кейбіреулері қамқорлығы үшін ризашылық білдіріп, тіпті, иесі үшін отқа да, суға да түсуге дайын.

Здоровье дворняжек

Здоровье дворняжек

Ғалымдар тұқымы неғұрлым әртүрлі болса, үй жануарының денсаулығы соғұрлым мықты деп санайды. Көпек иттер табиғи іріктеуден өтеді, нәтижесінде жоғары генетикалық бейімділігі бар күшіктер ғана тірі қалады. Биологиядағы бұл құбылыс гетерозис немесе гибридті күш деп аталады. Гибридті жануарлардың өміршеңдігі жоғары, өйткені олар ата-аналарының ең жақсы басым қасиеттерін мұра етеді. Асыл тұқымды иттердің организмі сезімтал болады, өйткені олар жақын туыстарының ұрпақтары болып табылады және көбінесе әлсіз гендерді мұра етеді.

Үйде көпек иттер асыл тұқымды үй жануарларына қарағанда бірнеше жыл ұзақ өмір сүретіні белгілі, бірақ олардың азықтануын қадағаламасаңыз, аурулар пайда болуы мүмкін.

Күшті туа біткен иммунитет көпек иттерді қолайсыз өмір сүру жағдайларынан қорғайды, сондықтан олар бірнеше жылдар бойы далада жүріп, күшіктейді. Дәл сол себепті олар ғылыми тәжірибелер мен эксперименттерге жиі қатысады, мысалы, ғарышты алғаш болып ашқан әйгілі Белка мен Стрелка тұқымы жоқ ит болған.

Алайда көпек иттердің өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын стрестер ағзаның жалпы жағдайына теріс әсер етеді, сондықтан ересек ит көбінесе, тері мен көз ауруларына, инфекцияларға, асқазанның бұзылуына, қан айналымы жүйесі мен жүрек ауруларына шалдығып жатады. Көпек күшіктер 2 айға дейінгі ауруларға бейім болатындығымен ерекшеленеді. Осы кезеңде табиғи сұрыптау орын алып, жануар өмір сүру «сынағынан» өтеді.

Көпек иттердің күшіктерін тәрбиелеу, иттерді жаттықтыру

Көпек иттер ақыл-ой қабілеті жағынан асыл тұқымдыларға дес бермейді. Сонымен қатар олардың реакциясы жылдам және тапқырлыққа ие, бұл оларды жаттығу мен тәрбиелеуге бейім етеді.

Асыл тұқымды иттерде белгілі бір тапсырмаларды орындау және үйрету қабілеттері генетикалық деңгейде белгіленеді. Бұл ретте олар дұрыс күтім мен тәрбие болған жағдай да ғана көрінеді. Ал көпек иттер табиғатынан-ақ бейімделе алады, сондықтан жоғары интеллекттің болмауы оның үйретілмейтінін білдірмейді. Жаттығуға көп уақыт кетеді, бірақ түптеп келгенде, ол кем дегенде негізгі командаларды үйренеді. Көптеген адамдар көпек иттердің көшеде жаяу жүргіншілер жолымен өтіп, қашанда бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрғанын көрген шығар.

Воспитание щенков дворняжки, дрессировка собак

Дәретханаға қалай үйретуге болады

Дәстүр бойынша, ең үлкен қиындық – итті дәретханаға үйрету. Күшіктерде бұл процесс 2-ден 4 айға дейін созылуы мүмкін, бірақ ересек көпек иттер, әдетте, «қимыл тәртібін» тез есте сақтайды. Ең бастысы – оларды үйде жалғыз қалдырмау және далаға жиі шығармау керек. Әрбір сәтті «әрекет» кезінде үй жануарларын белсенді түрде мақтау керек.

Егер көпек иттің мінез-құлқын мұқият қадағаласа, оның иесі үй жануарын оп-оңай жаттықтыра алады. Кенеттен алаңдаушылық, бір бөлмеден бір бөлмеге жүгіру, есікке қарап үру иттің дәретханаға барғысы келгенін білдіруі мүмкін. Егер жануар кенеттен көзден таса болып кетсе, еденді иіскеп, отырса – мұның бәрі иесінің назарынан тыс қалмауы керек белгілер.

Жаттығу жоспары

Көпек иттің күшіктері тезірек үйретіледі, бірақ ересек итті де белгілі бір тапқырлықпен, табандылық көрсете отырып, адаммен бірге өмір сүру ережелеріне үйретуге болады. Итті даладан алған қожайын жүйені сақтауы, тыйымдар мен өз бетінше әрекет етуіне жол бермеуі керек. Көптеген көпек иттердің жағымсыз өмірлік тәжірибесі көп, сондықтан бастапқыда олармен сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс істеу керек, бірінші кезекте, олармен балаларды жалғыз қалдырмау керек.

Жалпы, асыл тұқымды үй жануарларын тәрбиелеу мен әлеуметтендіруге деген көзқарас үй жануарларының жеке қабілеттеріне негізделуі керек, ал үйрету жоспары стандартты болып қала береді. Ит өзінің атына үйреніп, үйде ыңғайлана бастағаннан кейін, оны негізгі командаларға үйрете бастасаңыз болады:

  • «Орныңа!» - итті өз орнына отырғызыңыз немесе жетелеп апарыңыз, содан кейін тәті азық берік, сипалап, «орныңа» деп айтыңыз. Бір апта бойы жаттығуды күніне бірнеше рет қайталаңыз, қиындатыңыз, жануардан өз орнын өз бетінше табуды талап етіңіз. Команданы бір ай немесе одан да ұзақ уақыт үйретіп, бекітіңіз.
  • «Фу!» - итке азық ұстап тұрған қолыңызды созыңыз, оны алуға тырысқанда, «фу!» деген команда беріңіз. Бұл команданы білу жерден қоқыс жинағанды ұнататын үй жануарыңызды басқаруға мүмкіндік береді.
  • «Маған!» - команданы айтып, көпек итті атымен шақырыңыз. Ынталандыру үшін тәтті азық қолданыңыз. Үй жануарыңызға қасыңызға келгенде оған міндетті түрде азық беріп, мақтап қоюды ұмытпаңыз. Командаға жауап беру қабілеті көпек итті қарғыбаудан алаңдамай босатуға мүмкіндік береді.
  • «Отыр!» - қолыңызды иттің тұмсығынан сәл жоғары көтеріп тұрып, осы бұйрықты беріңіз. Бұл қалпында ол тәтті азықты оңай алады, сондықтан команданы тез есіне сақтап қалады.
  • «Жат!» - егер азықты еден деңгейінде ұстасаңыз, көпек ит осы қалпын қабылдауға тырысады. Ит түйсікті түрде басын иеді, ал сіз оны жату үшін артқы жағынан аздап басуыңыз керек. Жаттығу кезінде команданы бірнеше рет қайталау керек.
  • «Жанымда бол!» - жаттығуды «азықтандырудан» бастаңыз. Ақырын жүріп, азық ұстаған қолыңызды жануардың мұрын деңгейінде ұстаңыз. Команданы айтыңыз да, азық беріңіз. Егер бірнеше күндік жаттығудан кейін үй жануары табандылық танытып, алға жүгіруге ұмтылса, басқа әдісті қолданып көріңіз. «Жанымда бол!» деген бұйрық беріп, 2-3 секундтан кейін қарғыбауды өзіңізге қарай тартыңыз. Егер бұл жаттығуды кері тәртіппен жасасаңыз, онда ит өзін неге жазалағанын түсінбейді.
  • «Апорт!» - бұл екі әрекетті білдіретін команда. Ит заттарды алып, иесіне беруі керек. Көпек ит алдымен өзін қызықтыратын затты таңдайды. Ол оны тістегеннен кейін «Апорт!» деген команда беріледі. Үй жануары командамен алуға қажетті затты алып үйренгенде жаттығудың 2 бөлігіне кірісуге болады. Затты алып, бірден «бер!» деген команда беріңіз. Ең дұрысы, көпек ит командамен затты (ойыншықты) алып, иесіне әкелуді үйренуі керек. Алдымен оған тапсырманы түсіндіру үшін өзіңізге шақырып, содан кейін ойыншықты алыңыз.

План дрессировки

Жаттығу сәтті болуы үшін иесі ұстануы керек ережелер:

  • талапшыл болыңыз: бұрын тыйым салған нәрсеге рұқсат бермеңіз;
  • әрқашан команданың орындалуына қол жеткізіңіз;
  • жаттығуды серуеннен кейін бастаңыз, сонда ит мұқият болады және алаңдамайды;
  • әрқашан ауызша ынталандыруды ғана емес, сонымен қатар басқа ынталандыру түрлерін қолданыңыз, мысалы, тәтті азық, серуендеу;
  • ит сізге деген сенімін жоғалтпауы үшін жалған ынталандырулармен алдамаңыз;
  • команданы қосымша түсіндірмелерсіз және интонацияны өзгертпестен түсінікті әрі анық етіп беріңіз;
  • командаларды ым-ишарамен толықтыруға рұқсат етіледі.
  • Үй жануарын қатаң асырап-бағуға тыйым салыңыз. Ол қанша жерден тіл алмай, табандылық танытса да, физикалық жаза сізге қарсы қояды және өзара түсіністікке апаратын жолды біржола жабады

Көпек итке күтім жасау ерекшеліктері

Көпек иттердің иммунитеті күшті үй жануарларының денсаулығын бақыламай-ақ қоюға болады деген сөз емес. Егер даладағы жануарды асырап алсаңыз, оны ветеринар дәрігерге тексерту керек немесе өз бетіңізше вакцинация мен дезинфекция жүргізуіңіз керек. Үй жануарына құрттарға қарсы препараттар беріледі, кенелер мен бүргелерге қарсы сусабын қолданылады. 

Асыл тұқымды ит сияқты, көпек итке де демалу мен ұйықтау үшін тұрақты орын бөліп, азық пен су ыдыстарын, ойыншықтар, қарғыбаулар сатып алу керек. Жануарларға күтім жасау дәстүрлі рәсімдерден тұрады:

  • аптасына бір рет жүнін тарау;
  • құлақ пен көзді тазарту;
  • тырнақтарды кесу (қажет болса).

Көпек иттер тері ауруларына бейім, сондықтан олардың терісі мен жүнін үнемі тексеріп отыру керек, тұрақты түрде гигиенасын қамтамасыз ету керек.

Тұқымсыз иттер азық талғамайды, бірақ асыл тұқымды иттерге қойылатын талап сияқты оларға да дастарқаннан тамақ беруге болмайды. Өнеркәсіптік азық па, әлде табиғи тағам ба, екеуінің біреуіне тоқтау керек.

Үйге келген ересек иттер тамақты ашкөздікпен жейді және оларға ешкім қарамай тұрғанда тамақтануы мүмкін. Бастапқыда азықтандыру кезінде мүмкіндігінше жанында болып, үй жануарының тамақты тауысуын бақылау керек. Артық тамақтануға жол бермеңіз, ал ұрлағаны үшін жазалаңыз. Азықтың тәуліктік мөлшері жануардың салмағының 3-4%-ын құрауы керек.

Егер сөз табиғи рацион туралы болса, ол мыналардан тұруы керек:

  • сапасы төмен ет (кинологтар айтқандай, неғұрлым нашар болса, соғұрлым жақсы), бұл бас, сүйек, жілік, ішкі органдардың бөліктері болуы мүмкін;
  • дәнді дақылдар;
  • жұмыртқа;
  • сүтқышқылды өнімдер;
  • көкөністер (күндізгі норманың 1/3 үлесімі);
  • сүйегінен тазартылған балық;
  • дәруменді-минералды қоспалар.

Кез келген тұқымды иттерге, оның ішінде көпек иттерге, құбырлы сүйектері бар тауық етін, сондай-ақ ащы, маринадталған өнімдер мен тәттілер бермеу керек.

Егер ит пәтерде тұрса, оны күн сайын серуендеуге шығару керек. Бұл үй жануарлары табиғатынан жігерлі және белсенді, сондықтан физикалық жүктеменің болмауы олардың денсаулығына нашар әсер етеді. Жаяу серуендеу үшін сізге қарғыбау қажет, ал егер үй жануары әлі дұрыс үйретілмеген немесе ірі болса, онда оған тұмылдырық кигізген дұрыс.

Асыл тұқымды иттермен салыстырғанда көпек иттердің жақсы және жаман жақтары

Плюсы и минусы дворняжек по сравнению с породистыми собаками

Көпек иттерге қатысты жағымсыз пікір қалыптасқан, бірақ бұл жануарлардың көптеген жағымды қасиеттері бар екенін біліп, дауласуға болады.

  • Асыл тұқымды иттерден айырмашылығы, олардың денсаулығы мен иммунитеті мықты, сондықтан үнемі ветеринарлық бақылауды қажет етпейді, даладағы үйшікте өмір сүре алады.
  • Егер көпек иттің күшігін алып, бірден жаттықтыра бастасаңыз, қарым-қатынас барысында еш қиындық болмайды.
  • Көпек иттер өте қамкөңіл, бірақ ризашылық білдіретін жануарлар, сондықтан қамқорлық пен көңіл бөлгеніңізді сезсе, адал және сенімді досқа айналады.
  • Двортерьерлер табиғатынан керемет иісшіл және олар үйде тұрса да, өздерін күзетшіміз деп санайды.
  • Көпек иттер мен асыл тұқымды иттерді жаттықтыруда ешқандай айырмашылық жоқ.

Көпек итке күтім жасау ерекшеліктері

Көпек иттердің иммунитеті күшті үй жануарларының денсаулығын бақыламай-ақ қоюға болады деген сөз емес. Егер даладағы жануарды асырап алсаңыз, оны ветеринар дәрігерге тексерту керек немесе өз бетіңізше вакцинация мен дезинфекция жүргізуіңіз керек. Үй жануарына құрттарға қарсы препараттар беріледі, кенелер мен бүргелерге қарсы сусабын қолданылады. 

Асыл тұқымды ит сияқты, көпек итке де демалу мен ұйықтау үшін тұрақты орын бөліп, азық пен су ыдыстарын, ойыншықтар, қарғыбаулар сатып алу керек. Жануарларға күтім жасау дәстүрлі рәсімдерден тұрады:

  • аптасына бір рет жүнін тарау;
  • құлақ пен көзді тазарту;
  • тырнақтарды кесу (қажет болса).

Көпек иттер тері ауруларына бейім, сондықтан олардың терісі мен жүнін үнемі тексеріп отыру керек, тұрақты түрде гигиенасын қамтамасыз ету керек.

Тұқымсыз иттер азық талғамайды, бірақ асыл тұқымды иттерге қойылатын талап сияқты оларға да дастарқаннан тамақ беруге болмайды. Өнеркәсіптік азық па, әлде табиғи тағам ба, екеуінің біреуіне тоқтау керек.

Үйге келген ересек иттер тамақты ашкөздікпен жейді және оларға ешкім қарамай тұрғанда тамақтануы мүмкін. Бастапқыда азықтандыру кезінде мүмкіндігінше жанында болып, үй жануарының тамақты тауысуын бақылау керек. Артық тамақтануға жол бермеңіз, ал ұрлағаны үшін жазалаңыз. Азықтың тәуліктік мөлшері жануардың салмағының 3-4%-ын құрауы керек.

Егер сөз табиғи рацион туралы болса, ол мыналардан тұруы керек:

  • сапасы төмен ет (кинологтар айтқандай, неғұрлым нашар болса, соғұрлым жақсы), бұл бас, сүйек, жілік, ішкі органдардың бөліктері болуы мүмкін;
  • дәнді дақылдар;
  • жұмыртқа;
  • сүтқышқылды өнімдер;
  • көкөністер (күндізгі норманың 1/3 үлесімі);
  • сүйегінен тазартылған балық;
  • дәруменді-минералды қоспалар.

Кез келген тұқымды иттерге, оның ішінде көпек иттерге, құбырлы сүйектері бар тауық етін, сондай-ақ ащы, маринадталған өнімдер мен тәттілер бермеу керек.

Егер ит пәтерде тұрса, оны күн сайын серуендеуге шығару керек. Бұл үй жануарлары табиғатынан жігерлі және белсенді, сондықтан физикалық жүктеменің болмауы олардың денсаулығына нашар әсер етеді. Жаяу серуендеу үшін сізге қарғыбау қажет, ал егер үй жануары әлі дұрыс үйретілмеген немесе ірі болса, онда оған тұмылдырық кигізген дұрыс.

Асыл тұқымды иттермен салыстырғанда көпек иттердің жақсы және жаман жақтары

Тұқымы жоқ иттерге әдетте, теріс баға беріледі, бірақ адамзат оларға үлкен ғылыми жаңалықтар мен қызықты әдеби шығармалар үшін қарыздар. Көпек иттер денсаулығы мен иммунитетінің мықтылығына байланысты дәстүрлі түрде ғарышты игеруден бастап, ауыр ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жасауға дейінгі түрлі тәжірибелерде қолданылады. Асыл тұқымды жануарлардың таланты мен адалдығы туралы әңгімелер әдеби және көркем шығармаларға арналған сюжет желісіне бірнеше рет арқау болған. Әлемнің көптеген қалаларында бұл иттерге ескерткіштер орнатылды, клубтар құрылды, онда мұндай ит иелеріне көмек көрсетіледі.

Дворняга – друг и помощник человека

Егер тұқымы жоқ үй жануарын аламын деп жоспарласаңыз немесе асырап алған болсаңыз, PURINA бастамасымен және қолдауымен құрылған «Бір-біріне» әлеуметтік жобаның қатысушысы болыңыз. Жобаның серіктестері – панасыз жануарларға арналған қорлар мен панажайлар, онда сіз ит таңдап қана қоймай, тәжірибе алмасып, үй жануарларын асырау және тәрбиелеу бойынша кеңес ала аласыз. Үй жануарларының көрмелеріне қатысуға, көпек иттерді үйретуге мамандандырылған адамдармен сөйлесуге мүмкіндік болады. Жобаға қатысушылардың саны үнемі өсіп келе жатқанын ескере отырып, тұқымы жоқ иттердің танымалдылығының артуы туралы айтуға болады. Бұл таңғаларлық дүние емес, өйткені дос таңдауға келгенде тұқым маңызды емес!