Зиянды өнімдер мен заттар

Айналадағы әлемді зерттеуге деген құштарлық –мысықтардың бойынан бағаланатын ерекшеліктердің бірі, бірақ кейде дәл сол себепті үй жануарларына зиян келтіруі мүмкін заттарды мұқият қадағалап отыру керек.
Вредные продукты и вещества
Вредные продукты и вещества
Страсть к исследованию окружающего мира - одна из особенностей, которую вы так цените в кошках, но иногда по этой же причине вам необходимо тщательно следить за вещами, которые могут причинить вред вашему питомцу.

Зиянды өнімдер мен заттар

Табиғатынан қызыққұмар мысықтар қоршаған әлемді үнемі танып біледі, мейлі ол үлкен ашық кеңістік болсын, үйіңіздің бұрыштары мен саңылаулары болсын, олар кіріп кетуге тырысады. Жолда қандай жаңа тосынсыйларға тап болатынын ешқашан білмейсіз. Үйде және бақта көптеген тамақ өнімдері мен заттар, соның ішінде төрт аяқты досыңыз үшін улы болуы мүмкін өсімдіктер бар. Олардың кейбіреулері үй жануарыңыз үшін қауіп төндіретіні анық, ал басқаларының түрі мүлдем зиянсыз болып көрінуі мүмкін.

Мысалы, мысық үшін сіздің тамағыңыз немесе ішіп жүрген дәрі-дәрмегіңіз өте тартымды және тәбет ашарлықтай болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл өнімдер сізге зиянсыз, ал  мысықтар үшін улы, тіпті, кейбір жағдайларда өміріне қауіпті болуы мүмкін. Күнделікті тұрмыста қолданатын көптеген химиялық заттар да үй жануарының денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, мысалы, ваннаға арналған тазартқыш құрал, егер қызыққұмар мысығыңыз аяғымен көпіршікке тиіп кетсе болғаны.

Мысықтар үшін қауіпті азайту

Жалпы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, төрт аяқты досыңыз үшін үйіңіз бен бақшаңызды қауіпсіз етіңіз, үй жануарыңыз тәтті азық ретінде қабылдауы мүмкін заттарды ашық қалдырмаңыз және қол жететін жерде сақтамаңыз. Келесі кеңестер мысығыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оны қиындықтардан қорғауға көмектеседі.

Дәрі-дәрмек препараттары:

Дәрі-дәрмек препараттары:

Мысыққа тәжірибелі ветеринар дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектерді ғана бере аласыз, өйткені ол ауру үй жануарларына қалай көмектесуге болатынын жақсы біледі. Адамдар үшін қауіпсіз көптеген дәрі-дәрмектер мысықтар үшін өте улы болуы мүмкін, сондықтан олардың дәмін татуға жол бермеңіз. Сондай-ақ иттерге зиянсыз кейбір препараттар мысықтар қабылдаған жағдайда елеулі кері әсерлер тудыруы мүмкін екенін ескерген жөн.


Ветеринар дәрігердің рецептісі бойынша немесе дәрігерсіз  жазылған барлық дәрі-дәрмектерді мысық жете алмайтын  жерде сақтаңыз, негізінен, оларды жабық шкафтарда сақтау керек. Ауырсынуды басатын дәрілер, суыққа қарсы дәрі-дәрмектер, дәрумендер мен арықтататын таблеткалар – бұл адамдарға арналған дәрі-дәрмектердің азғантай бөлігі ғана, олардың тіпті, аз мөлшері мысық үшін улы болуы мүмкін, тіпті, өліп қалуы да ықтимал.


Бүргелерді кетіретін құралдарды сатып алмас немесе пайдаланбас бұрын, ветеринар дәрігерден үй жануарларына қолайлы дәрі-дәрмек ұсынуды сұраңыз. Препаратты қолданар алдында барлық ақпаратты мұқият оқып, мысықтың денсаулығы үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін қалташада көрсетілген нұсқаулар мен ұсыныстарды дәл орындаңыз. Бүріккішті шашпас бұрын қаптамада көрсетілген кезең ішінде жануарларды оқшаулағаныңызды тексеріңіз. Егер сіз бүргеге қарсы дәрі-дәрмектің қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз, қосымша ақпарат алу үшін оны өндірушімен немесе тәжірибелі ветеринар дәрігермен хабарласыңыз.
 

Үйде:

Мысықтың тазалау құралдары сақталатын немесе пайдаланылатын орындарда жүруіне жол бермеңіз. Олардың кейбіреулері төрт аяқты досыңыздың асқазанының аздап бұзылуына әкелуі мүмкін, ал басқалары улы болып, тілдің, ауыз қуысының және асқазан-ішек жолдарының ауыр күйіктерін тудыруы мүмкін, тіпті ауыр жағдайларда өлімге әкелуі де ықтимал.

Көптеген тұрмыстық заттар мысықтар үшін улы болып табылады, тіпті, олар қауіпті болмаса да, аз мөлшерде қабылданған күннің өзінде бұл оларды аз уытты етпейді. Үйден барлық тазалау құралдарын толығымен алып тастаудың қажеті жоқ, бастысы – мысығыңыз олармен ойнамайтынына сенімді болу үшін оларды мұқият бақылау керек. Әңгіме келесі заттар турасында:

  • Тиындар (құрамында мырыш көп)
  • Нафталин шарлары
  • Хош иісті майлар
  • Кір жұмсартқыштар
  • Ыдыс жуғыш заттар (құрамында тоттану тудыруы мүмкін катионды детергенттер бар)
  • Батарейкалар (құрамында қышқыл немесе сілті бар, олар да тоттануға әкелуі мүмкін)
  • Үйде жасалған ермексаз (тұз мөлшері жоғары)
  • Қол-аяқ жылытқыштар (темір мөлшері жоғары)
  • Темекі
  • Ұнтақталған кофе
  • Алкогольді ішімдіктер.

Күнделікті өмірде денсаулыққа қауіпті ластаушы қоспаларды қолданған кезде үй жануарыңыздың қауіпсіздігіне қамқорлық жасаған жөн, өйткені мысығыңыз кез келген кезде қасыңыздан табылуы мүмкін.

Зиянды қоспаларға жуғыш заттар, пестицидтер, бояулар мен лактар сияқты тұрмыстық заттардан булану, сонымен қатар кондиционерлерде, желдету арналарында, сүзгілер мен ылғалдандырғыштарда болатын әртүрлі микробтар мен грибок агенттері мен организмдер жатады.

Қорғасын бояуын өте мұқият, тез және ұқыптап алып тастаңыз. Сондай-ақ құрамында қорғасын бар түрлі заттар, мысалы, қорғасын бояуы, линолеум және тығыздағыш мастика мысықтың назарын аудартады.

Егер кенеттен мысығыңыз осы заттардың біріне жанасса, үй жануарыңыздың денсаулығының жақсы-нашар екенін мұқият қадағалаңыз. Улану және зиянды заттардың ішке ену белгілері – құсу, диарея немесе іш қату, тәбеттің жоғалуы немесе қозғалыстарды үйлестіру, соқырлық, тіпті,  құрысулар. Егер мысықтың денсаулығының нашарлауының себебін дәл анықтай алмасаңыз, ветеринар дәрігермен кеңескен дұрыс.
 

Бақшада және гаражда:

Мысығыңыз «джунглиде» ойнағанды ұнатады (яғни,  бақшада!), бірақ сіздің көгалыңыз бен бақшаңызды гербицидтермен немесе инсектицидтермен тыңайту және өңдеу кезінде қолданылған заттар толығымен құрғағанша, мысықты әрдайым осы құралдармен өңделген аймақтан алысырақ ұстаңыз. Егер осы құралдарды пайдалануға қатысты күмәніңіз болса, сіз үй жануарлары үшін қаншалықты қауіпсіз екенін сұрап, өндірушімен кеңесуіңізге болады. Бұл өнімдер көбінесе мысықтарда уланудың себебі болуы мүмкін, сондықтан оларды әрқашан қауіпсіз және сенімді жерде сақтаңыз.

Егер мысықтың аяғын қысып қалмасын немесе өзіне зиянды өнімдерден дәм татпасын десеңіз, егеуқұйрықтар мен тышқандарға арналған тұзақтар, құмырсқалар мен тарақандарға, ұлулар мен құрттарға арналған тұзақтар мысық бармайтын жерде болуы керек. Сонымен қатар, май, бензин және антифриз сияқты көлік құралдары үй жануарыңыздың қолы жетпейтін жерде сақталуы керек. Антифриздің ең аз дозасы (оның құрамына этилен гликоль  кіреді) улануға ғана емес, өлімге де әкелуі мүмкін.

Бақшаңызға назар аударған жөн, онда мысықтың денсаулығына зиян келтіретін өсімдіктер болады. Біздің тізімді қарап шығыңыз да, бақшаңыздың үй жануары үшін қаншалықты қауіпсіз екенін біліңіз.
 

Үй жануарлары үшін улы болуы мүмкін өсімдіктер / Мысықтарға улы болуы мүмкін өсімдіктер

Мысықтың назарын аудара алатын тұрмыстық заттар мен бақша керек-жарақтарынан басқа, бақшаңызда кездесетін улы өсімдіктер де бар. Егер бақшада осындай өсімдіктер болса, мысығыңызды мұқият қадағалаңыз және үй жануарыңызға қауіп төніп тұр деп шешсеңіз, оларды алып тастаңыз. Мұндай өсімдіктерге мыналар жатады:

  • Алоэ вера
  • Алма (тұқым)
  • Өрік (тұқымы)
  • Күзгі бозғалдақ
  • Шие (тұқымдары мен солғын жапырақтары)
  • Нәркес 
  • Пасха лалагүлдері
  • Бегония
  • Ағылшын шырмауығы, сумак, Ібілістің шырмауығы және шырмауықтың басқа түрлері
  • Оймақгүл
  • Қазтамақ 
  • Олеандр
  • Шығыс лалагүлі
  • Шабдалы (солғын жапырақтары мен тұқымдары)
  • Наурызгүл 
  • Рододендрон
  • Қызанақ (піспеген жемістері, сабақтары мен жапырақтары)
  • Тис 
  • Амараллис
  • Азалия
  • Стрелиция (жұмақ құсы)
  • Клематис
  • Цикламен
  • Эвкалипт
  • Үнді көксағыз өсімдігі
  • Меруертгүл 
  • Омело 
  • Беладонна
  • Пияз
  • Спатифиллум
  • Пуансеттия (уыттылығы аз)
  • Монстера
  • Ала лалагүл
  • Бенджамин фикусы

Қосымша ақпарат

Улар жөніндегі ветеринариялық ақпараттық қызмет (VPIS) — штаб-пәтері Лондонда орналасқан, әлемге әйгілі улы заттармен жұмыс істейтін ұйым. Оның мамандары тек ветеринарлардан (үй жануарларының қожайындарынан емес) тікелей сұраныстарды қабылдаса да, VPIS веб-сайтынан тиісті тақырып бойынша көптеген пайдалы және өзекті ақпарат таба аласыз.

Егер төрт аяқты досыңыз жұтып қойған кез келген ықтимал токсиндер немесе қауіпті тағамдар туралы қандай да бір алаңдаушылығыңыз болса, дереу тәжірибелі ветеринар дәрігермен кеңесіңіз!

Алдын алу қашанда емдегеннен жақсы. Әрине, үйдегі заттарды қадағаласаңыз, үй жануарыңыз қиындыққа тап болмайды.