> Вернуться ко всем вопросам
Ингредиенты
Үй жануарларына арналған азықтардың құрамына қоспалар ене ме? Олар не үшін керек?
Юлия
Рецептураларды есептеу жөніндегі маман, Purina®
Ингредиенты
Перейти в раздел >

Иә, кіреді. Қоспалар жануарлар азығының сапасын дайындалған күннен бастап жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Қоспалар туралы айтатын болсақ, біз үй жануарлары үшін толыққанды және теңдестірілген азық жасауға көмектесетін дәрумендерді де қосуымыз керек.

Өнімдеріміз толыққанды, теңдестірілген және үй жануарлары үшін қауіпсіз болуы үшін біз қоспаларды қолданамыз.

Қоспаларға маңызды рөл атқаратын дәрумендер, консерванттар, ферменттер, микроэлементтер және антиоксиданттар кіреді (мысалы, микронутриенттерді сақтау). Қоспалар үш түрге бөлінеді:

  • қоректік: организмнің өмірлік маңызды функцияларын сақтайтын қоспалар (мысалы, дәрумендер);
  • технологиялық: азықты, оның дәмі мен құрылымын сақтауға көмектесетін, сақтау кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоспалар (мысалы, антиоксиданттар);
  • дәмдік-хош иісті: өнімге қажетті дәм мен түс беретін қоспалар (мысалы, бояуыштар).

Біздің өнімдерімізде қолданылатын барлық қоспалар Ресей заңнамасына сәйкес реттеледі және бақыланады. Олардың қауіпсіздігі толықтай дәлелденген.