> Вернуться ко всем вопросам
Экологическая устойчивость
Қаптамаңыз қандай материалдардан дайындалған? Қаптаманың қоршаған ортаға тигізетін әсерін қалай төмендетесіз?
Оливье
Қаптамаларды әзірлеу жөніндегі маман, Purina®
Экологическая устойчивость
Перейти в раздел >

Азыққа арналған қаптаманы жасаудың негізгі қағидаттары

Сенімді қаптама материалдары тұтынушыларымызды үй жануарларына арналған қауіпсіз, сапалы азықтармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, сонымен қатар тамақ қалдықтарын азайтуға көмектеседі. Өнім түріне байланысты біз қаптаманы жасау кезінде әртүрлі материалдарды қолданамыз. Мысалы, құрғақ азық үшін қатырма қораптар мен қаптар, сондай-ақ пластик қаптар қолданылады. Сулы азықтар үшін алюминий мен пластиктен жасалған паучтар (сөмкелер) және алюминий қалбырлар қолданылады. Тәтті азықтарға арналған қаптама пластиктен жасалады. Біз үй жануарларына арналған азықтардың қаптамасын барынша ыңғайлы және экологиялық етуге тырысамыз. Ол үшін біз инновациялық шешімдерді енгіземіз және қоршаған ортаға тигізген әсерімізді төмендету және тұтынатын ресурстар санын қысқарту мақсатында серіктестермен ынтымақтасамыз.

Қаптамамыздың қоршаған ортаға әсерін азайту үшін біз қазіргі таңда бірқатар шаралар қабылдадық:

  • мүмкіндігінше аз ресурстарды пайдалану және сонымен бірге өнімдерімізді қорғауды қамтамасыз ету үшін қаптамамыздың құрамын оңтайландыру бойынша жұмыс жасаймыз. Атап айтқанда, пластик қабатының қалыңдығын азайта отырып, қаптаманың кейбір түрлерінің салмағын азайта алдық. Осылайша 500 тоннадан астам материал үнемдедік. Сонымен қатар, жаңа, оңтайлы жиналмалы құрылымның арқасында біз Gourmet желісінің азықтарына арналған қаптаманы өндіру кезінде қолданылатын қатырма мөлшерін 250 тоннаға азайттық;
  • 2025 жылға қарай біз шығаратын қаптаманың 100%-ын қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жарамды етуге ниеттіміз. Nestlé-нің бұл жаһандық міндеттемесі барлық Purina® өнімдеріне қатысты. Біздің кейбір азықтарымыз толығымен қайта өңделетін материалдарға қапталған, бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз;
  • қайталама қайта өңделетін материалдардың көлемін ұлғайту үшін жаңа тәсілдер жасау мақсатында әртүрлі ұйымдармен ынтымақтастық орнатамыз. Біз қаптаманың көп бөлігін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін аралық шешімдерді мүмкіндігінше тезірек анықтау үшін қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындармен белсенді жұмыс жасаймыз.