> Вернуться ко всем вопросам
Ингредиенты
Үй жануарларына арналған азықтарға қанттың керегі не?
Станислав
Ғылыми қауымдастықтармен байланыс жөніндегі бөлім басшысы, Purina®
Ингредиенты
Перейти в раздел >

Глюкоза, фруктоза, лактоза, мальтоза және басқа да қанттар ақуыздармен және майлармен қатар кез келген тірі организм үшін маңызды элементтер болып табылатын көмірсулар тобы. Қазіргі таңда біз қанттың адам денсаулығына зияны туралы жиі еститінімізге қарамастан, мәселе үй жануарларына арналған азық туралы болғанда қанттың орташа мөлшері бірқатар маңызды қызметтерді атқара алады. Бұл табиғи органикалық зат көптеген жемістерде, көкөністерде және сүт өнімдерінде кездеседі. Аз мөлшерде қант үй жануарлары үшін энергия көзі болып табылады, азықтың дәмін жақсартады, сақтау кезеңінде өнімнің құрылымы мен жұмсақтығын сақтайды. Иттер мен мысықтардағы семіздіктің пайда болу қаупіне келетін болсақ, мұндағы негізгі фактор – бұл қант немесе басқа көмірсулар емес, барлық азық өнімдері топтарының калориясын шамадан тыс тұтыну.

Қант үй жануарларына арналған азықтарды өндіру кезінде қолданылатын көптеген жемістер мен көкөністерде кездеседі, мысалы: алма, асқабақ, сәбіз, тәтті картоп, қызанақ, бұршақ, асжапырақ және т. б.

Толық және теңдестірілген азықтарда көмірсулардың көп бөлігі картоп, дәнді дақыл және кейбір бұршақ дақылдарында кездесетін күрделі көмірсулар болып табылады. Қарапайым қант (сахароза, декстроза, фруктоза және т.б.) жалпы қолжетімді энергияның аз ғана пайызын құрайды.

Кейбір қанттар үй жануарларын азықтандыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы, глюкоза организм жасушалары үшін негізгі энергия көзі болып табылады, ал лактоза ерте даму сатысында шешуші рөл атқарады. Иттер де, мысықтар да азық құрамындағы тағамдық қантты қорытып, қолдана алады. Дайындау кезінде қант басқа ингредиенттермен үйлесіп, қуырылған еттің дәмі сияқты табиғи хош иістерді жасау үшін жиі қолданылады. Сондай-ақ қант өнімді сақтау мерзімін ұзартуға, құрылымы мен жұмсақтығын жақсартуға көмектеседі.

Үй жануарларына арналған азықтардың заттаңбаларында кездесетін «түрлі қанттар» деген термин сахароза, фруктоза, глюкоза және қанттың басқа түрлеріне қатысты санаттың сипаттамасы болып табылады. Тіпті, құрамында қанттың бір ғана түрі болса да, ол әрқашан көпше түрде қолданылады («қанттар»). Көптеген қожайындар азықтағы қант үй жануарларының семіздігіне әкелуі мүмкін деп қорқады. Шын мәнінде, иттер мен мысықтардағы семіздіктің негізгі қауіп факторларының бірі – калорияны шамадан тыс тұтыну. Грамм-граммен есептегенде, қанттың калориясы майларға немесе ақуыздарға қарағанда аз. Сонымен қатар, қант емес, артық салмақ, көбінесе иттер мен мысықтардағы қант диабетінің асқынуына себеп болады. Үй жануарыңыздың денсаулығына байланысты осы және басқа да проблемалардың алдын алу үшін оның организмінің оңтайлы күйін сақтаңыз, толыққанды емес және теңдестірілмеген азықтарды тұтынуды жалпы қабылдайтын калорияның 10%-ынан аспайтын деңгейде шектеңіз.